400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем сәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ деңгейлік тапсырмалармен жас мамандарға пайдасын тигізеді. Мұнда 4 сыныпқа әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы

Талас ауданы

Қаратау қаласы

А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сейітқасымова Балжан Аманбекқызы

Пәні: Әдебиеттік оқу

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні


Мақсаты

Мәтінді оқып, жазушының көктем мезгілінде болатын табиғаттың әсем көрінісін суреттеуіне қарап, ерекшелігін сезінуге ықпал жасау.



Міндеттері

1.Қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге қызығушылығын арттыру.

2.Талдау арқылы туған жер табиғатын тануға, әдемілігін сезінуге жағдай туғызу.

3.Мәтін мазмұнын жүйелеп әңгімелеуге, аңдар жауабын талдауға, сыни көзқарасын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.



Әдістемелік құралдар

3-сынып әдебиеттік оқулығы, әдістемелік құралы, флипчарт, плакат, интерактивті тақта, смайлик, стикерлер, фломастерлер,дәптер



Сабақтың типі

Жаңа білім беру



Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ



Әдіс-тәсілдер

1.Психологиялық дайындық «Атомдар мен молекулалар» 2. «5 жолды өлең» 3. «Түсті қағаздар» 4. Топпен жұмыс 5. «Он сұрақ» 6. «Топтастыру»



Күтілетін нәтиже

Мазмұнын әңгімелейді. Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Топпен жұмыста өз ойын іске асырады, берілген ойды талдайды, жұмысын қорғайды, ұйымшылдыққа үйренеді.



Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І

Білім

5 мин

«Атомдар мен молекулалар», топқа бөлу, өткен материалмен жұмыс, өлеңді мәнерлеп жатқа оқу, «5 жолды өлең», сұрақ-жауап, -Көктемнің қандай белгілері айтылған? Көктем шықты; Ауыл жайлауға көшті; бөлімі бойынша әңгімелеу ұсынылады.

Оқушылар атомдар мен молекулаларға бөлінеді. Жазғытұрым өлеңін жатқа оқиды. Құрастырып келген өлеңдерін оқиды. Топтарға бөлінеді. Сұрақтарға жауап береді. Негізгі ойға қорытынды жасайды. Бөлімдер бойынша әңгімелейді.

ІІ

Түсінік

8 мин

Жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру: Көктем –сөзіне топтастыру жасау ұсынылады. – Бүгін сабақта «Көктем сәні» ертегісімен танысамыз. Мәтін мәнерлеп оқылады.

Оқушылар «Көктем» сөзіне топтастыпу жасайды. Әр оқушы өз ойын айтады. Мәтінді тыңдайды.


ІІІ

Қолдану

10 мин

Мәтінді рөлге бөліп оқу ұсынылады. Интерактивті тақтадан көктем сәніне байланысты суреттер көрсетіледі. Әр аңның жауабын талдау ұсынылады.

Гүл. Нөсер. Еңбек. Мөлдір су.


Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Интерактивті тақтадан суреттер тамашалайды. Әр аңның жауабын талдайды.

ІҮ

Талдау

15 мин

«Он сұрақ» әдісі бойынша әр топ бір-біріне сұрақтар қояды. Әр топқа флипчарт таратылады. Ертегідегі аңдарға мінездеме беру ұсынылады.

1.Көктемде жан-жануарлар қайтеді?

2.Арыстан қандай жарлық берді?

3.Арыстан аңдарға қандай сұрақ берді?

4.Көктем сәні туралы аңдар не айтысты?

5.Көктемнің сәні не екен?

6.Өзің көктемнің сәні деп нені түсінесің?

Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарды топта кеңесіп, жауап береді. Әр топ постер толтырып, бір мүшесі ортаға шығып қорғайды. Әр топтан бір оқушы өзіне ұнаған аңға мінездеме береді.

Ү

Жинақтау

5 мин

Көктем сәні - сөзіне топтастыру жасау ұсынылады. Алған білімдерін жинақтау. Көктем сәні неден? Саған қай аңның жауабы ұнады? Плакатқа жазады.

Оқушылар «Көктем сәні» сөзіне өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді.

ҮІ

Бағалау

2 мин

Оқушыларға бүгін сабақтан алған әсері жайлы сұрайды. Стикерлер таратады. Тақтаға смайликке стикер жапсыру ұсынылады.

Оқушылар сабақтан алған әсері жайлы стикерге жазып, көңілді немесе көңілсіз смайликтер тұсына жапсыру арқылы өздерін бағалайды.


Қосымша

Мәтінді түсініп оқу. Жауабы өзіне ұнаған аңның суретін салу.








А.С.Пушкин атындағы орта мектебі








Интерактивті ашық сабақ






Тақырыбы: Көктем сәні









Мұғалім: Сейітқасымова Балжан Аманбекқызы



















Қаратау қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі