Көктем мерекесіндегі шығыс ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем мерекесіндегі шығыс ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері және ән-күй жетекшілеріне арналған көктем мерекесіндегі сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Көктем мерекесіндегі шығыс ертегісі»

Ортаға әуенмен жүргізуші шығады.

Жүрг ізуші:

Сәлеметсіздер ме,Құрметті қонақтар, аяулы аналар, апалар! Көктемнің алғашқы мейрамы «8 наурыз»аналар мерекесі құтты болсын!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер!

Бүгінгі «Саулетай»ересектер тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер!Олай болса, тобымыздың бүлдіршіндерін қарсы алайық!

Балалар залға кіреді

Жүргізуші: Қош келдіңдер балалар!Қандай әдемісіндер!Балалар біз қандай мерекеге жиналдық?Дұрыс айтасыңдар,бүгін аяулы аналарымыздың,ардақты әжелеріміздің,сұлу қыздарымыздың мерекесі!Олай болса,аналарымызға арнап әдемі әнімізді айтып берейік!

Ән: «Анашым-ау,мамашым -ау»

Әуен ойнап ортаға Падишах кіреді.

Падишах :Бұл жерде не болып жатыр?Бәрі көңілді,ән салып би билеп қандай мереке болып жатыр? Мерекені тоқтатыңдар менсіз ешқандай мереке өтпеген.Менің ұйқым келіп,қарным ашып тұр

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Падишах ? Неге көңіл –күйіңіз жоқ?Біз мерекені тоқтата алмаймыз, 8-Наурыз аналар күніне біздің балаларымыздың дайындаған әндері,билері бар

Падишах: 8-Наурыз Аналар күні мерекесі дейсіңдер ме?Менің мереке күндері жазылған кітабымды қарап көрейін (кітаптің беттерін ашып көреді)Ондай мереке менің кітабымда жазылмаған

Менің кеңесімді тыңдасандар бұл жерде ешқандай қызық жоқ,үйлеріне қайтындар.Әйтпесе мен сиқырлы моншақтарым арқылы бұл жерді сиқырлап тастаймын!Сендердің дайындаған ән-билеріңді бәрін сиқыр арқылы ұмыттырамын (Әрі-бері теңселіп сиқырлы моншағын тарта бастайды)

Жүргізуші: Балалар енді не істейміз?Бізге тек ғана сиқыр көмектеседі

Әуен ойнап ортаға Шахризада кіреді.

Жүргізуші: Бұл бейтаныс сұлу кім екен,балалар?

Шахризада: Мен- мың бір түн ертегісіндегі Шахризадамын!Менен біреу көмек сұрап осында шақырды .....

Жүргізуші: Ия,бізге сіздің көмегіңіз қажет

Шахризада (ойланып): Қандай көмегім қажет?Мен сендерге көмектесуге дайынмын

Жүргізуші: О,Шахризада не болғаның білмеймін,біз балалармен мерекені тойлауға жиналдық,кенет Падишах келіп мерекені тоқтатуды бұйырып өзінің сиқырлы моншақтарымен сиқырлай бастады!Балалардың көңіл-күйлері бұзылды.Енді не істесек болады?

Шахризада:Балалар сендердің көңіл-күйлерін түспесін!Сендер ғажайып ертегі әлеміне тап болдыңдар.Мен сендерге көмектесемін.Бұл әлемде ертегілердің түрлері көп.Мен қазір сендерге ертегі айтып беремін

Падишах: Олай болса,ертегіні тамашалайық

Би:«Шығыс биі»


Әуен ойнап ортаға Көктем кіреді.



Көктем: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар, балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын..

Жүргізуші: Сәлеметсізбе,көктем ханшайымы! Сізді балалар асыға күтті сізге және аналарына арнап тақпақтар дайындады!

Мариям

Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

Елхан

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Алихан

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін

Айару

Ақ анашым, аппағым,

Өзін жайлы тақпағым.

Өзін жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрінде.

Сезім

Маленький букетик

Маме подарю

Я ее ,хорошую,

Больше всех люблю!

Көктем: Жарайсыңдар маған тақпақтарын ұнады!

Жүргізуші: Біздің балаларымыз өте өнерлі,мерекеге дайындаған билерін тамашалағыздар!

Би: «Гүлдер» (Зонтикпен жұп)

Шахризада:Өте тамаша.Бұл би менің көңілімді көтерді.Қандай әдемі би

Падишах : Балалар, мерекені жалғастыра беріңдер.Өте көңілді,маған мереке ұнап жатыр

Жүргізуші: Біздің балалар әндіде жақсы айтады.Аналарына арнап ән дайындаған

Ән «Әдемі»

Падишах:Ой, қандай тамаша ән....

Шахризада: Падишах , сізге ертегі ұнап жатыр ма?

Жасмин: Ертегі өте тамаша. Әнде болды,би болды енді қызықты ойын болса.

Жүргізуші:Олай болса,Аналарымызды ойынға шақырайық

Ойын: «Ата-аналармен»

Жүргізуші:Аналарымызға рахмет, өте қызықты ойын болды.Біздің балаларымыздың өңері таусылар емес ендігі кезекті биге берейік.

Би: «Сұлу қыз»

Падишах:Ой, қандай тамаша....


Жүргізуші:Ия,балалар өңер көрсетіп шаршаған сияқты.

Ойын балалармен

Жүргізуші: Рахмет. Жарайсыңдар.

Шахризада: Балалар өте өңерлісіңдер!Бүгінгі мереке керемет өтіп жатыр.Тағы қандай өнерлерін бар?

Жүргізуші: Балаларымыздың дайындаған тағы бір көңілді билеріне кезек берейік

Би: «Құдаша қыз»

Падишах: Қандай керемет көп рахмет.

Жүргізуші: Біздің балаларымыз тек қазақ тілінде емес ағылшын тіліндеде ән салады

Ән: «Ағылшынша»

Шахризада: Бәрекелді,балалар менің ертегіме өатысып өнерлерінді көрсеткендеріне көп рахмет! Падишах сізге ертегі ұнады ма?

Падишах:Ия,маған ертегі өте қатты ұнады балалар өте өнерлі екен

Мен енді осы мерекені өзімнің мерекелер тізімі жазылған кітапшама қосып қоямын

Көктем : Менің осында отырған әдемі қыздарымада сыйлығым бар. Мінекей.....

Жүргізуші: Қандай керемет (Балаларға көрсетеді)

Падишах: Балалар өнерлеріне тәнті болдым. Мереке өте керемет болды.

Біз енді мерекені сарайымызға барып тойлайық

(Кейіпкерлер шығып кетеді.)

Жүргізуші: Балалар сендерге ертегі ұнадыма? Осымен ертегіміз аяқталды.

Алғыс айтады. Қоштасады.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2024
142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі