Материалдар / "Көктемді қарсы аламыз" психологиялық кіріктірілген сабақ

"Көктемді қарсы аламыз" психологиялық кіріктірілген сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгілінің ерекшілігімен, табиғат сұлулығын сезіне білу, балалардың көңіл-күйін көтеру, бір –біріне достық қарым- қатынас, көңіл бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, тапсырмаларды бірге орындауға тәрбиеші, психологтарға арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Психологиялық кіріктірілген сабақ "Көктемді қарсы аламыз"


Мақсаты:

 Көктем мезгілінің ерекшілігімен, табиғат сұлулығын сезіне білу, балалардың   көңіл-күйін көтеру, бір –біріне достық  қарым- қатынас, көңіл бөлу және  қамқорлық жасауға тәрбиелеу, тапсырмаларды бірге орындау.


Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Көрікті көктем болмысына лайықтап, табиғаттың тамаша болмыстарына сай безеңдіру

Амандасу рәсімі:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң, алтын күн!

Қайырлы таң, жер- ана!

Кайырлы таң, конақтар!

-Балалар, қар еріп, су көбейіп

Сай-салаға ағады.

Бүршік шәшіп, жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады? Көктемде

-Көктем туралы қандай өлең жырлар білеміз?

Көктем келді,

Жер көгерді.

Гүлдер өсіп,

Тербеледі желменен.

Көктем қандай көңілді, Келіп көктем құстары,

Күміс жаңбыр төгілді. Бау - бақшада ән салды.

Мөлдір аспан ашылып, Оларды жас достары,

Күннің көзі көрінді. Ұя жасап, қарсы алды.


Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қар түлеп

-Балалар, көктем ерекшілігін тамашалау үшін біз орманға барамыз. Орманға бару үшін біз табиғат туралы тыйым сөздерді еске алайық

слайд арқылы көрсетіп айтып шығу

Гүлді үзбе көкті жұлма суға түкірме ұяны бұзба, ағашты сындырма, орманда қоқыс тастама...

- Жарайсыңдар балалар. Орманға саяхатқа бару үшін барлығымыз көзімізді    жұмып, менің  дауысымды  ғана тындайық   Дайынсыңдар ма? 1,2,3,

Енді,  көздеріңді ашуға болады.

-Балалар, біреулер от жағып сөндірмей кетіпті ғой. Жылдам отты сумен сөндірейік. Балалар, екіге бөлініп кезекпен жарысып от сөндіреді

-Жарайсыңдар балалар! Музыка Кұстар үні, ормандағы жануарлар дыбысы


Біз орманада жүреміз

Жан-жағымызға қараймыз

Аю шықты қорбандап

Қоян шықты секіріп

Түлкі шықты мысқылдап

Қасқыры жүр ырылдап,

Қорықпандар балалар,

Жан-жағыңа қарап ал

-Көктемгі орман.

Айналамыз қандай керемет!

Ағаштар тұр жайқалып,

Құстар түрлі ән салылады

Жайқалады бәйшешектер

-Балалар, қаншама жануарлардың көңіл- күйлерін анықтайық

1-сүрет  Көңілсіз     Аюдың мүсіні.

Балалар, сендер   калай ойлайсындар  неге  ол жылап  тұр

2- сурет   Ашулы. Қасқырдың суреті

Балалар   сендер  кайдан білдіндер  ол ашулы  екенін

Балалар сендер ашуланасыңдар ма?  Қашан?

3-сурет  Көңілді тиын

Балалар калай ойлайсындар   сүреттегі ол неге  көңілді?

4-Ренішті Түлкі ренжіп тұр.

5-Корқып түр. Қоян неге қорқып тұр?

Балалар сендер неден қорқасындар?

Ойын:

«Менің  көңілім.»

 Балалар  бейнелеп   көрсетеді.

1.     Көбелекке   ұқсап ұшыңдар, 

    2.   Бақа сияқты   секіріңдер

    3.   Күн сәулесін көрген   мысыққа   ұқсап  жымиыңдар

  1. Аш қасқырға ұқсап ашулану

  2. Көлбақа  сияқты    жүріңдер

    Жаттығу. Тыныс алу Ароматерапия

Балалар дөңгеленіп отырып жанып тұрған майшамды үрлейді

- Балалар, көктемгі жаңбырға жету үшін біз көңілді кедергілерден секіріп теміз

Жаттығу.   «Түрлі-түсті жаңбыр»

Қәне достар күлейік

Күліп өмір сүрейік

Ашуды, кекті,  ызаны

Ұмытып     тастап    кетейік

Көктемнің түрлі-түсті жаңбыры

Жақсы көңіл-күй бізге сыйлайды.

Қорытынды:

- Балалар,біз  бүгін кайда барып келдік?

 Сендер бүгін орманға бардыңдар,  онда кандай   суреттерді көрдіңдер?

 Көңілді, көңілсіз, ашулы, ренішті, қорқып тұрған жануарлар суретін көрдік

   Сабаққа  жақсы қатысып, ойын  ойнап, тапсырмаларды  орындап, жақсы айткандарың үшін сендерге  балалар  рахмет.

-Ал,енді қонақтармен  қоштасайық.

-Сау болыңыздар!


Психологиялық сабақ "Эмоция әлемі"

Мақсаты:

 Балалардың   көңіл-күйін көтеру, бір –біріне достық  қарым- қатынас,көңіл бөлу және  қамқорлық жасауға тәрбиелеу, тапсырмаларды бірге орындау.

Амандасу рәсімі:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз.

Кайырлы таң,балалар!

Сабақтың  барысы:

Балалар мен сендерді  күнде балабақшада қөргенде қуанамын. Мен бәріңді жақсы қөремін.   Ал сендер бір-біріңді  көргенде  куанасыңдарма?

Балалар  бүгін бізде ерекше күн.  Бізге қонақтар келіп  отыр. Олар да сендерді  көргеніне  куанышты, бізде  қонақтарға  қуанышымызды  білдірейік.   Кәне, қонақтармен  амандасайык.

Тілек шеңберін    құрып,  күннің  сәулесі   арқылы   жақсы,  жылы,   бір-бірімізге  тілек айтайық

 Балалар мен  сендерді саяхатқа    «Эмоция  әлеміне» шақырамын. Ол  үшін барлығымыз көзімізді    жұмып, менің  дауысымды  ғана тындайық   Дайынсыңдарма 1,2,3,4,5

Енді,  көздеріңді ашуға болады.

Балалар  біз « Эмоция әлеміне»  келдік.

Қаншама сүреттер, ашып көріп  алайық

1-сүрет  Көңілсіз       бауырсак  жылап  тұр.

Балалар сендер   калай ойлайсындар  неге  ол жылап  тұр

2- сурет   Ашулы.

Балалар   сендер  кайдан білдіндер  ол ашулы  екенін

Балалар сендерашуланасыңдар ма?  Қашан?

3-сурет  Көңілді.

Балалар калай ойлайсындар   сүреттегі  бауырсақ  неге  көңілді

4-Ренішті  ренжіп тұр.

5-Корқып түр.

Бауырсак  не көрді  соншама       ол   неге коркып тұр?  Балалар сендер неден қорқасындар?

Ойын:

Менің  көңілім.

 Балалар  бейнелеп   көрсетеді.

1.        Көбелекке   ұқсап ұшыңдар, 

    2.   Бақа сияқты   секіріңдер

    3.       Кішкентай бала    сияқты  жүріңдер,

    4.      Итті көрген   мысыққа   ұқсап  жымиыңдар

    5.      Тасбақа  сияқты    жүріңдер

Жарайсыңдар, балалар енді  бізге балабақшаға  қайту керек,

Көзімізді жұмып,  менің  дауысымды ғана  тындаңдар

  Дайынсындарма 1,2,3,4,5. Енді,  көздерінді   ашуға  болады

 Біз  балабақшадамыз,   іс-әрекетімізды     әрі қарай   жалғастыра берейік

Ал  енді  балалар қарандаршы  үстелдінүстінде қаншама  сүреттер.Қиылган   сол   суреттерді  жинастырайық

Ойын 

  Добым кетті домалап көше бойын  аралап кімде добым қалады  сол биге  шығады.  2-3рет

Жарайсындар,ал мен ұмытып  кеттім ғой  біздің «Снежинка»    балабақшасынахат келгенді   оқыйынба?

Құрметті балалар  біз  ертегі   саяхаттан   сендерге хат жазып  отырмыз.  Балалар  сендер бізге  екі    түрлі   сурет, біреуі көңілді, екіншісі  қөнілсіз  суретін  салып,конвертке    жіберіңіздерші.

Рахмет

Балалар сурет  салып  береміз бе?

ЖАТТЫҒУ

Біз  ақылды  баламыз ,

Айтқан   тілді   аламыз

Сурет     салып    отырсақ

Көңілді    бала   боламыз

Балалар  сурет    салады,

Сүрет  салады

Тамаша,балалар ал енді  суреттеріңді    қолдарына алып  оны  қонақтармен   бірге     көріп   алайық

Диана не салдың? Сенің салған  суретің көңілді ме, әлде  көңілсіз бе?

Жарайсыңдар  балалар  суреттерді  жақсы  салыпсыңдар,   осы  суретерді біз   ертегі  саяхатка  жібереміз

Қорытынды:

Балалар,біз  бүгін кайда барып келдік

 Сендер бүгін «Эмоция  әлеміне»  саяхатынқа бардыңдар,  онда кандай   суреттерді көрдіңдер?

 Көңілді, көңілсіз, ашулы,ренішті,қорқып тұрған  бауырсақты көрдік

Жарайсыңар, балалар, осымен біздің бүгінгі «Эмоция әлеміне» саяхатымыз 

аяқталды.     Сабаққа  жақсы қатысып, ойын  ойнап,

тапсырмаларды  орындап, жақсы айткандарың үшін сендерге  балалар  рахмет.

  Қәне достар күлейік

күліп өмір сүрейік

Ашуды, кекті,  ызаны

Ұмытып     тастап    кетейік

Достармен  ойнап         

Өмірді   біз кешейік

Қызықты болған күндерді

Осылай біздер  өтейік -Сау болыңыздар!
























6 «Нүрай» балабақшасы














Психологиялық сабақ "Көктемді қарсы аламыз"


Дайындаған-өткізген: педагог-психолог Сейтикова Т.К.



























2013-2014 оқу жылы

6 «Нүрай» балабақшасы


















Психологиялық тренинг

Дайындаған-өткізген: педагог-психолог Сейтикова Т.К.
























2013-2014 оқу жылы



































Тақырыбы: «Көктемді қарсы аламыз».

Мақсаты: түрлерін пайдаланумен балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: әртүрлі көңіл – күйлерді білдіретін суреттер, ойынға арналған карточкалар, гүлдер


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

































Іздену-ұйымдастырушы













































Рефлексивті коррекциялаушы











- Балалар, бүгін бізде әдеттен тыс сабақ, бізге Көңіл – күйлер қаласының тұрғындарынан хат келді. Олар қиындыққа тап болыпты. Жайласып отырыңдар, мен сендерге бәрін айтып беремін.

- Бұл қалада біз сияқты тұрғындар тұрады. Олар да біздер сияқты көңіл көтере және мұңдана, күле және жылай, ашулана және таңдана біледі. Алайда кенеттен олардың қаласына ашулы сиқыршы келіпті, ол қара бұлттарды қуып әкелді, қатты жауын жауып, тұрғындардың жүздерінен көңілділік пен мұңды, үрей мен таңдануды жуып кетті, Көңіл-күйлер қаласы тұрғындарының жүздері сүреңсіз, түссіз жүздерге айналды.Міне, дәл қазіргідей



(сахнаға назар аударылады).

-Қала тұрғындары бізден бұл ашулы сиқыршыны қуу мен өздеріне сезімдерін, көңіл-күйлерін, күйзелістерін қайтару үшін көмек беруімізді өтініп отыр. Оларға көмектесеміз бе, балалар?

-Біз үшін көмекші – музыка болады, өйткені ол сезімдерді, көңіл-күйлерді, күйзелістерді бәрінен де жақсы бере алады.

Енді мына музыканы тыңдап, қандай көңіл-күй білдіріп тұрғанын анықтайық.


«Қуырмаш» әні (Көңіл-күй көңілді, сергек, ойнақы).



-Сонымен, біз көңілді әнмен көктемгі орманға да келіп жеттік.

-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?.









  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді орнымыздан тұрып, орманда демалып, денемізді шынықтырып алайық.

Көктемгі орманға біз кірдік.

Айналамыз қандай керемет!

Ақ қайың тұр жайқалып,

Жасыл шырша қарап тұр.

Міне қоян да өтті секектеп.

Қашқан еді ол түлкіден.

Ал қасқырың жүр кезіп,

Ол тамағын жүр іздеп.

Жасырынамыз қазір бәріміз,

Сонда ол бізді таппайды,

Орманда қандай тамаша!


-Балалар енді біздер көктем мезгілінің тағы бір ерекшелігін білеміз.

Дұрыс айтасыңдар Балалар .жаңбырдың екі түрі болады. Ол жай жаңбыр, қатты жаңбыр. Енді бәріміз ойын ойнайық.

Ойын: «Қандай жаңбыр?».




- Ой, жарайсыңдар. Енді осы жаңбырға арнап ,бүгін «Жаңбыр» әнін үйренейік.

1.Жаңбыр, жаңбыр шулама,

Кап – кап – кап.

Сұрайды балалар,

Кап – кап – кап..

Біз ұйықтауға кеткенде,

Кап – кап – кап.

Сонда қайта жауасың,

Кап – кап – кап.

- Ән сендерге ұнады ма, балалар?

- Ән не туралы айтылған?

- Жаңбырдың неше түрі бар?

- Қандай?

Дұрыс айтасыңдар. Балалар сендер көктем мезгілінде алғаш шығатын гүлді білесіңдер ме?

Өте дұрыс. Енді осы бәйшешек гүлімен музыкалық – ырғақтық қозғалыстар жасайық.




Музыкалық – ырғақтық қозғалыс: «Бәйшешек».

  • Балалар, көрдіңдер ме, біз қаланың барлық тұрғындарына көңіл – күйлерін қайтардық! Сендер көңіл – күйлер қаласының тұрғындарына өз көмектеріңді көрсеттіңдер. Сендерге рахмет балалар.

(Сабаққа жақсы қатысқан балаларға күннің суреті бейнеленген алқаны тапсыру).


































Мұңды музыканы тыңдайды.










Иә









Балалар әнді тыңдайды.






-Айналамыз жасыл түске боянады.

-Құстар ән салады.

-Күн жылынады.

-Теректердің бұтақтары бүршік жарады.

-Бәйшешектер шығады.





Балалар үлкен шеңбер болып тұрады.

Бір орында жүру.

Бұрылулар.

Қайыңға қарау.

Шыршаға қарау.

Қоянша секіру.

Бір орында жүгіру.

Қасқырша жүру.


Отырып-тұру.

Орындарына жүгіріп, отырады.




Жаңбыр жауады.





«Қатты жаңбыр» дегенде қатты, «жай жаңбыр» дегенде жайлап шапалақтайды.







Ия, ұнады.

Жаңбыр.

Екі.

Жай, қатты.



Бәйшешек.


















Балалар қуанып, шаттанады.


Күтілетін нәтиже:


Білуі: Музыканы тыңдап, ол қандай көңіл - күйді білдіретінін

Меңгеруі: Музыкалық қызметтің сан алуан түрлерін пайдаланумен эмоциялардың түрлерін ажырату

Жасай алу:Музыкалық ырғақты-қимыл-қозғалыстарды



Табиғаттағы ережелер

12 Қараша 2018
750
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі