Материалдар / Көктемгі үйшік ертегісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көктемгі үйшік ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу қызмет ертегі желісі бойынша ұйымдастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2024
109
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған іс-әрекет: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Ақылды үйшік»

Мақсат-міндеті:

  1. Балалардың көктем мезгілі жайлы түсінігін кеңейту, ауа-райы, ерекшеліктері

жайлы білімдерін бекіту

  1. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік, сезімдерін тәрбиелеу.

  2. Берілген тапсырмаларды тиянақты, толық орындауға биңмдеу,

  3. Балалардың шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, ойындар ойнату.

Көрнекіліктер: ертегі желісі бойынша слайд, көктем мезгіліне салынған суреттер, тапсырмаларға арналған материалдар

Барысы:

Міне, бүгін бізде ерекше ашық оқу іс- әрекетімізге қонақтар келіп отыр, ендеше біздер қонақтармен амандасайық., жылулық шеңберін жасайық. Балалар бастарын иіп, ізет көрсетеді.

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң Көк Аспан

Қайырлы таң Жер Ана

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң қоңақтар

Аман есен болайық

Бейбітшілікті қолдайық

Жарайсыздар балалар. Балалар текшелерді алып өздеріңіз қалаған түсті текшені таңдап, орынға жайғасайық.

  • Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

  • Көктем мезгілі.

  • Балалар, көктем мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?

  • Жаңбыр жауады, күн жылына бастайды .

  • Көктем мезгілінде адамдар қалай киінеді?

  • Адамдар жылы киінеді.

  • Балалар сіздерге көктемнің жаңбырлы күніңде орманда болған ертегіні тыңдағыларыңыз келе ма?

  • Ия

  • Ал ендеше тыныш отырып ертегіні тыңдайық

«Үйшік»

Ерте ерте ертеде орман ортасында әдемі ақылды үйшік болыпты, үйшікке тек ақылды, білімді аңдар ғана кіре алады екен.

Көктемнің жаңбырлы күні орманда тонып жүрген тышқан «Үйшікті» көреді. Қуанып кеттіп

  • Мына әдемі «Үйшікте» кім тұрады? Деп сұрайды

Бірақ үйшіктен ешкім жауап бермейді. Тышқан куанып иесі жоқ үйшік екенің кіріп өзім тұрайын, әйтпесе ауа райы өте суық тонып қалдым деп есігін ашпақшы болады. Бірақ есік ашылмайды. Есік сыртында «Бұл үйде тек ақылдылар ғана кіре алады, егер кіргін келсе тапсырманы орында, сонда саған сиқырлы есік ашылады » деп жазылған екен.

  • Балалар қараңыздаршы тышқанның көңіл күйі түсіп кетті. Ол енді мына аязда тонып қалатын болды. Тышқанға көмектескілерін келеме?

  • Ия

  • Ал ендеше есік сыртында жазылған тапсырманы қарап орындап көрейік



Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен ата»

Мақсаты: Әрбір карточкада бейнеленген суреттерді, ортақ сөзбен атауға үйрету.
Ойынның барысы: Балаларға суреттер көрсету арқылы олардың атауларын және оларға қандай ортақ сөз айтуға болатының айту.Мысалы: А,Ә,Б,Г,Д-әріптер немесе қияр, қызанақ,сәбіз,қырықабат- көкіністер

Тапсырма орындалып есік ашылып тышқан үйшікке кіреді.

Күндердің бір күні бұл үйшікке бақа келеді

  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын. Ал сен кімсің?

  • Ал мен, бақылдаған бақамын. Менде үйшікке кірсем болама, дала суық тонып қалдым?

  • Бақа мен сені кіргізер едім, бірақ бұл үйшіктің есігі тек тапсырма орындаған ақылды жанға ашылады. Сол себепті сенде мен сиякты есіктегі тапсырманы дұрыс орындасан, сиқырлы есік ашылады. – дейді тышқан

  • Есіктегі тапсырманы бақаға орындап көмектесеміз ба?

  • 1-10 сандарды тура және кері санап, көрші сандарды атау

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандардың кіші және үлкен көршісін атау

Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-5.

Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:педагог сандар арасынан 3 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , бала шығып 2 және 4 санын көрсетеді

Сиқырлы есік ашылып Бақа үйшікке кіреді. бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:

  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын.

  • Мен,..бақылдаған бақамын.

  • Ал сен кімсің?

  • Мен, секеңдеген қоянмын. Менде сендермен тұрайыншы іөітемнің жаңбырлы күні үстім су болып тоңып қалдым,-дейді аянышты үнмен. Бақа мен Тышқан, Қоянға үйшіктің сиқырлы есігі туралы айтады.

  • Қоянға берілген тапсырма

  • Дидактикалық ойын Заттың санның цифрмен белгіле

  • Мақсаты: Зейіннің аударылуы бөліну қасиеттерін дамыту. Баланың сан туралы түсініктерін дамыту

  • Барысы :Топтағы заттарды санау. Бір қатарда немесе шашырап аққан бір тектес заттарды санау осы заттардың сандық мөлшерін білдіретін цифрды атау. Бірден бастап баланың мүмкіндігіне қарай санату

Тапсырма орындалып сиқырлы есік ашылады. Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:

  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын.

  • Мен, бақылдаған бақамын.

  • Мен, секеңдеген қоянмын.

  • Ал сен кімсің?

  • Мен түлкішек-әпкемін. Менде сендермен бірге тұрайыншы дейді. Түлкігеде сиқырлы есіктің дайындап қойған тапсырмасы бар еді.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымыздан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үп үлкен боп өседі

Тапсырма дұрыс орындалып Түлкіде үйшікке кіреді.
Енді олар төртеу болады. Аңдардың жылы үйшікте тұрып жатқынның Қасқыр естиді. Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:

    • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

    • Мен, шиқылдауық тышқанмын.

    • Мен, бақылдаған бақамын.

    • Мен, секеңдеген қоянмын.

    • Мен, түлкішек-әпкемін.

    • Ал сен кімсің?

Мен, сұр қасқырмын.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мен заттардың жалпылама түрін білуге үйретуге арналған

Барысы: Әр суретте мезгіл бойынша бір зат артық бейнеленген, ал үшеуінің мағынасы бір мезгілді сипаттайды. Сол үш затты бір жалпылама сөзбен атау.

Ақылды үйшікке кірген аңдар тату –тәтті көңілді тұрады. Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап сұрайды:

  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын.

  • Мен, бақылдаған бақамын.

  • Мен, секеңдеген қоянмын.

  • Мен, түлкішек-әпкемін.

  • Мен, сұр қасқырмын.

  • Ал сен кімсің?

  • Мен, қорбаңдаған аюмын. Менде сендермен бірге тұрайыншы дала суық ұйқымнан ерте оянып тонып қалдым- дейди Аю. Үйшік ішіндегі аңдар сиқырлы ескітін тапсырмасын дұрыс орындасан ғана есік ашылатының айтып түсіндіреді. Аю есіктегі тапсырманы оқып бірақ орындағысы келмей, қолын бір сілтеп, аңдарға:

  • Сендер үйшіктің ішінде тұра берін, мен шатырында тұрамын деп, үйшіктің үстіне мінуге талпынады, үлкен аюды үйшік көтере алмай, аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады. Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты.

  • Аю достарының үйсіз қалғанына өзін кінәлап кешірірім сұрайды, достары аюды кешіріп оны бірге үлкен үй жасауға ұсыныс жасайды.

  • Балалар аюға қандай тапсырма берілгенің білгілерін келе ма?

  • Ия

  • Ендеше тыңдайық, қыс мезгіліне байланысты сурет салыңыздар, аққала жабыстырып, және құрастырыңыз, тапсырма күрделі ма?

  • Жоқ, біз жасайық

  • Ендеше балалар үйшіктің тапсырмасын барлығымыз бірігіп орындайық, топқа бөлініп отырған балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Бірінші топ: гүлдің суретін бояу

Екінші топ: гүлді ермексазбен жасау

Үшінші топ : гулді киындылармен жабыстырып шыгару

Балалар аңдар үйшікті құрастырғанша біз Аюға берген тапсырманы орындаймыз ба? Ендеше іске сәт алдарыңызда тұрған үлгіге қарап тапсырманы орындайық.

Балалар ертегіні қарап отырған теледидарға қарайықшы аңдар не істеп жатыр екен. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты! Бізде тапсырманы әдемі орындадық. Ал енді жаңа «Үйшікті» көрейік.

Қорытынды

  • Балалар қандай ертегі тыңдадық?

  • Үйшік

  • Ертегіде қандай мезгілде бейнеленген?

  • Көктем

  • Үйшікке қандай аңдар келді?

Аңдар жасаған үйшікті көрсету. Мараппаттау



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!