400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктемгі еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар туралы түсінік бере отырып, пайдалы еңбек түрлерін әңгімелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Мирас» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

















«Көктемгі еңбек»

















Тобы: «Бәйтерек» ересек

Логопед: Г.Б.Махашева









Қаратау қаласы – 2024 жыл



Ұйымдастырылған іс – әрекет тақырыбы: «Көктемгі еңбек»

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар туралы түсінік бере отырып, пайдалы еңбек түрлерін әңгімелеу. Балалардың ақыл-ойын, тіл байлығын дамыту. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: көрнекі модельдеу, калейдоскоп, кластер, триз.

Ұйымдастырылған іс – әрекет түрі: шағын топтық

Ұйымдастырылған іс – әрекет барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең

Көңілді әуенмен көрнекі - бейнелі іс-әрекет арқылы амандасып, шаттық шеңберін құрады:

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

2.Негізгі кезең

«Сиқырлы бұлттар» ойыны

-Қане балалар тілімізге артикуляциялық жаттығулар орындап шынықтырып алайық.

«Терезе» ойыны

Көктем мезгілін терезеден бақылай отырып әңгімелеу.

Тем-тем-тем шуақты көктем

Тар-тар-тар ұшып келді құстар

Шек-шек-шек шығады бәйшешек

Ғай-ғай-ғай жарқылдайды найзағай

Ыр-ыр-ыр жауады жаңбыр

-Жарайсыңдар балалар!

Калейдоскоп арқылы көктемгі еңбек түрлерін әңгімелеу.


Қызықтыру сәті:

Бағбан ата келеді. Бағбан атамен бақша гүлін түйнегімен егеді.

Саусақ жаттығуы:

Бұлт қабағын түйіп ап

Бүркеп алды аспанды

Тырс-тырс-тырсылдап

Жаңбыр жиі жауады

«Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны

Ойын шарты: әсем әуен ырғағымен көңілді билеп жүрген балалар жаңбырдың дыбысын естігенде қолшатырдың астына тез тұра қалуы тиіс.

Гүлдің құлпырып өскенін тамашалайды. Балалар еңбек туралы тақпақ, мақал-мәтел айтады.

1.Гүл ексең терлеп,

Мұның аты еңбек.

2.Еңбек түбі – береке.

3.Еңбек адамның екінші анасы.

4.Ерінбей күнде

Су құямын гүлге.

Жайқалсын гүлім

Құлпыртып түрін.


Қорытынды:

-Балалар, көктем мезгілінде үлкендер қандай еңбек түрлерімен айналысады екен? Гүл күлтешелерін құрастырып көктемгі еңбек түрлерін әңгімелеу арқылы ұйымдастырылған іс-әрекетті қорытындылау.

Балаларды мадақтау, білімдерін бағалау.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
31.03.2025
211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі