Р.Ж.Тайгушкарова
қазақ тілі
мұғалімі
Ұйымдастырылған
іс-әрекеттің
технологиялық
картасы
Білім беру саласы:
«Коммуникация»
Бөлімі:
«Қазақ
тілі»
Тақырыбы: «Көктемгі
табиғат»
Мақсаты: Жеке сөздерден сөз
тіркестерін, шағын сөйлемдер құрай отырып, көктем мезгілін тірек
сызбалардың көмегі арқылы сипаттау. Қыспен көктем
мезгілдерін салыстыра отырып бекіту. Балалардың ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Бір – бірін
тыңдауға, табиғатты сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Әдіс –
тәсілдер: Көрсету, сұрақ-жауап,
ойын,тірек сызбалармен жұмыс.
Көрнекіліктер: Тірек сызбалар, ұзақ құсының
суреті, көктемгі орманның көрінісі.
Меңгерілетін
сөздер: Жылғалардан су ағады, бұршақ
жарады, бәйшешек гүлдейді
|
Әрекет
кезеңдері
|
Әрекет
барысы
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс -
әрекеті
|
|
Мотивация-лық
қозғаушы
|
Амандасу
шеңбері
Қызығушылықтарын
ояту
|
Сәлем деймін мен
күнге
Сәлем деймін мен
саған.
Сәлем деймін
апайға,
Ағаштарға,
құстарға.
Көңіл – күйлерін, апта
күнін, жыл мезгілін сұрау.
Балалар, бізге аю анадан хат
келді, оның қонжығы апаннан шығуға қорқады. Ол көктем мезгілі
қандай екенін білмейді. Балалар, қонжыққа көктемнің әсем табиғатын
сипаттап берейікші. Аю анаға көмектесейік.
|
Бәрі бірге дұрыс, әрі анық
айтады.
Балалардың
жауабы.
|
|
Іздену ұйымдасты
-рушысы
|
Тірек сызбамен
жұмыс
Жаңа сөздермен
жұмыс
Сергіту
сәті:
|
- Балалар, қараңдаршы,
табиғатымыз қандай көрікті, әдемі.
Ал көктем мезгілінде қандай
өзгерістер байқалатынын айтып беру үшін, бізге біздің көмекші тірек
сызбамыз көмектеседі. (Сұрақты бірнеше тәсілдер
арқылы қоя отырып (жекеше, эстафета түрінде, «мен бастаймын, сен
аяқтайсын», т.б.), жауаптарды аламын
жы-жы-жы
–жылға
ға-ға-ға
–жылға
жылға –
жылғалар
ды-ды-ды
–ағады
бұ-бұ-бұ-
бұршақ
шақ-шақ-шақ –
бұршақ
бұршақ –
бұршақтар
бә-бә-бә-
бәйшешек
Қонжық шықты
далаға,
Жан- жағына
қарады.
Жүгірді,
секірді,
Орнына кеп
отырды.
|
Балалар тірек сызбамен жұмыс
істейді.
Балалар 2-3 рет жекеше, топпен
қайталайды, естеріне сақтайды.
Шеңберге тұрып,
қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді, өлеңді дұрыс, әрі анық
айтады.
|
|
Рефлексивті-
коррекциялау
шы
|
Тірек сызбамен
жұмыс:
|
Тірек сызбаның көмегімен қыс
пен көктем мезгілдерін салыстыру.
|
|
Күтілетін
нәтиже:
Жаңа лексикалық бірліктерін
- біледі
Сөздердің мағынасын
- түсінеді
Тірек сызбалардың көмегімен
сөз тіркестерін, шағын сөйлемдер құрай отырып, қыс пен көктем
мезгілін салыстыруды - қолданады