«Қарабұйрат орта мектеп –
бақша» КММ

«Көктемнің
ару қыздары» атты байқау
Мектепалды даярлық
тобы
Тәрбиеші Камзаева
Г.С.
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын
сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Анаға құрметпен
қарау, қамқор болуға, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу,
ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сахнаны мерекеге лайық
безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар,
шарлар.
Тәрбиеші: Армысыздар аяулы
аналар!
Армысыздар мейірімді
әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай
құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым
ыстық,
Жарасады адамдарға
туыстық.
Бар адамға берсе ананың
мейірімін,
Орнар еді бар әлемде
тыныштық.
- Аналар, барша қонақтар
8-наурыз
халықаралық әйелдер күнімен
шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі
той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді
қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй
күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық
сергісін бой.
Құрметті қонақтар, «Көктемнің
ару қыздары» атты байқауға қош келдіңіздер! Аруларымызды ортаға
шақырмас бұрын, әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
Енді ару қыздарымызды ортаға
шақырайық.
Тәрбиеші: Қайсысы әнші, кім
биші,
Талабына
қарайық.
Кімдер зерек, кім
жылдам,
Таланттарын
табайық.
Өнер сүйер қауым! бүгінгі
байқауымыз 6 турдан тұрады.
-
«Сәлем - сөздің анасы» (әр топ
өзін таныстыруы)
-
«Ән
айту»
3.
«Мың бұралған бишіміз»
4.
«Жүйрік болсаң тауып көр» (әр топ пазл құрайды)
5.
«Сұлулықтың сыры» (кесілген жемістерді тарелкаға
әдемі қойып шығу)
6. «Білікті бірді, білімді
мыңды жығады» (сұрақ-жауап)
Тәрбиеші: Әдеппенен, ізетпенен,
танысуға,
тайсалмастан сахнаға қыздар
шықты.
Олай болса, өзін-өзі таныстыру
сайысын бастаймыз.
Әділқазылардың бағасынан кейін
байқаудың «Ән айту» бөлімі бойынша аруларымыз өз өнерлерін ортаға
салады.
Ортаға «Көктем» тобын
шақырамыз. Орындайтындары Ф.Оңғарсынованың сөзіне
жазылған «Ақ мамам»
әні.
Келесі «Гүлдер» тобын
шақырамыз «Аяулы ана»
әнімен.
Келесі кезекте «Мың бұралған
бишіміз» атты бөлімі басталады. «Гүлдер» тобының
орындауында «Менің
анама» атты билерін
тамашалаңдар.
«Көктем»
тобы сіздерге
«Көңілді
күй» билерін
ұсынады.
Әр топқа мен ашықхат беремін,
бірақ ол ашықхат бірнеше бөлікке бөлінген. Осы ашықхатты пазл
жинаған сияқты сендер дұрыстап әр бөлігін орын орнына қойып жинап
шығу керексіңдер. Кім дұрыс және жылдам жинап
шығады?
Тәрбиеші: Ал сайыскерлер сұраққа
қалайсыздар, қазіргі заманғы арулар заман талабына сай өте білімді
болуы керек. Сондықтан байқауымыздың келесі бөлімі «Жүйрік болсаң
тауып көр» деп аталады.
1-ші «Көктем» тобына
сұрақтар:
Біздің елордамыз қалай
аталады? (Астана қаласы)
Бір
аптада неше күн бар? (жеті күн бар)
Орыс тілінде әжені қалай атайды?
(бабушка)
Аспанда қанша күн бар? (1)
Біздің отанымыз қалай аталады?
(Қазақстан)
2-ші «Гүлдер»
тобына сұрақтар:
Бағдаршамда қанша көз бар? (үш)
Қыс, жаз, күз, көктемді бір сөзбен қалай айтуға
болады? (жыл мезгілдері)
Орыс тілінде нан қалай аталады?
(хлеб)
Қазақстан республикасының
президенті кім?
(Н.Ә. Назарбаев)
Қызанақ, кияр, картоп жеміс пе әлде көкөніс пе?
(көкөністер)
Байқауға қатысушы қыздар сұрақтарға жауап берді.
Әділқазылардың бағасы дайын болғанша ортамызға өнерпаз
жігіттерімізді шақырамыз.
Бүгін бәрі ерекше,
Бишілерде өнер көп
Анаға
арнап билейді
Ортамызға ұлдар кеп.
Тәрбиеші: 8 наурыз
күнін
Мейрамдайды
аналар
Аналардың
шаттығын
Құттықтайды
балалар.
Санжар: Құтты болсын ардақты
анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты
мерекең
Алишер: Мұрат, мүлде,
мақсатым
Жақсы күн мен жақсы
түн
Нағыз бақыт
ананың
Ақтау дер ем ақ
сүтін
Балауса: Теңдесі жоқ
данасың
Арқа сүйер
панасың
Еңбегіңді
ақтаймын
Аман болшы
анашым
Темірлан: Менің әжем,бұл
әже
Айтқан сөзі дәл
әжем
Аман болса
көреді
Қызығымды әлі
әже
Амина: Баланың да
тірегі
Даланың да
тірегі
Шаншымасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі
Мадина: Бәріңізде
анасың
Біз үшін күн боп
жансың
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын
анашым
Алдарыңызда Балауса
қыздарыңыздың орындауында «Ана, әке» әнін
тыңдаңыздар!
Келесі сөз кезегі
әділ-қазылар алқасына сөз беріледі
. Сайысқа қатысқан аруларға:
«Өнерлі қыздар», «Мың бұралған бишілер», «Ақылды қыздар», «Сүйкімді
қыздар» атты номинациялары бойынша жүлделер
беріледі.
Ардақты аналар, апалар,
мейрамдарыңыз құтты болсын! Біздің балаларымыз өз қолдарымен
азғантай болса да шын жүректерінен аналарына даярлаған сыйлықтарын
қабыл алыңыздар!!!
Тәрбиеші: Аналар, қалқып бақыт
аралында
Лайым мұң қонбасын
жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді
аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің
қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды
аяқтайық!