ШҚО Үржар
ауданы
«Қарабұйрат орта мектеп – бақша»
КММ
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Камзаева Г.С.
Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне
Ертеңгілік
«Тәуелсіздік – ел
тірегі»
Мақсаты:
-
Балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған
жерін, елін құрметтеуге, туған елінің болашағына үлес қосып, елі,
жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін
ояту.
-
Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді
қалыптастыру, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге
баулу.
Балалардың өздерінің туған жеріне деген
сүйіспеншілігін ояту, өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт –
дәстүрін білу.
Залдың іші мерекеге лайық
безендірілген.
1 жүргізуші: Кең
байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің!
2 жүргізуші: Тәуелсіз – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні
еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,
себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз
ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
1 жүргізуші: –
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Еліміз егемендік алып,
тәуелсіз мемлекет болдық. Біз тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп
жатқан бақытты балалармыз! Өмірлерің мәнді де сәнді болсын,
аспанымызды бұлт талмасын деп тілек тілеп бүгінгі сайысымызды
бастаймыз
2 жүргізуші:
Бүгінгі сайысты бақылап, бағалайтын әділқазы алқасымен таныс
болайық:
Мектеп директоры – Рымбаева
А.С.
Оқу ісінің меңгерушісі –
Алшынбаева А.К.
Тәрбие ісінің меңгерушісі –
Буланова М.О.
Технология пәнінің мұғалімі –
Игенбаев К.К.
2 жүргізуші: -
Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан
өз жерімізді өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,
сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен
шығармайық.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
бейнефильм көрсету
1 жүргізуші: Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін
келсін.
Ал
енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк
байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
2 жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ -
дәулетім,
Болашағым, өнер - білім,
өркенім.
1 жүргізуші: Сәлем бердік, кешіміздің
көрермені
Қазақтың, ол анық қой, өнер –
кені
Тәуелсіздік кешімізге қош
келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендірі
Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарды ортаға
шақырайық!
2 жүргізуші: Сайысымыздың бағдарламасымен
танысайық:
1.
Таныстыру
2.
Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне арнап көркем сөз
оқу
3.
Патриоттық ән
4.
Көрініс
1 жүргізуші: Әр
топ өздерін таныстырып өтсін
2 жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен
халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Арамызда таланттылар көбейсін
Бас
иемін ата баба рухына.
1 жүргізуші: Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған
мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші: Қуан бүгін, қуан халқым,
шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым
да.
Бір
құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік
таңында.
1 жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушыларымыз Осы сайыста әр
топ патриоттық ән орындайды. Кезекпен ортаға
шақырамыз.
2 жүргізуші: Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін.
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер, жас ұлан!
1 жүргізуші: Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз.
Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи
оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың
ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп
отырмыз.
2 жүргізуші: Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың
алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет –
ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу,
құрметтеу.
1 жүргізуші: Келесі кезекте әр топтың дайындап келген
көріністерін тамашалайық!
2 жүргізуші: Көк
байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде,
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар
өмірде.
1 жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталады. Келесі кезек
әділқазы алқаларына беріледі: қай топ жүйрік, кім басып озды
әділқазы өз шешімдерін айтсын.
2 жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы
мерекесін тойлап жатырмыз. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық
болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер,
балалар!
1 жүргізуші: Барлықтарыңызға зор денсаулық, көңілдеріңізге
шаттық, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын деп тілей
отырып бүгінгі іс – шарамызды «Жасыл жайлау» әнімен
аяқтаймыз.