400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көктемгі құбылыстар" шағын орталық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектепке дейінгі шағын орталық тобы және балабақша тәрбиешілеріне көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өткізілетін күні, айы, жылы 15.02.2019 ж.Тәрбиеші:Садуова Б.Ш Білім беру саласы : «таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: жаратылыстануТақырыбы: «Көктемгі құбылыстар» (табиғатқа экскурсия)Білімділік міндеті:табиғаттың маусымдық өзгерістері туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы, ауа райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға ынталандыру. Балаларды табиғатты және ауа райы жағдайын бақылау нәтижелерін (жаңбыр, қар, тұман) табиғат күнтізбесінде белгілеуге үйрету.Дамытушылық міндеті:өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдықбелсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;Тәрбиелік міндеті:қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар:табиғат құбылыстарының суреті: бұлт, күн, қар.

Оқу іс-әрекетініңкезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушыБалалар, бүгін ауа райы қандай болып тұрса да, біз бір – бірімізге көтеріңкі көңіл- күй сыйлайық.Шаттық шеңбер:Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі.Кіп-кішкентай ағаштарҮп-үлкен боп өседі.

Тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар, бүгін ауа райы жылы, күн шығып тұр.Ауа райы әртүрлі болады, бірде күн ашық болады, бірде жаңбыр немесе қар жауады.Жұмбақ жасыру.Ақсандығым ашылды,Ішінен жібек шашылды. (Күн).Қолымыздан ұстап дөңгелене ұстайық. Біз қазір неге ұқсадық?Балалар қалай ойлайсыңдар бізге күн не үшін қажет?Күн әлемге жарық беріп, шуағын шашады. Балалар біз немен тыныс аламыз?Дұрыс айтасыңдар біз ауамен тыныс аламыз. Ауасыз бізге тіршілік жоқ. Таза ауа тыныстау үшін керек.Тәрбиеші: Сергіту сәті: Жаңбыр жауды — тырс²,Боран соқты — гу²,Жел тұрды — ыли²,Найзағай ойнайды — тарс-тұрс.

Ойын: Табиғат құбылыстары жайындағы жұмбақтарды шешу.

Дүрліктіріп қырқаны ,Шақпақ тастың жарқылыБұлт көрпесін жыртады . (Найзағай)

Шашылды көктен ақ моншақ ,Жоғалды біздер тапқанша-ақ . (Бұршақ)Көзіңе көрінбейді ,Қаңғуға ерінбейді .Шалғынды жапырады ,Жол бойын сыпырады. (Жел)

Мөлдіреген жүзімдіҰстапедім ,езілді . (Шық)Шөпті жапырып ,Құмды сапырып ,Қоқысты үйіріп ,Әкеткен не шүйіріп? (Құйын) - Балалар қыс мезгілінде не жауады?Тәрбиеші: - Қыста, қар жауады, жел тұрады, күн суық болады. Осының бәрі табиғат құбылыстарына жатады.Ойын: «Күн мен түн» Шарты: Балаларға «күн»дегенде, олар қолдарын ашып, дөңгелек жасайды, ал «түн» дегенде, олар ұйықтаған болады.Балалар ойынды қызыға ойнайды.


Тәрбиешінің айтқандарын қайталайды.

Күн

Күнге.



Ауамен тыныс аламыз. 



Сәйкес қимылдар жасайды



Жұмбақтың шешуін табадыНайзағай, бұршақ, жел,шық, құйын,





















Суретке қарап жауап береді:
Рефлексиялық-түзетушілік. Тәрбиеші: - Бүгінгі оқу іс – әрекетіміз жақсы тілекпен аяқтайық. Әрқашан күн сөнбесін! Ауамыз әрқашан да таза болсын! Суымыз тұнық болсын!Балалар: Бірге қайталап тілектерін айтады.Барлық бала осыған ұқсас тілектерін айтады .


Күтілетін нәтиже:Білу керек:Табиғат құбылыстарын (бұлт, қар, жаңбыр) біледі;Болу керек: Тақырыпқа сәйкес берілген жұмбақтың шешуін тауып, ойын шартын орындай алатын дағдыларды игереді;Үйрену керек: Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының өзгешеліктері туралы білімді меңгереді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі