жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көктем сәні (ертегі)
|
Пәннің аты: Әдебиеттік оқу |
Уақыты:7.02.18ж |
Кабинет:212 |
Мұғалім:Жумабаева Т. |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Көктем сәнi (Ертегi) |
||||||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақта әдіс-тәсілдер |
*Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң - құстардың тыныс - тіршілігімен, түрлерімен таныстыру.
* Жыл мезгілдері
туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір -
бірімен байланысты екенін аңғарту. Оқушылар ертегіні оқып, мазмұнын ашады, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен танысады, топтық жұмыс жасап, рөлдік ойындар көрсетеді. диалог, «Кездейсоқ оқушы»әдісі, «Күн шуағы»әдісі, «Оқиық, көрсетейік, бөлісейік» әдісі,топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап,суреттеу |
||||||
|
Оқуда қолданылатын модульдер Негізгі деректер,ресурстар |
СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, өзін-өзі бағалау, көшбасшылық, дарынды оқушылармен жұмыс Негізгі деректер, ресурстар: интербелсенді тақта, Power paint, оқулық, кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, бор, стикерлер, плакат, маркер, түрлі-түсті қарындаштар,аңдар суреті |
||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Негізгі деректер, ресурстар |
|||
|
Ұйымдас-тыру кезеңі |
5 мин |
1.«Шаттық шеңбері» жаттығуы. (Оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір-біріне деген жылы сөздерін айту арқылы достықтарын арттыру үшін шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу) Топқа бөлу. «Рухани жаңғыру» дегенді қалай түсінесіңдер? Бағалау критерийімен таныстыру (топтарға бағдаршамның көздері таратылып, сол бойынша әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалап отырады) |
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Алдымен бір-бірімізбен амандасып алған соң, жанымызда тұрған досына, сыныптасына жылы сөздер айтады. Армысың жаңа күн, Армысың жан досым. Жылуыңа жылу қос, Міне менің қолым. |
Интербелсенді тақта Интербелсенді тақта, бағдаршамның көздері |
|||
|
Өткен білімді тиянақтау Қызығушы- лықты ояту |
7 мин |
1.«Кездейсоқ оқушы» әдісі арқылы оқушылардың үй тапсырмасының орындалуын тексеру. 1).Абайдың «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу 2).І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту 3). «Автор орындығы» стратегиясы (өлең мазмұны бойынша жазған эсселерін оқыту). 4). «Галереяға саяхат » стратегиясы (өлең мазмұнына сай салған суреттерін тамашалап,бағалау). 2. «Сұрақтар бұрқасыны» жаттығуы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты сұрақтар беру |
Балмұздақ таяқшасы арқылы оқушы таңдап үй тапсырманың орындалуының ретін анықтайды (интербелсенді тақтада әр топтың тапсырмасы беріледі) жауаптарын смайликпен бағалайды Интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жылдамдатып жауап береді. |
Интербелсенді тақта, дәптер, суреттер, смайликтер Интербелсенді тақта, сұрақтар |
|||
|
Мағынаны тану |
5 мин |
1.«Ерте, ерте, ертеде» жаттығуы арқылы өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (интербелсенді тақтада бейне баянды тамашалау) Әр топ өз ойларын ортаға салып, топтасып , ортаға салады.
Дәптермен жұмыс |
Оқушылар интербелсенді тақтада, сонымен қатар әр топқа берілген суреттер арқылы ертегі дегеніміз не? қандай түрлері бар екендігі туралы еске түсіреді.Топтасып, ойларынмен өзара бөліседі. Әр топтың жауабын смайликпен бағалап отырады. |
Интербелсенді тақта, суреттер, қима қағаздар, бағдаршам көздері |
|||
|
Сергіту сәті |
2мин |
1.Жұмбақ шешу Төбесінде қу бұтақ Алар екен кім бұтап? 2.Екі жеңдей құлағы, Дыбыс сезіп тұрады. 3.Мұрны насос,кран да, Таң қаламын бұл аңға. |
Жауабына қимыл іс-әрекеттерімен көрсетеді. |
Интербелсенді тақта, суреттер, өлең |
|||
|
Ой қозғау Ой толғаныс |
20 мин |
1.« Оқиық, көрсетейік, бөлісейік»әдісі Топтық жұмыс (интербелсенді тақтада ертегіге байланысты әр топқа тапсырмалар беріледі) 1)Ертегіні рөлге бөліп оқу керек; 2)Ертегіні сахналап көрсету керек; 3)Ертегідегі Қызыл кітапқа енген жан-жануарлардың сөзін тауып оқу. 4)Ертегі желісі бойынша сурет салу керек; 3.«Күн шуағы »әдісі (оқушылар түрлі түсті қағазда көктем сәні не екенін толтырады. өзара кері байланыспен бағалайды) -Бүгін қандай шығармамен таныстық? -Қандай жанрдағы шығарма? -Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? |
Топтарға берілген өрнектерді жазып, қосындаларды санға бөлу ережесін пайдаланып, мәндерін қалай тапқандарын әр топтан оқушылар шығып айтады. Әр оқушы стикерге өздері жазып толтырады. Өзара от шашумен бағалайды. Оқушылар өз пікірлерін айтады. |
Интербелсенді тақта, қима қағаздар, плакат, маркер, смайлик Түрлі-түсті қағаздар,стикер тақта, плакат |
|||
|
Бағалау Рефлекция |
6 мин |
«Өзін –өзі бағалау» (оқушылар өздері жинақтаған смайликтерін арқылы бағалау) «Рефлексия» жүргізу. (оқушыларға интербелсенді тақтада, алдарына таратылған парақшаларға бүгінгі сабақтың ұнаған, ұнамағанын , сабақ соңындағы көңіл-күйін білу мақсатында алынады ) |
Интербелсенді тақтада үлгісі көрсетіліп, алдарына әр оқушыға парақшалар таратылып, өз ойларын жазып, сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін білдіреді. |
Интербелсенді тақта, парақшалар, қалам, стикерлер |
|||
|
Үйге тапсырма беру |
2 мин |
Ертегіні оқу, ұнаған аңдардың суретін салу. Көктем туралы өлең жазу. |
Өз ойларын ортаға салады |
Интербелсенді тақта, күнделік |
|||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген