400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктемгі еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту. Ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері, оларды өндіретін адамдардың еңбектері жайлы мағлұмат беру. Еңбексүйгіштікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Тақырыбы: Көктемгі еңбек

Мақсаты: Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту. Ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері, оларды өндіретін адамдардың еңбектері жайлы мағлұмат беру. Еңбексүйгіштікке баулу.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Сезімді ояту

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық

Еңбектен бас тартпайық.




Бір-біріне тілек

жолдайды.




Ұйымдастыру

Адамдар еңбекпен өсіп, жақсылыққа жетеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Еңбек ету арқылы белестерді бағындырып, өз мақсатымызға жетеміз. Адал еңбектің жемісі тәтті. Еңбек ету арқылы өзімізге жақсы мінез қалыптастырамыз. Еңбектің көптеген түрлері бар, соның бірі көктемгі еңбек.

Бағыттаушы сұрақтар қою:

  • Суретте не бейнеленген?

  • Балалар немен айналысып жүр?

  • Олар қандай еңбек құралдарымен жұмыс жасап жүр?

Дұрыс айтасыңдар. Балалар еңбек етіп жүр.

Әрбір адамзатта, өздері таңдаған мамандықтары болады.

Мысалы: жылқышы, шопан, дәрігер, мұғалім, егінші, диқан және т.б.

Мамандық иелері туралы қысқаша мағлұмат беру.

«Нан қайдан келеді?» ертегісін мәнерлеп оқып беру.

  • Сонымен, нан қайдан келеді екен?

Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады екен.

  • Сендер ата-аналарыңды еңбек етіп қуантқан кездерің болды ма?

  • Өз еңбегіңнің жемісі тәтті, - деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті

Ауадан қуат алайық, алақанға салайық.

Жерден нәр алайық, алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық, алақанға салайық.

Еңбектің тәтті жемісін, бір-бірімізге сыйлайық.


Әліппе-дәптермен жұмыс:












Сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.











Ертегіден түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді.





Әрбір сәтті қимылмен көрсетеді




Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Қорытынды

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» - дей келе, жалқаулыққа бой алдырмайық, деген ниетпен бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі