15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көктемді қондырып -қанатына
Сабақтың тақырыбы:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға баспа құрылғылары, компьютердің сыртқы
жады және сканер туралы түсінігін қалыптастыру. Осы құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, алған
теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Жалпы ақпараттық құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылық әрекетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор,
жұмыс дәптері, Activpen (қалам), ActivStudio
бағдарламасы, флипчарт.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Электрондық оқулық, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Миға шабуыл).
Әрбір сұраққа 1 ұпай беріледі
-
Информатика дегеніміз не? (1 ұпай)
-
Операциялық жүйе дегеніміз не? (1 ұпай)
-
Компьютер деген не? (1 ұпай)
-
Компьютердің құрылысын ата? (1 ұпай)
-
Дербес компьютер дегеніміз не? (1 ұпай)
-
Ақпараттың өлшем бірліктерін ата? (1 ұпай)
ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.
Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің құрлысымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің қосымша құрылғылары принтер, сканер және компьютердің сыртқы жадымен танысамыз.
Принтер – ақпараттарды қағаз бертіне
басып шығаратын құрылғы. Принтерге мәтіндік, кескіндік, графикалық
ақпараттарды қара немесе түрлі түсті етіп шығаруға болады. Жалпы
принтердің үш түрі бар: Матрицалық, сия бүріккіш
және лазерлік.
Олардың ішінде басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады.
Жұмыс істеу принципі принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.

Сия бүріккіш принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түсті сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Екі картридж деп аталатын ыдыста біреуінде қара тус, қалғандарында көк, сары, қызыл түсті сиялар араласып бірнеше түс шығарады.

Лазерлік принтер матрицалық және сия бүріккіш принтерге қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Лазерлік принтерлердің бірнеше түрлері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы сыртқы пішіні мен басып шығару жылдамдығында. Олар 1 минутта 16 бет, ал кейбіреулері 24 бет шығара алады.
Принтерлер
![]()
Матрицалық
Сия бүріккіш
Лазерлік
Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп дисплей экранына шығаруға мүмкіндік береді. Кескінді сканерлегеннен кейін графикалық программаларда үлкейтуге кішірейтуге, болады. Көп жағдайда мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады.
Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті.
Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.
Қазіргі функционалды сканерлер 2 бөлімнен тұрады:
1.Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм, 2.Программалық бөлігі – тұратын драйвері. Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды. Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады. Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан. Сканерде түстердің 4 типі қолданылады:
газоразрядты лампалар – жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады.
«ыстық» катодты лампалар – бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет көрсетеді (шамамен 1 000 сағат). Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа өшірілмеуі керек.
«салқын» катодты лампа - өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді.
Светодиодтар – энергияны аз тұтынады.Сканерлердің жылдамдығы түрлі болады: - Түрлі-түсті сурет – 25-тен 60-қа дейін. - Мәтіннің толық беті (А4) – 45-100 бет. - Ақ-қара түсті сурет – 20-45 бет.
Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад. Компьютердің сыртқы жадына компакт диск, дискет және флеш дисктер жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.
Сыртқы жад

Иілгіш магниттік дискет

Ақпараттық көлемі
1,44 Мбайт
Компакт дискілер

Ақпараттық көлемі
CD-R, CD-RW - 700 МБ,
DVD-R, DVD-RW – 4.7 ГБ
Флеш дискілер (флешка)

Ақпараттық көлемі
512 МБ, 1 ГБ, 2 ГБ, 4 ГБ
Электрондық – дыбыстық файлды көрсету арқылы жаңа сабаққа қосымша материалдарды беру. Ақпараттарды сақтау құралдарын түсіндіру.
ІV. Техникалық диктант
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
-
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.
-
Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.
-
Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.
-
Көлемі 1,44 МБ болатын иілгіш магниттік дискі ................ деп аталады.
-
Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.
-
Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.
(3-сканер,4- дискеттер, 5-пентиум,1- принтер,6- матрицалық, 2-компакт диск, флеш диск, дискет)
V. Сәйкестендіру
Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту
|
С |
Байт |
|
К |
Бит |
|
Б |
Аналық тақша |
|
А |
Жад |
|
И |
Пиксель |
|
Л |
Пентиум |
|
Е |
Процессор |
|
П |
Жедел жад |
|
У |
Маус |
|
Р |
Caps Lock |
|
1 |
Бас әріпті салу пернесі |
|
2 |
Компьютердің ең басты бөлігі |
|
3 |
8 биттен тұратын код |
|
4 |
Компьютердің ішкі жады |
|
5 |
Ақпаратты енгізу құрылғысы |
|
6 |
Жүйелік блоктың бір бөлігі |
|
7 |
Қазіргі кезде ең көп тараған процессор |
|
8 |
Экрандағы ұсақ нүктелер |
|
9 |
Ақпарат өлшеудің ең кіші бөлшегі |
|
10 |
Ақпаратты сақтайтын құрылғы |
-
-
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Р
Е
С
П
У
Б
Л
И
К
А
-
VІ. Тест орындайды
-
Ақпаратты жинау сақтау түрлендіру, тасымалдау және оны орындау заңдылықтарымен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән қалай аталады?
А) Информатика
Ә) Математика
Б) Физика
-
Ақпараттың көлемін өлшейтін негізгі өлшем бірлігі
А) см
Ә) ГЦ
Б) байт
-
Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны...
А) Компьютер
Ә) Файл
Б) монитор
-
Мәтіндік және графикалық ақпаратты көрсететін құрылғы
А) Принтер
Ә) Файл
Б) монитор
-
Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы
А) Принтер
Ә) Жүйелік блок
Б) Пернетақта
-
Компьютердің жүйелік блогына қай жабдық кірмейді
А) Дискжетек
Ә) Принтер
Б) СD-ROM
-
Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат алмастыру жабдығы қалай аталады?
А) Модем
Ә) Интернет
Б) WEBкамера
-
Ақпаратты сақтайтын жабдыққа не жатады?
А) Қатты және иілгіш дискілер
Ә) Монитор
Б) принтер
-
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы қалай аталады?
А) Принтер
Ә) плоттер
Б) сканер
10.Принтер басу жылдамдығына қарай нешеге бөлінеді?
А) Матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік
Ә) ақ – қара, түрлі – түсті
Б) планшетті, барабанда, оптикалық.
Әрбір сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
ВЕНН диаграммасы.
Принтер мен сканердің ұқсастығы мен айырмсашылығын ажырату.
VII. Қорытындылау, бағалау.
Оқушыларды әрбір бөлімге қатысуына байланысты бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
46-47,52 бет оқып келу
1,2 тарау бойынша тест дайындап әкелу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген