400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктемгі орман тынысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көктемгі орман тынысы

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сурет, музыка жапсыру , мүсіндеу.

Тақырыбы: Көктемгі орман тынысы.

Мақсаты: Балалардың көктем туралы түсініктерін бекіту, көктемде ұшып келетін қарлығаш құсымен және қызғалдақ гүлімен таныстыру.

Адамгершілікке тәрбиелеу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық көрсете

білуге тәрбиелеу. Тапсырмаларды орындай отырып, құрастыру, көркемсөз арқылы сөздік қорларын молайту. Ой-өрісін дамыту, көктемге саяхат жасап,

көңіл күйлерін көтеру. Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Көрнекіліктер: Үлкен паноға салынған көктемгі орман келбеті, құстардың суреті, аңдар түрлі, үлестірмелі тапсырмалар.

Әдіс-тәсіл: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын көрсету, түсіндіру, мадақтау. Билингвалдық компонент: Көктем-весна, орман-лес, қызғалдақ-тюльпан.­­­­­­­

Балалар әнұран орындайды.

Шаттық шеңбері: Ал, балалар тұрайық, Ауадан қуат алайық. Алақанға салайық, Күннен қуат алайық. Күннен алған жылуды, Жүрегімізге салайық. Жүректегі жылуды, Бір-бірімізге сыйлайық.

- Жарайсыңдар, балалар көңіл күйлерің жақсы сияқты. Енді орнымызға келіп отырайық.

- Балалар, бір жылда қанша мезгіл бар.

- Төрт мезгіл бар.

- Атайықшы –Қыс, Көктем, Жаз, Күз. –Балалар, қазір жылдың қай мезгілі

–Ақпан. Сосын көктем.

–Көктемде қандай өзгерістер болады. –Көктемде қар ериді, күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, көк шығады, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді.

–Балалар, сендер құстар, көктем мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме? Мағжан: Келді көктем далаға, Келді сұлу шағала. Аспандағы ақ құстар Айдын көлді арала. Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты Алақай-ау, алақай Көктем қандай көңілді. Ж.Каусар: Дала гүлге оранды,

Түрлі түске боянды. Нұрлы көктем келген кезде Табиғат та оянды. Саян: Көктем келді су ақты, Қырда алғашқы гүл ашты. Әжем отыр шуақта Айналдырып ұршықты. Аят: Көктем сені күттім мен, Көк шалғынды сағынып. Жүретін әсем гүліңді Шаштарына тағынып. Азамат: Көктем келді, жер көгерді Табиғат әсем күйге енді Дала гүлге бөленді Шалғынына кенелді.

Балалар «Көктем өрнегі» әнін орындайды. Теледидардан хабарлама келеді. Қоян балалардан көмек сұрап, оларды орманға саяхатқа шақырады.

- Балалар, орманды білеміз бе?

- Ия.

–Балалар, орманға саяхатқа немен баруға болады?

- Велосипедпен, автобуспен, машинамен баратындарын айтып, дөңгеленіп тұра қалады.

Отырмын рөлде, Моторым гүрілде Ойыншық машинам Тарт алға асыға. Үнтаспадан құстардың дыбысы естіледі.

- Балалар, көктемгі орман қандай әдемі, тамаша екен. Нелердің дауысын естіп тұрсыңдар? (Құстардың дауысы)

- Ия, дұрыс айтасыңдар. Көктемде жыл құсы қарлығаш ұшып келеді. Қарлығаш құсын ұя салып, қарсы алуымыз керек. Оның төсі ақ, құйрығы айыр болады. Қарлығаш құсы өзінің ұясын балшықтан жасайды. Құстарға жем беріп, қамқорлық жасауымыз керек. Ал енді осы орманда қандай аңдар тұратынын білесіңдер ме?

- Қоян, түлкі, қасқыр, кірпі, аю. ( Балалардың алдынан қоян шығады)

- Балалар менің орманымда әдемі қызғалдақтар өсіп тұр, осы қызғалдақтарды салып, үйренейін деп едім.

- Балалар, қоянға көмектесеміз бе?

Сурет: «Гүлдердің суреті»

  • Балалар, қызғалдақ гүлінің түсі қандай? ( Қызыл, сары).

  • Жарайсыңдар балалар, сендер өте тамаша салады екенсіңдер. Ал осы қызғалдақты орыс тілінде қалай атаймыз? (Тюльпан)

«Қарындаш» өлеңі

Қызыл-жасыл, қарасаң,

Қолға кезек аласың.

Қарындашпен әр түрлі,

Алуан сурет саласың.

Қарындаштың көмегі,

Міне, қандай көп еді.

Ұштай біл де, ұстай біл,

Түрлі өнер төгеді.

«Қызғалдақ» өлеңі

Қызғалдақтың суреті,

Қызыл түстің құрметі.

Толды қызыл гүлдерге

Дәптерімнің бір беті.

- Балалар, қызғалдақтарды салу әдісін қоянға көрсетейік. Қоянға балалардың салған суреті ұнады.

Қоян балаларға орман көрінісін сипаттап беруді сұранады.

- Ал, балалар олай болса орманның көрінісін жапсырып бейнелейік.

- Балалар, орман көрінісін бейнелейді. Табиғаттың көрінісі өте тамаша.

Тербеледі ағаштар,

Жел бетімен еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

- Балалар, орманда қандай ағаштар өседі? Сендер қандай талдарды білесіңдер?

- Қара ағаш, емен, шырша, ақ қайың.

- Талдардың қандай пайдасы бар?

- Ауаны тазартады, ыстық күнде көлеңке болады.

- Балалар, орман жанында тағы не көруге болады?

- Көл.

- Көл бетінде не жүзіп жүр?

- Қайық.

- Олай болса бәріміз бірге қайықты құрастырайық.

- Жарайсыңдар балалар!

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Қоян: Балалар, сендерге көп-көп рахмет, сендер ақылды білімпаз екенсіңдер. Сау болыңдар!

Қорытынды: Орман ағаштарын, жыл мезгілдерін, орман жануарларының атауларын біледі. Берілген сұраққа жауап беріп, жапсыру тәсілдерін игереді.

Осымен біздің ашық сабағымыз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
522
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі