400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем мезгілі

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып т2
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:


Сабақтың атауы

Көктем мезгілі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Көктем туралы алған білімдерін жинақтай отырып, сөйлеу әрекетін дамыту,сөздік қорларын молайту.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету..


Оқыту  нәтижесі

жаңа сөздермен танысу, мәтін ішінен сын есімді таба білуді үйрену; ауызекі сөйлеу тілді дамыту; адами қасиетке тәрбиелеу;.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым, 
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. 
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, 
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою

Қызығушылықты ояту

  • - Балалар, мен сендерге жұмбақ айтамын, ал сендер шешуін табыңдар.

Қар еріп су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып жылиды

Бұл қай кезде болады?

( Көктемде )

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл көктемде болады. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :

Көктем.

Грамматикалық тақырып:Етістіктің шақтары

  • Көктем дегенде сендердің ойларыңа не келеді ?

  • Балалар өз ойларын айтады.


Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1)Көктем туралы алған білімдерімізді жинақтай отырып ойымызды жүйелеп айту.

2)Сөйлеу әрекетімізді дамыту.

3)Сөздік қорын молайту.

4)Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру

–   Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – Саяхат сабағы.

–   Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек ?

–    Карта.

–    Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып

беремін.

.Әңгімелесу тобы (сұрақ – жауап)

  • Мен қазір сұрақ қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.

  • Қазір қандай мезгіл ?

  • Көктем айлары қандай ?

  • Көктемде ауа райы қандай болады ?

  • Бүгін ауа райы қандай ?

  • Құстар қайдан ұшып келеді ?

  • Көктемнің бірінші гүлі қандай гүл ?

  • Көктемде қандай мерекелер бар ?


Ой толғаныс

Миға шабуыл.

- Айлардың шығу тарихы (топпен жұмыс)

  • Балалар, әр айдың өзінің шығу тарихы бар. Көктем айларының тарихы нені білдіреді ?

  • Наурыз – көктемнің бірінші айы. Парсыша «нау»-жаңа, «руз»-жыл деген сөзді білдіреді. Оны халық « Ұлыстың ұлы күні » дейді, құрметтейді.

Сәуір – көктемнің екінші айы. Бұл айда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. «Сәуір болмай, тәуір болмас » деген мақал бар.

Мамыр – көктемнің үшінші айы. Бұл айда құстар ұя салып, балапан

шығарады. Мамыр тоқшылық деген ұғымды білдіреді.

Міндеті:сөздік қорын байыту сөйлеу әрекетін дамыту.

.Сөздік алқабы:

1)Жаңа сөздер:отырғызу, өсіру, жеміс ағаштары, ағаш, жер жырту, сенбілік, егін ,

егу.

2)Өтілген сөздердің мағыналарын түсіндіру.

3)Дұрыс айтуға дағдыландыру.

  • Дауыстап мәнерлеп оқу.

  • Тізбектеп оқу.

  • Сөз тіркесін құрастыру.

Сөйлем құрастыру.

Мен кеше ағаш отырғыздым.

Сенбі күні біз сенбілікке шығамыз.

Тракторшы жер жыртып жүр.

Алтыншы дидактикалық кезең.

Міндеті:топпен жұмыс жасай білуге баулу,берілген тақырып бойынша әңгімелей білуге жаттықтыру.

4.Сөйлем көлі. Сурет бойынша әңгіме.(топпен жұмыс)

  • Көктемгі айлар.

  • Жыл мезгілдері.

  • Көктемгі жұмыс.



Үй тапсырмасы


Күнделіктеріне жазады


Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі