400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктемгі гүлдер

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған конспекті
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балауса» ортаңғы тобындағы оқу іс-әрекетіне

ұйымдастырылған конспекті



Білім беру саласы: Комплексті «Қатынас» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту», «Бейнелеу өнері», «Мүсіндеу»

Тақырыбы: Көктемгі гүлдер

Мақсаты: Көктем мезгілі туралы балалардың білімдерін бекіту. Сурет мазмұнына қарай әңгіме құрастыруға үйрету және тілдерін дамыту. Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу. «Көктемгі гүлдер» тақырыбына сурет салу және балалардың қалауы бойынша мүсіндеу. Қылқаламмен, ермексазбен жұмыс жасауды, саусақ моторикасын дамыту. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: «Көктем» тақырыбына байланысты сурет, сурет салуға бояу, реңді қағаз, су құйылған құты, қылқалам, сүлгі; мүсіндеуге ермексаз, тақтайша, дымқыл салфетка.

Аймақтық компонент: Біздің ауылымыздың табиғаты, көктем көрінісі туралы білімдерін толықтыру.

Қос тілдік компонент: көктем-весна , жаңбыр-дождь, бақбақ-одуванчик, қызғалдақ-тьюлпан, бәйшешек-одуванчик

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

1.Шаттық шеңбері:

(Тәрбиеші көктем болып келеді)

Кел балалар ортаға!

Үлкен шеңбер құрайық!

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң достарым!

Сәлеметсізбе, Здравстуйте, Неllo

Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасап отырады.

Іздену-

ұйымдастырушы


2. Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады,

Балаларым айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?


Дұрыс, айтасыңдар қазір көктем мезгілі

-Көктем мезігілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

-Балалар, сендер білесіңдер ме, жаңбыр жаумас бұрын далада қандай табиғат құбылысы болады?

Ия жел соғады. Олай болса желдің дауысы қалай естіледі?

-Көктем айларын кім атап береді?

-Көктем мезгілі сендерге ұнайма?

-Көктем орысша қалай аталады?


Біз аймақта көктем болама?


-Бұл көктем мезгілінде болады


Жаңбыр жауады, күн күркірейді

Ағаштар бүршік жарады, гүлдер өсіп шығады, құстар, жәндіктер, жануарлар, оянады.

Жел соғады

Гу-гу-гу деп гуілдейді

Наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады

Балалардың жауаптары

Весна



3. Тәрбиеші сурет көрсетеді?

Балалар мына суретке қандай ат беруге болады?

(Көктем. Көктем келді. Қош келдің көктем)

  1. Мына суретте жылдың қай мезгілі?

  2. Көктем екенін қайдан білдіңдер?

  3. Көктемде қандай өзгерістер болады?

  4. Ауа райы қандай?

  5. Көктем мезгілінде балалар қалай киінеді?

  6. Суреттегі балалар не істеп жүр?

  7. Қолдарында не бар?

  8. Құстар ұшып келіп жатырма?

2-3 бала шығып әңгімелерін құрастырып айтады.

Балалардың дұрыс, толық жауап берулерін бақылайды.

4. Балалар кім көктем туралы тақпақтар біледі? - Жарайсыңдар балалар!

Тәрбеші: Балалар анау алыстан келдім. Бірақ мен алы ешқандай гүл кездестірмедім.

-Көктемде ең алғаш қандай гүлдер шығады?

Бәйшешек-подснежник

Бақбақ-одуванчик

Қызғалдақ-тюльпан


5. Тыныс алу жаттығуы

Бақбақ гүлін үрлеу


6.Сергіту сәті

Гүл бағына барайық,

Гүл теріп алайық,

Ең әдемісін, үлкенін

Анамызға сыйлайық

7.Балалар маған көктемгі гүлдердің суреттерін салып, мүсіндеп бересіңдерме?

Балалар екі топқа бөлініп (қызғалдақ, бақбақ) эмблемаға сәйкес екі қатарға отырады. Мен үстелдерге сурет салуға, мүсіндеуге қажетті құралдарды даярлап қойдым. Тәрбиеші балаларға үлгіні көрсетеді. Сурет салу, мүсіндеу, әдістерін естеріне салады.

Мен сендерге сәттілік тілеймін!

Балалар даяр болған жұмыстарын тақтаға орналастырады.

Өте әдемі және ұқыпты орындалған жұмыстар! Мен сендердің осы жұмыстарыңды өзіммен бірге ала кетемін. Мен сендерге тек келмедім өз

патшалығымнан сыйлығымды ала келдім

Сұрақтарға жауап береді. Көктем мезгілі туралы білетіндерін айтады.


Балалар ойланып суретке ат қояды.

Балалар күз туралы тақпақтарын айтып береді.


1-2 бала тақпақ айтып береді





Бәйшешек, бақбақ, қызғалдақ


Өлең шумағына қарап қимыл іс-әрекет жасайды





Жұмыс үстеліне келіп орындағылары келетін бейнелеу өнерінің түрін таңдап, сол орынға отырады. Көктем тақырыбына байланысты өтілген сабақтар бойынша суреттерін салады. Мүсіндеуден қызғалдақты жасайды. Ал, бақбақ гүлін салады






Рефлексті– коррекциялаушы



Қорытындылау.

  • Балалар бүгін біз қай мезгіл туралы әңігмелестік?

  • Қандай жұмыстар орындадық?

  • Сендерге сабақ ұнадыма?

  • Сендер сабаққа қалай қатыстыңдар.

Балаларды ынталандыру үшін мадақтау сөздер айту.

Қорытынды сұрақтарға жауап береді. Сабаққа қалай қатысқанын айтады. Сабақ несімен ұнағандығын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көктем мезгілінің ерекшеліктері, тақпақтар, жұмбақтар біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Диалогтік тілдесу туралы, сөздерге қарама қарсы сөздер айту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрауға дағдыланады. Ермексазбен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Берілген тақырып бойынша бейнелеу өнерінің туындыларын жасауға дағдыланады.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
4448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі