400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Көктемгі шалғын, ашық оқу - қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгілі туралы түсінік қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу – қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру, аппликация.

Тақырыбы: Көктемгі алаңқай.

Мақсаты: Көктемгі мезгіліндегі ерекшеліктерді ажыратуға үйрету. Жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер және гүлдер туралы білімдерін, ойлау қабілетін және тілін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Гүлдер; көбелек, құс, кірпі, тиін костюмдері.

Сөздік жұмысы: көктем – весна, гүл – цветы, көбелек – бабочка.

Оқу қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру – оятушы:

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақтар келді. Кәне, бәріміз қонақтармен амандасайық.

Сәлем дейміз күнге біз,

Сәлем деймін саған мен.

Сәлем дейміз апайға,

Қонақтарға, баршаға

Сәлеметсіздер ме.



Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды.

Ұйым

дасты

рушы – ізденуші:

Тәрбиеші: Балалар орнымызға отырайық. Қазір жылдың қай мезгілі балалар?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қазір көктем мезгілі. Ал көктем екенін біз қайдан білдік? Мысалы, мен көктем келгенін күн ұзарып, түн қысқарғаннан білдім. Ал, сендер ше қайдан білдіңдер?

Тәрбиеші: Балалар көктем туралы тақпақ кім айтып береді.

Нұрасыл:

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

әнмен қарсы аламыз.

Еркежан:

Міне келді көктемде,

Күн ұзара бастады.

Улап – шулап балалар,

Ағаштардың басына,

Ұя жасап тастады.

Т.Айзере:

Көктем келді күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп.

Шыға келді қыр түлеп.

Тәрбиеші: Иа, балалар. Дұрыс айтасыңдар. Мен қазір сендерге көктем мезгілі туралы «Көктемгі алаңқай» атты жаңа ертегі айтып беремін. Сендер маған көмектесіңдер ме? Балалар, алаңқайды көріп тұрсыңдар ма? (ағаш, саңырауқұлақ, күн). Қазір мен сендерді ертегі кейіпкерлеріне айналдырамын. Ерте, ерте, ертеде бір орманды алаңқайда кіп – кішкентай кірпі дүниеге келіпті. Ол өте кішкентай және ештеңені білмепті. Содан анасы кірпіге алаңқайды таныстыруды ұйғарыпты. Кірпі мен анасы гүлге жақын келіп. – Қарашы қандай әдемі гүл – дейді анасы. Гүлдер не үшін керек? – деп сұрайды кішкентай кірпі. Балалар гүлдер не үшін керек?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Аралар гүлдерден жинаған шырыннан дәмді бал жинайды. Көктемде өсетін қандай гүлдерді білесіңдер?

Тәрбиеші: Кішкентай кірпі көбелекке келіп: Ой, қандай әдемі гүл! – дейді.

Тәрбиеші: Балалар бұл гүл ме?

Көбелек (Кәусар): Мен көбелекпін.

Тәрбиеші: Көбелек кірпіге айтшы сен не істей аласың? Қыста қайда болдың?

Көбелек (Кәусар): Мен көбелек, мен ұша аламын. Қыста кепкен жапырақта ұйықтаймын. Ал көктемде ұйқыдан тұрамын, алаңқайда ұшамын.

Тәрбиеші: Балалар көбелек сияқты бәріміз ұшайықшы.

Кірпі: Маған көбелек қатты ұнады. Мен тағы үлкен көбелек көрдім (Құсты көрсетеді).

Тәрбиеші: Кірпі жан тоқташы, бұл кім екенін сұрайық.

Құс (Сәния): Мен құспын. Ағаштан ағашқа ұшамын. Құрт – құмырсқамен қоректенемін. Көбелектерді де жеймін.

Кірпі: Құс көбелекті жемеші ол сондай әдемі.

Тәрбиеші: Құстар біздің және де ағаштардың досы. Ол ағаштарды құрт – құмырсқадан қорғайды. Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер айтыңдаршы кірпіге?

Балалар: Қарлығаш, қарға, көгершін т.б.

Кірпе: Қандай әдемі құс қараңдаршы (Тиінге).

Тәрбиеші: Кірпі жан сен қайтадан шатастырып алдың. Өзінен сұрайық бұл кім екен?

Тиін (Сатирам): Мен тиінмін. Мен орманда ағаш басында өмір сүремін. Мен саңырауқұлақ пен жаңғақты жақсы көремін.

Тәрбиеші: Тиін құс емес ол не балалар?

Тәрбиеші: Балалар сендер орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

Кірпі: Маған көктемгі алаңқай өте қатты ұнады. Маған өте қызықты болды. Мен көп нәрсені білдім. Мен барлығымен дос болдым.

Тәрбиеші: Ал, балалар ендеше біз кірпіге гүл, саңырауқұлақ, көбелекті әсемдеп берейік. Үш топқа бөлініп отыра қалайық. Үстел үстінде әр топқа арналған тапсырмалар тұр. Бірінші үстел үстінде гүлдер тұр. Екінші үстел үстінде саңырауқұлақтар тұр. Үшінші үстел үстінде көбелектер тұр. Сендер осыларға қиылған дөңгелектерді жабыстыруларың керек.



Көктем. Еркежан: Көктемде күн жарқырайды,

құстар ұшып келеді, қар ериді, жаңбыр жауады.

Сәния: Көктемде ағаштарға жапырақ өсіп шығады.

Сатирам: Көктемде жасыл шөп шығады, көбелектер ұшады, қоңыздар, шегірткелер, аралар оянады.

Раяна: Көктемде көп гүлдер гүлдейді.





Балалар мұқият тыңдайды, ертегіні қояға көмектеседі









Сатирам: аралар гүлдерден тәтті шырын жинайды.


Бәйшешек, қызғалдақ. т.б.

Жоқ.







Балалар көбелек болып ұшады.





Балалар құс болып ұшады.
















Тиін – ол жануар.


Аю, қасқыр, түлкі т.б.




Балалар үш үстелге бөлініп отырып, жұмыстарын жасауға кіріседі.


Рефлексивті – түзетуші.

Қорытындылау: Балаларды мадақтау. Жасалған жұмыстарымен алаңқайды әсемдейді. Кірпі балаларға рахметін айтып, сыйлығын береді.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау – саламат болайық.


Балалар жасаған жұмысын көрсетіп, кірпімен қоштасады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі