Астана
қаласы
№34 «Ақ бидай»
балабақшасы
Тәрбиеші: Мұратова
Б.Б
кіші
тобы
Білім беру
саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу
қызметі:«Сенсорика»
Тақырыбы: «Көктемгі орманға
саяхат»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы
білімдерін бекіту. Түстерді атау. Кеңістікте өз орнын тауып, қай
бағытта тұрғанын (оң, сол жағында) ажырату. Өздеріне таныс затарды
салыстыру нәтижесесінде көлемдері әр түрлі заттарды салыстыра
білуге үйрету. Жабайы жануарлар,аңдар туралы түсініктерін
кеңейту.Балалардың ой-өрісін,ұсақ қол моторикасын,логикалық ойлау
қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Көрнекі
құралдар:Орман аңдарының макеті,
бал,геометриялық пішіндер, сәбіздер,улкен,кіші себеттер,әр балаға
бақбақ гүлдер,
жолдорба,машиналар,пирамидалар.
Сөздік
жұмыс:жолдорба.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету,аудио,дидактикалық
ойындар,сергіту,жұмбақ жасыру,сеген
элементтері.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық
кезең.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көп
қонақтар келіпті. Қане, қонақтарға амандасып алайық. (Балалар
амандасады).
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше
күн. Ерекше күнді бастамас бұрын көңіл- күйімізді көтеріп
алайық.
Шаттық
шеңбер:Алақанды
ашайық,
Күннің нұрын
салайық.
Жүрек жылуын
салайық,
Жиналған жылу
шуақтарды,
Қонақтарға
шашайық.
-Ал, балалар бір- бірімізге
сәттілік тіледік. Олай болса,мен жұмбақ
жасырайын.
Күн
жылынып,
Қар-мұз
еріп,
Жерді гүлдер
басады.
Айтыңдаршы балалар,бұл қай
кезде болады?
Балалардың
жауабы:(Көктем)
Тәрбиеші: Дұрыс,
балалар.
Тәрбиеші: Көктемде табиғатта қандай
өзгерістер болады?
Балалардың
жауабы: күн жылынады,құстар ұшып
келеді.Ағаштар бүршік жарып,жапырақ өседі.Жерде шөп
өседі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар
балалар!
Балалар сендер орманға
саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалардың
жауабы: Иә.
II. Негігі
кезең.
(Есік қағылады. Жылаған дауыс
естіледі)
Тәрбиеші: Балалар, бір дыбыс естідіңдер
ме?.
Балалардың
жауабы: Иә.
Ғажайып
сәт:
(Топқа құмырсқа
кіреді)
Құмырсқа:Сәлем
балалар!
Балалар
амандасады.
Құмырсқа:балалар, мен өзіме дос іздеп
жүрмін.Қайда барарымды білмей тұрмын.
(жылайды)
Балалар: құмырсқаны
жұбатады.
Тәрбиеші: Құмырсқа, олай
болса,барлығымыз орманға саяхат жасауға бірге барайық.Балалар бізге
саяхатқа бару үшін жолдорба қажет. Жолдорбамызға қажетті
заттарымызды салып алайық. (балаларға жолдорба туралы
түсіндіру)
Жолда адасып қалмау
үшін,қолымыздан ұстап жүреміз. Ешкім қалып қойған жоқ па? Қане,
саяхатымызды бастаймыз.
Тәрбиеші:балалар,орманда қандай жабайы
аңдарды білесіңдер?
Балалар:Аю,қоян,қасқыр,түлкі.
Тәрбиеші:Дұрыс
айтасыңдар.
Қане, балалар жол
қысқартып,орман аңдарының жүрісін көрсетіп,аңдар туралы тақпақ
айтып барайық.
Сендер аюдың қалай жүретінін
білесіңдер ме?
Балалар:Иә.
Қорбаңдаған
аюдың,
Құлпынайы көп
екен.
Теріп-теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық.
Ал, қоянның қалай жүретінін
көрсетіңдерші.
Тәрбиеші:Ал қоянның қалай жүретінін
білесіңдер ме?
Балалар:Иә.
Ұзын құлақ,сұр
қоян,
Естіп қалды
сыбдырды,
Ойлы-қырлы
жерлермен,
Ытқып-ытқып
секірді.
(Балалар өлеңді
қайталап,аюдың,қоянның жүрісін қимылмен
көрсетеді)
(Орман дыбысы жазылған әуен
қосылады)
Тәрбиеші:балаларға орманғакелгенін
айтады.Сендерге қандай дыбыс естілді?
Балалар:Араның
дыбысы.
Тәрбиеші: Қане, бәріміз бірге
қайталайық.
Тіл
ұстартужаттығуы:
Ра-ра-ра,гүлге қонды
ара,
Ла-ла-ла,араның үсті
ала.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы орманның
іші қандай керемет. Ауасы таза, жап –жасыл ағаштар. Жерде әдемі
бақбақ гүлдері өсіп тұр.
Қанекей, бәріміз бақбақ гүлін
алып, бірге үрлеп көрейік.
Тыныс алу
жаттығуы:«Бақбақты үрлейміз»
Балалар бірге жасайды,гүлдің
түсін,атауын айтады.
Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы мына жерде
аюға көмек керек сияқты.Аю ағаштан өрмелеп жүріп құлап
қалыпты.Үстіндегі киімдерін жыртып алған сияқты.Сендер көмектесе
аласыңдар ма?
Балалардың
жауабы:Иә
көмектесеміз.
Тапсырма: «Пішіндерді
орналастыр»
Шарты: Геометриялық пішіндерді
пайдалану арқылыаюдың киімін жамап беру.Тәрбиеші әр баладан
сұрайды.
Тәрбиеші:Аю нені жақсы
көреді?
Балалардың
жауабы: балды жақсы
көреді.
Тәрбиеші:Олай болса,біздің
жолдорбамызды қарап көрейік.
(Жолдарбадағы балды аюға
береді)
Тәрбиеші: Қанекей, балалар таза ауада
бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Көңіл-күй»
(Әуен
қосылады)
Балалар қимылмен
көрсетеді.
Тәрбиеші: Саяхатымызды
жалғастырайық.Тағы кім орманда тұрады
екен?
Балалар
жауабы: Қоян.
Тәрбиеші:Қараңдаршы,
қоян сәбіздерін шашып
алыпты.Біз қоянға көмектесуіміз керек.
Дидактикалық ойын:
«Ажыратып сал»
Шарты: Қоянға қамқорлық танытып,үлкен
және кішкентай себетке сәбіздерді көлеміне қарай ажыратып жинап
беру.Тәрбиеші әр баладан сұрайды.
Тәрбиеші:Қоян нені жақсы
көреді?
Балалардың
жауабы: сәбізді жақсы
көреді.
Тәрбиеші: Саяхатымызды
жалғастырайық.
Құмырсқа: Балалар сендермен ойын ойнағым
келеді.
Қимылды ойын: «Пирамида
сақиналарын жинау»
Шарты: Балаларды екі топқа бөлінеді.
Машина көлігінің көмегімен пирамида сақиналарын сала отырып,
пирамида жинау.
Тәрбиеші: Балалар, бізге балабақшаға
тездетіп баруымыз керек. Түскі ас ішетін уақыт болды.Балабақшадағы
достарымыз күтіп отыр.
ІІІ. Рефлексиялық
түзетушілік.
Қорытынды:
Балалар, бізге кімдер
келді?
Балалар сендерге саяхат ұнады
ма?
Біз қайда
бардық?
Орманға.
Орманда не
істедік?
Бізбен бірге орманға кім
барды?
Балалардың
жауабы.
Балалар, маған сендермен
саяхатқа барған өте ұнады.Жарайсыңдар!
Балалар, бүгін сендер жақсы
балалар болдыңдар. Берілген тапсырмаларды
орындадыңдар.Ал, мен сендерге тосынсый
дайындап қойдым.Балаларға таратады. Құмырсқа балалармен қоштасып
кетеді.
-Ал,балалар келген
қонақтармен қоштасайық.
Сау
болыңыздар!