жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көктемнің алғашқы гүлдері
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу. Аппликация. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Көктемнің алғашқы гүлдері
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер жайлы
түсінік беру.
Балаларға дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді қолдандырып көктемнің
алғашқы гүлдерінің сурет салуға және жапсыруға қызығушылықтарын
арттыру.
Балалардың шығармашылық ой- қиялдарын, қол саусақ моторикасын
және тіл байлықтар дамыту.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты аялауға,
қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Көрнекліліктер: көктем мезгілі, көктем мезгілінің алғашқы гүлдерінің суреттері,
слайд
Қажетті құрал- жабдықтар: ақ парақ, гуашь, губка,түсті қағаз, қылқалам,кілегей,
қайшы, қалам, өшіргіш, дымқыл қол сүрткіш.
Полибилингв. компонент:Наурыз- март-march
Сәуір- апрель-airil
Мамыр- май-maу
Бәйшешек- подснежник- snowdrор
Бақбақ- одуванчик-dandeliоn
Қызғалдақ- тюльпан-tuliр
Ойын.технологиясы:Д/о:«Көктем кереметі»
Оқу қызметінің әрекеті |
Бейін оқытушысының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотив.қозғауш. |
Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық Күннің нұрын салайық Жиналған жылы шуақты Досымызға сыйлайық Қайырлы таң достарым! |
-Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын қимыл іс- әрекетімен көрсете алды |
Ұйымдастыруш. ізденістік
Полибилингв. компонент:
Полибилингв. компонент:
Көркем сөз
Сергіту сәті: |
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Көктем айларын үш тілде атап беріңдерші?
Көктем мезгіліндегі басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?
Балалар сендер білесіңдер ме? Көктемнің ең алғашқы гүлі бәйшешек. Бәйшешек гүлі өте нәзік гүл, ол қардың астында өседі. Қар еріп кете салып артынша бәйшешек гүлі шығады.Бәйшешек гүлін үш тілді айтайықшы? Одан кейін өсетін гүл бақбақ гүлі. Бақбақ гүлі жасыл шөппен бірге өседі.Балалар бақбақ гүлінің түсі қандай? Бақбақ гүлін үш тілді айтайықшы? Балалар ал мынау қандай гүл? Қызғалдақтың түстері әр түрлі болады екен, қызыл, сары, күлгін, сиякөк т.б. Қызғалдақ гүлін үш тілді айтайықшы? Балалар гүлдердің иістері қандай болады? Гүлдер қайда өседі? Балалар гүлдер жайлы мақал-мәтел білесіңдер ма?
Балалар көктем мезгілінде тағы қандай өзгерістер болады?
Дұрыс айтасындар балалар. Көктем мезгілінде табиғат ана оянып, жер ана жасыл түске енеді. Жарайсындар балалар көктем мезгілі және көктем мезгілінің алғашқы гүлдері туралы тақпақтар білесіңдерме?
Терезеден күн сығалап Бөлмемізге қарайды Қол созайық алақайлап Бойға шаттық тарайды
Балалар сендерге көктем гүлдерінің ішінде қандай гүл ұнайды?
Гүлдер не үшін сендерге ұнайды? Гүлдерді кімдерге теңейміз?
Балаларды екі топқа бөлу. Дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді қолданып жұмыс жасайды: 1-топ жұмсақ губканы бастыру арқылы бәйшешек гүлін салады. 2- топ қағазды жырту әдіс- тәсілімен бақбақ гүлін парақ бетіне жапсырады. |
-көктем мезгілі
-көктем мезгілінде үш ай бар
Наурыз- март-march Сәуір- апрель-airil Мамыр- май-maу
-күн жылынады, шөптер шығады, гүлдер гүлдеп, жеміс ағаштары гүлдейді т.б.
-Бәйшешек- подснежник- snowdrор
-бақбақ гүлі сары түсті, күнге ұқсайды
-бақбақ- одуванчик-dandeliоn
-қызғалдақ гүлі
- қызғалдақ- тюльпан-tuliр
-гүлдер хош иісті болады
-жерде өседі
- Қыз өссе -елдің көркі Гүл өссе- жердің көркі
-күн жылынады, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді, жәндіктер тіріледі, көбелектер гүлден- гүлге ұшып қонады.
Көктем келді шуақты Балаларды қуантты Алақай- ау, алақай Құстар сайрап, Бақтар жайнап гүл ашты.
Бәйшешектен білеміз Көктем келіп қалғанын Мәз боламыз күлеиіз Көрсек гүлін жарғанын
Үлпілдеген бақбақ Үлпілдеген аппақ Уф- десем, бақбақ Ұшачын ғой қаптап
Жомарт мынау табиғат Өсіргендей бізге арнап Қып- қызыл боп жалындап Қырға өседі қызғалдақ
-балалар шаттық көңіл күймен қимыл қозғалыстар жасай алды
-бәйшешек гүлі, бақбақ гүлі
-гүлдер өте әдемі, жұпар иісін шашып тұрады. -гүлдерді топтағы қыздарға, анамызға теңейміз.
-балалардың жеке жұмыстары
|
Рефлексивтік түзетушілік |
Д/ойын: «Көктем кереметі» Балалардың еңбек нәтижелерін тамашалап мақтап – мадақтау Ән: «Көктем келді» |
-балалардың логикалық қабілеттері дамыды
-қуанды - балалар әдемі гүлдерін қолдарына ұстап жақсы көңіл күймен ән айтты |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктерін айта алды.
Меңгерді: Көктемнің алғашқы гүлдерінің аттарын атай алды.
Жасай алуы:Дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді игере алды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген