"Көлде". Ғ.Мүсірепов. Әдебиеттік оқу. 4- сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көлде". Ғ.Мүсірепов. Әдебиеттік оқу. 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ әзірлемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құрал болып саналады. Оқушылардың әңгімені оқып, талдау дагдылары жан- жақты ашылып, өзіндік ойлау дағдысын арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытылатын кәсіби мектеп –гимназиясы







Ашық сабақ

4- сынып

Тақырыбы: «Көлде» Ғабит Мүсірепов



бастауыш сынып мұғалімі Жанбырбаева Нургуль Хаметовна






























Көкшетау қаласы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Көлде» Ғабит Мүсірепов

Мақсаты: а) оқушыларға мәтінді түсіндіру және автор туралы мәлімет беру;

ә)оқушлардың сөздік қорын бойыту және сабаққа деген зейінің қалыптастыру;

б) оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, адамгершілікке және табиғатты қорғауға баулу;

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап,

Көрнекілігі: слайд, автор суреті, жаз мезгілінің суреттері;

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтінді түсінді.

Автор туралы мәлімет алды.

Сабаққа деген қызығушылығы оянды.

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық әзірлік :

Әрбір  адам — досым,  сыныптасым,

                                                      Әрбір  ісің — тірлік,  тірек,  аадамдық.

                                                      Әрбір  сөзің — шындық,  бірлік,  адалдық,

                                                      Әрбір  сабақ — үйрену,  оқу,  іздену.

ІІ. Үй тапсырмасы.

«Дала» жатқа айту. Автор туралы мәлімет алу.

—  Сәкен  Сейфуллин  кім?

—  Автордың  қандай  шығармаларын  білесің?

—  Ақын  даланы  неге  теңейді?

—  Нені  көк  ала  кілемге теңейді?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бейнекөрініс: Қазақстан көлдері Картамен жұмыс (ірі көлдерді көрсету) Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. 48 мыңнан астам көлдер бар. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл ірі көлдер.

Бүгінгі жаңа сабағымыз Ғабит Мүсіреповтың «Көлде» мәтінің өтетін боламыз. Ең алдымен автор туралы мәлімет алайық. Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы. Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.

«Кітап көрмесі» (ақынның кітаптырын оқушыларға көрсету және кітаптары туралы мәлімет беру)

Топтық жұмыс:

«Нақыл сөздер»

*Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай.

*Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

*Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

«Қанатты сөзі»

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ширату жаттығуы:(таспадан құстардың дауыстарын тыңдап, қандай құс екенін тауып, қимылмен көрсету)

Оқулықпен жұмыс:«Көлде» мәтіні

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Сыныптық жұмыс

Дәптермен жұмыс:түртіп алу стртегиясы ,доңыз – мұнда; арам ниетті, қаскүнем.

V. Сабақты бекіту.

Суретпен жұмыс

  • Суретте нелер бейнеленген?

  • Оқыған мәтін мен осы суреттің арасында қандай байланыс бар?

  • Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеңде сыланып отырған аққу, мыңдаған үйрек, сырласып отырғандай, суылдап келіп көлге қонады деген сөздерді пайдалан.



VІІ. Үйге тапсырма: 208 бет,«Көлде» мазмұндау

VІІІ. Бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі