400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Көктем өрнегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге керек Сабақта қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің

жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Әбілханова Сая Жұмагелдіқызы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Көктем өрнегі»

Мақсаты: «Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу»

Тәрбиеші: Балалар бізде бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келді, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше боламыз

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздерме деп

Амандасып аламыз

Тәрбиеші: Балалар сендерге жұмбақ жасырайыншы

Күн ұзарып қар еріп

Су сайларға толады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар бұл көктем мезгілі ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Көктем » болмақ.

Көктем мезгілінде балалар көп өзгерістер болады

Қар еріп , күн жылынып, жылғалардан су ағады, бұтақтар бүр жарып, жер көктейді, кейбір аңдар ұйқыдан оянады,малдар төлдейді, құстар ұшып келеді құстар ұя салады және жұмыртқалайды. Көктем тамаша жыл мезгілі.

Ғажайып сәт: Құс ұшып келеді

Мен шағаламын. Осында ұшып келдім осында ұя саламыз. Сендер бізге ұя салуға көмектесесіңдерме? Әрине. Балалар сендер біз туралы тақпақ білесіңдерме?

Бекарыс: Келді көктем жағаға

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар

Ауылымды арала

Шынар: Көктем көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз

Нұрсая: Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып

Күннің көзі көрінді

Ендеше балалар құстарға арнап ұя жасап берейік. Ұя жапсыру

Ұямызды шағалаға сыйлау

Шағала: Рахмет балалар Сау болыңдар

Сергіту сәті: Көктем келді шуақты

Балаларды қуантты

Алақай ау алақай

Құстар сайрап бақтар жайнап гүл атты

Дала гүлге толыпты

Аққу көлге қоныпты

Алақай ау алақай

Көктем қандай, көктем қандай көрікті

Қорытынды:

-Балалар қазір қандай мезгіл?

-Көктем

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Қар ериді

-Құстар келеді

-Ағаштар бүршік жарады

Ойын: «Құс мекені»

Балалар үй құстарымен дала құстарын топтастырады

Балалар сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға жауап бердіңдер, ұяны адемі жапсырдыңдар, тақпақ айттыңдар мен сендерге сондай риза болдым сондықтан сендерге жұлдызша беремін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі