400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем шұғыласы Сурет байқауы ресурстық орталық оқушыларына

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға , эстетикалық талғамын кеңейтуге
Материалдың қысқаша нұсқасы



VІ. КӨПМӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.





Л .Қылышев атындағы ОЖББмектеп жанындағы интернат

І-санатты тәрбиеші

Арыстанова Жанаргуль Мақсотқызы


Түйіндеме: Оқушылар табиғаттың сұлулығын сезінуге, жан-саулық пен тән-саулығының үйлесімінсақтауға, жер-анаға,жан-жануарларға,табиғатқа жанашырлықпен көңіл бөлуге, қоғамдық меншікті ұқыпты қарауға, жағымды ойлау білігіне, салауатты өмір салтын ережесін сақтауға баулу көзделді.

Сурет байқауының тақырыбы: Көктем шұғыласы

Мақсаты: Оқушыларға көктемнің әсем табиғатымен, таныстырып, оның мың құбылған бояу реңктерін көре білуге баулу, әңгіме,өлең шумақтары арқылы көктем көріністерінің көркем бейнелерін беру.Ой-өрістерін дамыту. Көктем көріністерін бейнелей білуге үйрету.

Эстетикалық құндылықтарды өн бойына игеруге қызығушылығын арттыру,қандайда бір көркем шығарма саласында өзінің бейімділігі мен қабілетін байқап көруге ұмтылысын қалыптастыру. 
Табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру,жанашырлық сезімін қалыптастыра отырып,табиғат үйлесімін қорғауға көзқарасты нығайту 

Сайысқа қажетті құрал-жабдықтар: Қылқалам шеберлерінің шығармалары, фотосурет, слайд.

Сурет салудағы ережемен таныстыру:

-сурет салуда құрал-жабдықтар талапқа сай сәйкес болуы қажет;

- сурет салуға арналған мольберт көзден 40-45см қашықтықта болуы тиіс;

-сурет салу барысында кеудені тік ұстауы керек;

- карандашьы үш саусақпен ұстауы керек;

- бір нәрсеге қарап салғанда отырған орнынды ауыстырмауын керек;

- сурет салатын қағазға күннің сәулесі немесе артық көлеңке түспеуі керек;

- бояумен сурет салғанда табиғи жарықты пайдаланған орынды;

- сурет салуда икемді қимылдап, ұқыпты орындауға дағдылану керек.

Сайыстың барысы: О.Әубәкіров «Сурет сабағы»

Шіркін сурет сабағы

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын

Туып өскен даланы.

Қызыл бояу – қызғалдақ.

Сары бояу – сарғалдақ,

Жасыл бояу – жайлауым,

Іздеп барар арманым.

Бақыт Мұстафин «Керемет көктем» (әңгімесін оқи отыру)

Қар кетті. Ауыл көшелерінде жер дегдіді. Қылтиып көк те көріне ббастады. Шөптің нәп-нәзік жасыл жапырағын көргенде, Даурен қуанып кетті.

-Көктем келді! – деп, айқайлап,үйге жүгіріп кірді.

-Оны қайдан білдің? – деді әжесі.

- Шөп көктепті: Шөп көктегенде, көктем келмей ме?

- Жоқ, бұл көктемнің хабаршысы, - деді әжесі, табиғат құбылысын түсіндіріп.

- Әже, әнеугүні құстар келгенде де, көктем хабаршысы деп едің ғой?

- Иә, құстар да – көктем хабаршысы. Олар ерте келіп, көктемнің жете алмай, әлі жолда жүргенін хабарлайды.

- Қалай хабарлайды,әже?

- Құстар аспанда қалықтап ұшып, қанатын кең сермейді. Бұл олардың «күн жылынды, көктем таяды» дегені.

- Ал шөптер ше?

- Жер құрсағы жылынды, келе жатқан көктемді мен де көрейінші деп, шөп те көтеріледі. Көк шықса, көктемнің жақындап қалғаны

2- тапсырма Қала көрінісі. Суық қыстан шыққан, зәулім үйлермен қатарласа өскен түрлі ағаштар, тротуар мен аллеяларда өсетін акациялар т.б көктем айына өз сәлемдерін беріп, гүлденіп, жұпар иісі аңқып құлпыратын сәттерін де көре білуді ұмытпаңдар. Қала тұрғындары көктем айында бүкіл отбасымен қала сыртындағы саяжайға барады, бақ ағаштарын, түрлі көкіністер отырғызады,жерге тағзым етіп,демалып көңіл көтереді.Осы қуанышты сәттерді өз шығармашылық туындаларыңның тақырыбы етіп алып, қыл қаламмен қағаз бетіне суреттеңдер.

Сідер енді алдарыңыздағы А3 форматына « Көктемнің шұғыласы »деген тақырыппен жергілікті жерге байланысты және өздеріңді қоршаған табиғат ерекшеліктерін ескере отырып,көктем көрінісін бейнелеу.

Қорытынды:

Ресурстық орталық оқушылар мен интернат тәрбиеленушілеріне арнап өткізілген сурет сайысы жақсы өтті. Оқушылар аса қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде I - орын Даулеткереева Д, II- орын Жалғасбаева Н,

III- орын Ильясова Г мен Нуров Н иеленді. Шағын сыйлықтармен марапатталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
1250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі