400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:Жаратылыстану.

Тақырыбы:Ағаштар

Мақсаты:өзін қоршаған ортадағы өсімдіктерді үш топқа (ағаштар,бұталар,шөптесін өсімдіктер) жіктей білуге үйрету.

Білімділік мәні: оларға тән сыртқы белгілерді атай білу.Өзінің туған өлкесінде өсетін өсімдіктермен таныстыру.

Дамытушылық мәні: табиғат туралы алған білімдерін дамыту.Сөйлеу,ойлау,зейінін аудара білу қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік мәні:туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Құралы:демонстрациялық материалдар,өсімдіктер суреттері,карточкалар,жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс:өсімдіктер

Билингв.комп.:ағаштар-деревья,бұта-куст,шөптесін өсімдіктер-травянистые растения.

Оқу іс-әр/ң кезең/рі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала іс-әрекеті

Мотивациялық кезеңі

Шаттық шеңбері.-Балалар,бүгін қандай көңіл күймен келгендеріңді,бүгінгі тақырыбымыздың қалай өтетінін ым-ишарамен көрсетіңдерші

-Оқу іс-әректтің соңына дейін осындай көңіл күйде отыратын болайық.

Балалар күлімсірейді,өз көңіл кұйлерін қалауынша көрсетеді.


Негізгі кезеңі

Балаларға таныс қайың,терек,алма ағашы,итмұрын,қарақат бұтала-ры,бақ-бақ,қызғалдақ суреттерін көрсету.

-Осы суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады?

-Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?

-Дәлеледендер.

Балаларды үш топқа бөлу.

1-топ.Шөптесін өсімдіктің (қыз-ғалдақ) суреті беріледі:тамы-ры,сабағы,жапырағы,гүлі,тұқымы анық нөмірленіп көрсетілген.

2-топ.Алма ағашының суретін беру (тамыры,жуан діңі,бұтақта-ры,жапырағы,жемісі,тұқымы)

3-топ.Итмұрын немесе қарақат бұтаның суретін көрсету(тамыры,бұталары,жапырағы,тұқымы,жемісі)

-Қолдарына берілген сурет бойынша осы өсімдікті жақсылап зерттеңдер.Өсімдік қандай мүшелерден тұрады,ол мүшелері не үшін керек екеніне назар аударыңдар.Нөмірі бойынша атаңдар.

Ағаш,бұта және шөптесін өсімдіктің мүшелері көрсетілген сурет.

Осы суреттер бойынша салыстыру жұмысын жүргізу.Өсімдіктің қандай мүшелері барлығына тән екенін айту.Содан соң айырмашылығын айтқызу.Ол үшін балалардың назарын ағаштың діңіне аудару.

-Ағаштың діңі қандай?Діңінен не тарайды?

-Енді ағаш пен итмұрын өсіп тұрған өсімдікті салыстырыңдар.

-Олай болса,бірінші өсімдік ағаш деп аталады,ал екіншісі бұта деп аталады.

-Осы өсімдіктер мен бақбақты салыстырыңдар.Қандай айырмашылығы бар?

-Ал діңі,бұтағы жоқ өсімдіктерді шөптесін өсімдіктер деп атаймыз.Демек өсімдіктер үлкен үш топқа бөлінеді.Олар:ағаштар,бұталар,шөптесін өсімдіктер.

Билингв.комп.:ағаштар-деревья,бұта-куст,шөптесін өсімдіктер-травянистые растения.

Әртүрлі өсімдіктердің суреті бейнеленген карточкаларын тарату.

Сергіту сәті.

«Тербеледі ағаштар»

«Не екенін тап!» ойынын ойнау:оның тамыры мен жапырағы бар.Бұл не?Бұл өсімдіктің қалың қабықпен жабылған жуан діңі,жапырағы,тамыры,бұтағы бар»

-Ал мына хатқалталардың ішінде суреттердің бөліктері берілген.Суреттерді біріктіріп,қандай өсімдік екенін анықтап,оның ағашқа,бұтаға немесе шөптесін өсімдікке жататынын дәлеледейсіңдер.

Дәптермен жұмыс жүргізу:тақырып бойынша суретін салу

Жеке жұмыс жүргізу.

Алдымен өсімдіктердің атауын жеке-жеке атайды.

-Өсімдіктер деп аталады.

-Өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.

-Олар өседі,көбейеді,қоректенеді,тіршілігін тоқтатады.

Қолдарына берілген өсімдік туралы не білетіндерін ортаға салады.

Анық көрсетілген өсімдік мүшелеріне назар аударып,сол туралы сөйлеуге дайындалады.Толық зерттеу жұмысын жүргізіп болғаннан кейін,өсімдік мүшелерінің атауын,атқаратын қызметін шамасы келгенше айтады (тамыры арқылы қоректенеді,су ішеді,қорек сабағы арқылы жапырағына,гүліне барады,гүлде тұқым пайда болады)

Зерттеп,әрқайсысы өз ойларын ортаға салғаннан кейін біреуі топ атынан сөйлейді.

-Өсімдіктердің барлығында тамыры,жапырағы,гүлі,тұқымы болады.

-Ағаштың діңі жуан,мықты.Діңінен бұталар тарайды.

-Бұл өсімдіктің діңі жоқ,тамырдан кейін жер бетінде бірден ұталар таралып кеткен.

-Бақбақтың діңі де,бұтағы да жоқ.Оның жұмсақ,иілгіш сабағы бар.

Сурет бойынша ағаштар,бұталар,шөптесін өсімдіктер болып үшке бөлінеді.Ағаштар,бұталар, шөптесін өсімдіктердің атын атап,өз жерінде өсетін өсімдік атауларымен танысады.

Ағаштар:емен,терек,қарағаш,қайың,үйеңкі.

Бұталар:итмұрын,қарақат,долана,қожақат

Шөптер:бақбақ,қызғалдақ,түймедағы,жолжелкен,

Қимылдарын сәйкесінше орындайды



Ойынға қызыға қатысады.



-Бұл ағаш.

Суреттерін біріктіріп,қандай өсімдік екенін және оныңмүшелерін атап көрсетед,қандай топқа жататынын дәлеледейді



Тапсырманы орындайды.


Қорытынды кезеңі

Бір бет қағаз алыңдар.Сол жақ жоғарғы бұрышына күннің суретін салыңдар.Егер бүгінгі іс-әрекетіміз ұнаса,күннің суретін көңілді,егер шаршаған болсаңдар,көңілсіз түрде салындар.

Тапсырманы орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:өсімдіктердің айырмашылығын,ұқсастығын

Түсінігі : ағаштар,бұталар,шөптесін өсімдіктер сөздерінің дұрыс қолданылуын

Көрсете алуы:өздеріне таныс өсімдік түрлерінің қай топқа жататыны анықтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі