Көктем мезгілінің ерекшелігін"Қызықты әріптер әлемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем мезгілінің ерекшелігін"Қызықты әріптер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіл ақыл-ой бұзылысы бар балаларға, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған. Оқушыны оқуға бейімдей отырып, зейінін тұрақтандыру . Сабақта әр- түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып оқушыны сабаққа ынталандыру , білімін дамыту ....
Материалдың қысқаша нұсқасы




«М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Жеке сабақ

Дефектолог:Паримбекова Назгул



2024-2025оқу жылы
































« Тексерілді»

кабинет әдіскері

____________А.Пірімханқызы

«______» «______» 2025 ж


«М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Инклюзивті қолдау ресурстық кабинеті

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Көктем мезгілінің ерекшеліктері «Қызықты әріптер әлемі» (сабақтың тақырыбы)


Бөлім:

Дефектолог

Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты

Паримбекова Назгүл

Күні:

5.03.2025 ж.

Сынып: 5

Қатысушылар саны:2

Қатыспағандар саны:0

Оқушының аты-жөні

Тұрсынбай Айзере, Алдабергенов Бехруз

Сабақтың тақырыбы

Көктем мезгілінің ерекшеліктері «Қызықты әріптер әлемі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Оқушыларға көктем мезгілі туралы ой-өрісін дамыту түстерді ажыратып, көктем мезгілінің табиғатын әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту.

Әріптердің дыбысталуын ажырату. Дауысты, дауыссыз дыбыстарының көк-қызыл түске боялатынын танып білу. Дауысты дыбыспен дауыссыз дыбыстың үйіліп буын құрайтынын түсіндіру.


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Көрнекіліктер

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

-Оқу құралдарын түгендеу

Сабақ реттілігін түсіндіріп, сабақ барысын балаға түсіндіру

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысамыз!

Сабақ реттілігін біткен-біткен уақытында жауып отыруды түсіндіреміз.

Балалар бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті. Қонақ апайларға сендердің білімді, ақылды, өнерлі бала екендеріңді естіп келген екен.

Қане балалар сабақта мұқият отырып, мені тыңдап, сұрақтарға толық анық жауап беріңдер.

Оқушы мұғаліммен амандасады.

Оқу құралдарын түгендейді.

Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Ауызша мадақтама айту:

Жарайсың!

Тамаша!

Сенің қолыңнан келеді!

Керемет!







Жұмысдәптері, қалам,

түрлі-түстіқарындаш, оқулықтар.


Сөйлеу ережесі



Мақсаты: Баланың сөйлеу алуын реттей отырып сөйлеу тіліне әсер ету. Әріптерді нық әрі нақты шығуына көмек беру.

Мұғалім жаттығулар ретін көрсетеді, оқушы мұғалімге қарап қатесіз жасайды.

Оқушы мұғалімнің іс әрекетін қайталайды.


мадақтамалар

сабақты аяқтаған уақытта сабақ реттілігінен сөйлеу ережесін

бөлімін жапқызамыз.


Дидактикалық ертегі

4 мин

Дидактиалық ертегі.

Мақсаты: балаға артикуляциялық жаттығуды жасата отырып баланың сөйлеу тілін және ойлау қабілетін дамытамыз. Баланың ауыз қуысындағы әр бір нүктесіне әсер ете отырып жақ бұлшық еттерін дамытамыз.

Мен сендерге ертегі айтып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар.

Ертеде бір үйшік болыпты. Ол үйшік шетелде емес, ешқандай жерде емес. Ол біздің аузымызда орналасыпты.

-Үйшіктің төбесі, яғни шатыры біздің таңдайымыз. Тілді көтеріп таңдайға тигізіп көр.

-Үйшіктің едені ауыздың төменгі бөлікте орналасқан.

-Ерініміз үйшіктің есігі. Ерінді ашып, жауып көріңдерші. Есік емей енді не, нағыз есіктің өзі.

-Есіктің аузы бекем болу үшін, сүйектен жасалған қақпасы бар. Тістеріңді бір-біріне тигізіп тістеніп көріңдерші.

-Ауыздың ішкі бөлігінде Айдаһар бар. Ол айдаһар сондай ашулы екен.

-Сол айдаһар кейбір дыбыстарды еркін шығарып жібереді.








Оқушы мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды.


Ауызша мадақтама айту:

Жарайсың!

Тамаша!

Сабақты аяқтаған уақытта сабақ реттілігінен артикуляция бөлімін жапқызамыз.




Дыбыстар ойынын ойнағыларың келе ме?


-Еркін шығатын дыбыстар:

А, О, У, И, Ы осы дыбыстар үнемі қызыл көйлек киеді.

-Ал кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар:

М, Т, Б, Қ, Л, Ш

Бұл дыбыстар көк көйлек киіп шығады

Ертегі сендерге түсінікті болды ма?

О, Ө, У, И, Ы

Балалар қызыл көйлек киетін дыбыстарды Дауысты дыбыстар деп айтамыз.

Көк түсті дыбыстарды, М, Т, Б, С, Л, Ш, - Дауыссыз дыбыстар деп айтамыз.

Мен дауысты дыбысты айтқанда сендер қызыл түсті карточканы көрсетесіңдер. Мен дауыссыз дыбысты айтқанда сендер көк түсті карточканы көрсетесіңдер.


А, О, Ө, У, И, Ы


М, Т, Ш, Б, Л, С





Оқушылар шатасқан жағдайда карточканы дұрыс көтеру керегін көрсетіп тұру маңызды.




Оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату үшін қызыл көк карточкаларды ұстайды.


Оқушыны әрбір әрекеті үшін мадақтау.

Сабаққа

Деген қызығушылығын ояту.


Жаңа сабақ

1 тапсырма



Жаңа сабақ Мұғалім тақырып бойынша жаңа ақпаратпен таныстырады «Қызықты әріптер әлеміне» қош келдіңдер.


Қазақ тілінде неше әріп бар?


Баспа түріндегі әріптеріміз жерге шашылып қалыпты.

Бехруз көк түсті дауыссыз және Айзере қызыл түсті дауысты дыбыстарды жинап орнына қойайық. Кім жылдам жинаса,соған көңілді смайлк беріледі.


Мұғалім: Жарайсың! Өте жақсы!


Тақтада әріптерді жазба және баспа түрі бөлек тұрады.

мадақтамалар айтамыз

сабақ реттілігінен Жаңа сабақтың тапсырмасын орындалады

.

2 тапсырма


Келесі тапсырма бізде «Дыбыстарды достастыру».


Айзере және Бехруз қане келесі тапсырмамызға өтейік. Дауысты дыбыстарды еркін су бетінде жүзіп жүр,оларға біз бару үшін өзімізге қағаздан әдемі қайық жасап алайық.


Берілген әріптер : А ,О, Ы, И дауысты дыбыстарына М дауыссыз дыбыст қосып оқимыз.




Балалар қағаздан қайық жасайды.


Мадақтау. Сабақ реттілігінен жаңа сабақтың 2ші тапсырмасын орындаймыз .

Жаңа технология Лед-экранды пайдаланамыз.


Сергіту сәті


Айзере,Бехруз орнымыздан тұрып көңілді музыкамен әріптерімізді билетіп аламыз.

А-АЮ қорбандаған аюдың қимылы.

Т-ТҮЛКІ биін билейміз.

Қ-Қарлығаш биін билейміз.

Б-балық биін билейміз.

Оқушы мұғалімнің артынан қайталайды.

мадақтау. Сабақ реттілігінен сергіту сәтін жапқызамыз .


ЛЕД – экранды .

3-тапсырма

Дәптермен жұмыс


Келесі тапсырма «Сөздерді буынға бөліп жазу»


Қәне,Айзере, Бехруз демалып болсақ ары қарай сабағымызды жалғастырайық. 3-ші тапсырма бізде сөздерді буынға бөліп жазу деп аталады. Өзі аты айтып тұрғандай қазір Бақа сөзі неше буынға бөлінеді. Ба-қа, ба-лық,да-ла,май-мыл.

Лед экранға буынға бөлінген сөздерді көрсету.Балалар қайталату арқылы дәптерге жазу.

Смайлкпен бағалау

Жаңа технология Лед-экранды пайдаланамыз.


Үй тапсырмасын беру

Үйге «Буынға берілген сөздерді оқып келу»




Қорытынды «Көктем ханшайымы»


Ал,балалар бізге көктем ханшайымы келіп қалды.

Көктем ханшайымның сөзі: Сәлеметсіңдерме балалар.Сендер қандай ақылды балаларсындар,берілген тапсырманы әдемі орындап жатырсындар,мен барлығын сезіп білемін. Олай болса сендерге сұрақ қою арқылы бүгінгі білгендерінді тексріп көрейін.

Сұрақ жауап әдісі арқылы көктем ханшайымы сабақты бекітеді.

-Сендер қандай дыбыстармен таныстындар?

-Дауысты дыбстарды атап беріңдерші?

-Дауыссыз дыбыстарды да атап беріңдерші?

-Кандай мезгілмін мен?

Жарайсындар балалар!

Мұғалім: Көктем ханшайымы сізге алғыс білдіремін.Сабақ соңында үлгеріп келгеніңізге көп ракмет.









Оқушы сабақтан не білгенің есіңе түсіреді. Сабақтаналғанәсеріменбөліседі.

Мадақтаулар

сабақ реттілігінен қорытындылау бөлімін жапқызамыз.

Көктем ханшайымыбалаларға және қонақтарға сыйларын тарқатады..

Соңы кері байланыс


Өздеріңізге қажетті бір дүние бере алдым деп үміттенемін. Назарларыңызға рахмет!

Балалар өз пікірлерін қалдырады.

Мұғалімдерге жане оқушыма алғыс.

Қолдан жасалған көрнекілік.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2025
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі