Сабақ тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем
Сабақ
мақсаты:
Білімділігі:оқушылар ақын Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығына
шолу жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мәнін
ұғындыру.
Дамытушылығы:оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын
ояту,есте сақтауды,өз беттерімен ойлау, тіл байлығын
дамыту.
Тәрбиелігі:табиғатты аялай білуге, таным белсенділігін, шығармашылық
қабілетін арттыру ұйымшылдыққа, бірлікке
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:СТО,сұрақ-жауап,топпен,
шығармашылық,топтастыру
Көрнекілігі:ноутбук,көктем мезгіліне байланысты
суреттер,оқулық,семантикалық карта.
Сабақтың
барысы:І. Ұйымдастыру
кезеңі.
а) психологиялық сәт.
Шеңбер құрып оқушының атын атап ,оған мақтау сөз
қосу.Мысалы:Айдана -ақылды қыз,Тілеулес-темірдей салмақты.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, қазір сендерді топқа бөлініп алайық.Ол үшін мендегі
гүлдерді таңдайық.Топ атын қойыңдар.
1 - топ. – «Бәйшешек».
2 – топ. – «Жауқазын».
3 – топ. – «Қызғалдақ».
Әрбір топ өз гүлдері туралы
мәлімет беру .
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау:
1 - топ. – «Бәйшешек». Тұманбай Молдағалиев туралы тірек-сызбаны
толтырып,әңгімелеу.
2 – топ. – «Жауқазын». Гүлдер өлеңін мәнерлеп оқып беру.
3 – топ. – «Қызғалдақ». Тұманбай Молдағалиевтың қандай шығармалары
өлеңдері бар еді?
-Гүлдер қай мезгілде шығады?
-Көктем
хабаршысы.(қызғалдақ,бәйшешек)
-Көктем мезгілі келгенде қандай өзгерістер
болады?
ІІІ.Топтастыру.
Көктем
Көк шығады
Сай саладан
су ағады
Ағаштар бүршік атады
Күн жылынады Мал төлдейді Құстар
келеді
-Көктем мезгіліндегі айларды
атайықшы?
ІV.Жаңа сабақ.Топтық жұмыс
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен
танысу.Ноутбуктен Қасым Аманжоловтың өмірі туралы көрсету.
1 - топ. – «Бәйшешек». Қасым Аманжоловтың өмірі туралы
тірек-сызбаны толтырып,әңгімелеу.
2 – топ. – «Жауқазын». Қасым Аманжоловтың шығармалары.
3 – топ. – «Қызғалдақ». Қасым Аманжоловтың аудармалары мен өлеңдері
.
Қасым Аманжолвов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының
баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге
келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс
болады. Оны анасы Айғанша 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте,
1927 - 1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1931
жылы Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға
түседі. Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы
«Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істейді. 1933 жылы Алғашқы
өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Армия
қатарына шақырылып, Орал қаласында әскери бөлімде қызмет атқарады.
1935 жылы Алматыға қайтып келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады.
Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны ашылып шығармашылықпен
айналысады. Көп оқымаса да зеректігінің арқасында
қазақша да, орысша да бірдей жазады. Аманжолов ақындығының үстіне
композитор да. Оның «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты
өлеңдерінің сөзі де, музыкасы да өзінікі. Майданнан еліне оралған
ақын сүйген қызы Дарианы іздейді. Соғыстан қайтып келгеннен кейін
қатты ауырып содан айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан»,
«Сауыншы жеңгей» деген өлеңдерінде еңбек адамдарын биікке көтере
жырлайды.
V. Оқулықпен жұмыс.
1-топ.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2-топ.Өлең шумақтарының мазмұнын ашу
3-топ.Өлеңдегі көркем сөздерді табу.
Мысалы, нәзік үн, бұйра бұлақ.
VІ .Сергіту
сәті.Құстардың сайрауын
тыңдату
VІІ. Дәптермен
жұмыс:шығармашылық
тапсырма
Музыка ойнап тұрады.
1 - топ. Көктем туралы эссе жазу.
2 - топ. Көктем жайлы 5 жол өлең құрастыру.
3 - топ. Авторға хат жазу.
VІІІ.Суретпен жұмыс.(аңдардың,гүлдерді,адамдарды плакатқа
жапсыру)
Өлең айту хормен.
ІХ.Семантикалық
карта.
|
|
Ақын
|
Қарқаралы
|
Көктем
|
Рақымжан
|
Айғанша
|
|
Қасым Аманжолов
кім?
|
|
|
|
|
|
|
Қасым
Аманжоловтың
қай өлеңін
өттік?
|
|
|
|
|
|
|
Қасым Аманжоловтың туған
жері
|
|
|
|
|
|
|
Қасымның әкесінің
аты
|
|
|
|
|
|
|
Қасымның шешесінің аты
?
|
|
|
|
|
|
Сабақты қорыту:
-Біз қандай өлеңмен таныстық?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Көктем туралы мақал-мәтелдер
айту.
Рефлексия:Сабақ сендерге ұнады ма?Ұнаса қолдарыңдағы стикерге өз
ойыңды жазып жабыстыр.
Үйге тапсырма беріледі.
Оқушыларды бағалау.