жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көктемгі еңбек
Бекітемін
«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының
әдіскері:............................... Ш.Каримова
Күні: 23.04.2026 жыл
Уақыты: 9.30
Білім беру дағдысы |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Таным, коммуникативтік, әлеуметтік, шығармашылық, физикалық дағдыларын дамыту.
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: «Көктемгі еңбек» |
Балалардың көктем мезгілі және көктемгі еңбек туралы білімдерін кеңейту. Топпен жұмыс жасау үстінде танымдық, білімділік қабілеттерін молайтып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғау, оның байлықтарын ұқыптылықпен қарап, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. |
Бөлімі: Әлеуметтік ортамен таныстыру |
||
Әдіс-тәсілі:
|
Әңгімелеу, түсіндіру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, дидактикалық ойындар, сергіту сәті, зерттеу жұмыстары, бекіту. |
|
Ресурстар: |
«Көктемгі еңбек» бойынша суреттер, Тәжірибе құралдары, бейнежазба, суреттер. |
|
Сөздік жұмыс: |
Көктем – весна - sprig Еңбек – труд - work Сәуір – Апрель – April Гүл – цветок |
|
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: |
Серуен, аулашының еңбегін бақылау |
|
Жасы: |
4-5 |
|
О\қ ұзақтығы: |
20-25 |
|
Ұйымдастырушы |
Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Көтеріңкі қөңіл күймен қонақтармен мына дыбыстарды тыңдап көрейік. (табиғаттағы құстардың шиқылы, судың сылдыры, күректің жерге тиген дыбыстары естіледі) |
|
Ұйымдастырушы- ізденістік
Мағынаны тану
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Сергіту сәті
Зерттеу жұмысы:
|
-
Қазір жылдың қай мезгілі? -(Балалардың
жауабы.) -Көктемде табиғат оянады, қар еріп, күн жылынады, құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады , өсімдіктер гүлдеп көктейді, жәндіктер оянады.
Адам баласы еңбек арқылы дамып жетіледі. Еңбек адамның денесі шынықтырады, мінез – құлқын қалыптастырады. Еңбектің көптеген түрі бар, соның бірі көктемгі еңбек.
Балалар қима суреттерді пайдалана отырып, плакатқа «көктемгі бақты» жапсырмалап бейнелейді. Әңгімелеп, қорғайды.
Дамытушы ойындар: 1 топ: Ойын «Көктемгі санамақ» Шарты: Санамақта берілген көктем мезгіліне сәйкес суреттерді тиісінше сандармен сәйкестендіреді. Әңгімелейді.
2 топ: Ойын «Көктемгі еңбек» Шарты: Балалар көктемгі еңбек пен ойын түрлерін ажыратып, бөліктерге бөліп орналастырады.
3 топ «Геометриялық фигуралардан ұялар құрастыр» ойыны Шарты: Берілген геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, ұяларды құрастырады, қорғайды.
4 топ: Ойын «Көктемгі еңбек» Шарты: балалар көктемгі еңбек бейнеленген суретті бояйды.
Сергіту сәті "Ұшты-ұшты": Зейінді тексеруге арналған классикалық ойын. Ұшатын заттарды айтқанда қолдарын көтереді, ұшпайтын заттарда (мысалы, "арба ұшты") қозғалмауы керек.
Тәжірибе Балалар асқабақ пен болгар бұрышының дәндерін ажыратып, тәрбиешінің жетекшілігімен асқабақ дәндерін егіп, отырғызады. Топта қадағалап, зерттеп, нәтижеге қол жеткізеді.
|
|
Жетекші-қозғаушы
|
Кері байланыс: -Сонымен балалар, көктемде адамдар егін егіп, гүлдер, ағаштар отырғызып жатыр. Оның бізге қажеті не? Ағаштарды отырғызбай-ақ қойсақ болмай ма? Оны еккеннен не пайда? (Балалардың жауабы)
Балаларды мадақтап, марапаттау.
|
|
«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы
«Көктемгі еңбек»
( ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)
Ересек «Гүлдер» тобы
Өткізген: Дүйсембаева Анаргүл Қармысқызы
23.04.2026 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген