400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Көктем шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту. Баланың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,табиғатқа деген сезімдерін қалыптастыру. Баланың белсенділігін қолдап,ойымен мақсатын бірлесе отырып жүзеге асыру.Баланы табиғатты,қоршаған ортаны тамашалай білуге,сезінуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:11.03.2019

Тобы: Ақбота тобы

Пәні: қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы: «Көктем шуағы»

Баламен жұмыс жасау түрі: жеке

Баланың аты-жөні: Кулназаров Кұдайберген

Диагнозы: ДЦП,спастическая диплигия

Мақсаты: Балаға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту. Баланың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,табиғатқа деген сезімдерін қалыптастыру. Баланың белсенділігін қолдап,ойымен мақсатын бірлесе отырып жүзеге асыру.Баланы табиғатты,қоршаған ортаны тамашалай білуге,сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Оқу әрекетін әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізу.Танымдық , көру қабылдау қабілеттерін дамыту , қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жакап, ғажайып сәт,дидактикалық ойындар,сергіту сәті,музыкатерапия,ертегітерапия

Көрнекіліктер:ағаштар, көгершін құсы, слайд,үнтаспа,көктем аруы.

Сөздік жұмыс: көктем, бәйшешек

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу: Сәлеметсіздерме! Күн шуағын шашып,көктем келді.

Шаттық шеңбер:

Қол ұстасып, дөңгеленіп,

Тұра қалдық екеуміз.

Өзіміз де дөңгелек

Күнге ұқсайды екенбіз.

(Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды)

Өткен сабақты қайталау:

Құдайберген,өткен сабақта біз жиһаздармен таныстық.Өткен тақырыпты қайталай отырып, «Лото» суреттерін беттестіріп көрсетейік.

Дидактикалық ойын: «Лото»

-Өте жақсы,Құдайберген дұрыс құрастырдың

-Бұл не?

-Орындық

-Ал орындықты біз не үшін қолданамыз?

-Отыру үшін

-Жарайсың,ал бұл не?

-Үстел,үстелде біз тамақ ішеміз,сурет саламыз.

-Дұрыс,ал бұл заттарды бір сөзбен не деп атаймыз?

-Жиһаздар деп атаймыз.

-Дұрыс,сен жиһаз тақырыбын өте жақсы меңгеріпсің!

Жаңа сабақ: Ертегітерапия

Ерте,ерте ,ертеде Қар ханшайымы мәңгі қыс болғанын қалап, жер бетін мұзға айналдырып жіберіпті.Сол себепті ол көктем аруын жауып,құлттап,кілтті тығып қойған екен. Кімде –кім Қыс ханшайымының шарттарын орындаса ғана,көктем аруын босататынын айтты.Сүйтіп,ол өз шартын хатқа жазып,көгершін құсының мойнына іліп жіберіпті. Жер бетіндегі барлық жан мұзға айналып кеткендіктен,көктем аруын ешкім құтқара алмапты.

- Құдайберген, ертегі әлеміне барғын келеме? (Көздерін жұмып,ертегі әлеміне саяхатқа кетеді.)

-Мына ағашта көгершін құсы отыр,оның мойныңда хат ілулі тұр. Кәне,екеуміз хатты ашып, Қар ханшайымының қойған шарттарын оқып көрейік не жазылған екен?

Хат: Қар ханшайымының шарттары

Тәрбиеші: ал,Құдайберген көктемді құтқаруға дайынсыңба?!

Бала: Иә

Тәрбиеші: құтқаруға кіріспей тұрып,бойымызды бір сергітіп алайық!

Сергіту сәті:
Күндей болып күлеміз, 
Гүлдей болып өсеміз. 
Құстар болып ұшамыз, 
Көбелектей қонамыз. 

1-шарты - Өлең оқу

Қар ханшайымына көктем туралы өлең оқып беру

Күн шуағын шашады,

Жауын да жауып алады.

Көктем келіп жеткенде

Ағаштар бүршік жарады.

2-шарты Жұмбақ жасыру

Тәрбиеші: Қар ханшайымының бізге жасырған жұмбағы бар екен,кәне шешіп көрейік,мұқият тыңда.

Жұмбақ

Қар,мұз еріп,су көбейіп,

Сай-салада ағады.

Қой маңырап,төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Кәне ойланып көр,бұл қай мезгілде болады? (Көктем мезгілінде)

-Жарайсың,Құдайберген жұмбақтың шешуін таптың.

-Ал,Құдайберген, Қар Х-ң ең соңғы шартын орындауға дайыңсынба?

3-шарты –Бәйшешек гүлін теру

Т: Қар ханшайымы көктем мезгілінің ең алғашқы гүлі –бәйшешек гүлін жақсы көреді екен.Сол себепті біз гүлдерді теріп,сыйлауымыз керек.Ал онда жүр бәйшешек гүлін бірге терейік.Құдайберген,сен білесіңбе бәйшешек –өте әдемі көктемгі гүл.Биіктігі 15-30см жұқа,қара-қоңыр қабықты.сабағы тақыр 2-3 жапырақты дара гүл. (суретін көрсету)

Тыныс алу жаттығулары:

(1-дегенде мұрнымызбен терең тыныс аламыз,2-кі дегенде демді шығарамыз) Кәне,Құдайберген гүлдің иісін иіскеп көрейік.

Ал,қазір бәйшешек гүлін алақанымызға салып,үрлейік

Тәрбиеші: Өте жақсы Құдайберген бәйшешек гүлін де теріп алдық,тыныс алу жаттығуын да жасадық.Біз екеуміз Қ.Х-ң барлық тапсырмасын орындадық.!

Көктем кіреді:

Мен көктеммін , жаңа туған арманмын
Шырағымын жаңа атқан таңдардың
Мен
көктеммін , бүршік болып бүр жардым
Арасында дауыл болдым гүлзардың

Рахмет саған Құдайберген,сен мені Қар ханшайымынан құтқарып алдың,саған өте ризамын. Сендерге келіп,қонақ болып,керемет әсер алдым,бірақ менің кетуім керек. Сенің көмегің үшін, менің саған сыйлығым бар

(жидек толы себетін беріп,шығып кетеді)

 Тәрбиеші : Құдайберген,жарайсың! Біз сенімен көктемді құтқарып алдық.Қар ханшайымының тапсырмасын орындап,көктемді құтқарып алдық.Ал кәне өзіміздің тобымызға барайық.

Сабақты қорытындылау :

Слайд көрсету: Суретке байланысты сұрақтар қою

Үнтаспа қосу: Көктем мезгілінің табиғат құбылысының дыбыстары: 
аққан су,жел,құстың дыбыстарын тыңдайды. 
-Құдайберген,бұл ненің дыбыстары? 
-Аққан судың! 
-Желдің! 
-Құстың! 
-Иә, бұл табиғат құбылыстарының дыбыстары. 
Өтілген сабақты талдау :

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Көктем мезгілі және көктем ерекшеліктері туралы білу керек.

Нені игереді:сұрақтарға жауап беруді игерді.

Нені біледі: Табиғатқа қамқор болуды, суретпен жұмыс жасауды












 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі