Көктемгі қауіпсіз демалыс (жоспар)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктемгі қауіпсіз демалыс (жоспар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға су қауіпсіздігі туралы түсінік беру, көктемгі демалыстағы оқушы қауіпсіздігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Көктемгі қауіпсіз демалыс

Мақсаты: Ата-аналарға су тасқыны туралы түсінік жұмыстарын жүргізу, одан қорғану, көктемдегі қауіпсіздік туралы мағлұмат беру, оқушыларды қауіптен сақтауға шақыру

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме,ой қорыту

Көрнекілігі: суреттер, бейнетаспалар

Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Су тасқынына қалай дайындалу керек?

Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.

Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы заттарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.

Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек?

Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есіктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет.


Көктем кезінде есте сақтайтын қауіпсіздік ережелері.

Көктемде қандай ережелерді сақтау керекпіз. Біз қазір «Кім ойшыл» деген ойын ойнаймыз. Мына парақтарға қауіпті жағдайдың суретін салып, сол кезде қауіпсіздікті қалай сақтау керектігін айтып қорғаймыз.

Қауіпсіздік туралы видео көрсетемін.

Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастады. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша төрт қайғылы жағдай тіркелген. Соның салдарынан үш адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы. Бұл жағдай ата - аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласады.

Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар.

Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер.

Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер.

Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін.

Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды.

Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі.

Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды.

Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер.

Шығармашылық жұмыс

1-топ Су туралы мақал-мәтел жазу.

2-топ. Су туралы тыйым сөздер жазу.

Қорытындылау.

Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.

Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.

Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарыңмен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сендер бұндай жағдаймен кездесеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.

















Соркөл орта мектебі



Бекітемін.

ДТІЖО: Теміржанова А.А










Тақырыбы:

«Көктемгі қауіпсіз демалыс»




Өткізген: Ақөтенова Ш.Б













2023-2024 оқу жылы


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2024
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі