400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем сəні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көктем сәні (ертегі)

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Көктем сәні (ертегі)

Мақсаттары:

а) білімділігі: Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

ә) дамытушылығы: Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелігі: Ертегінің мазмұнын дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктері: Көктем көрінісі



Мотивациялық-қозғаушылық кезең

- Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық

- Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.



Ұйымдастырушылық – ізденушілік кезең

Дәптермен жұмыс:

«Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру.

- Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?

- Қандай аңдар жиналды?

- Ақбөкен не деп жауап берді?

- Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?

- Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?



Дидактикалық ойын:

«Кім тез құрайды?»

Ойын шарты: Бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастыру.



Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық



Рефлекстік – түзетушілік

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз.

Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап - жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық.



Қорытындылау.

- Көктем сәні - ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.

- Балаларды мадақтау



Білуі: Көктем сәні

Болуы: Қамқор болуға үйрету.

Жасай білуі: Табиғатты аялауды білуі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі