көлде жүзген үйрек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

көлде жүзген үйрек

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсат-міндеті: Балаларға көлде жүзіп жүрген үйректің айналасына қағаз бетіне көлденең созылған, бірнеше көк түсті толқынды жолақтарды салу тәсілін таныстыру; жыл құстары жөнінде түсініктерін толықтыру. Үйрек бейнесінің аясына көк иректелген жолақтарды (толқанды) солдан оңға қарай қағаз бойымен салу техникасын қалыптастыру; иректелген жолақтарды бірінен соң бірін бірнеше қатармен төмен тізіп салуға машықтандыру; қолдың ұсақ моторикасын, зейін мен елестету, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту. Балалардың бейнелеу іс- әрекетінде қолданылатын түрлі құралдарға қызығушылықтарын қалыптастыру; табиғат объектілерін аялау сезімдерін, мұқияттылыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 24.10.2024ж.


Білім Саласы . Шығармашылық


Білім дағдысы: Сурет салу.


Тақырыбы: Көлде жүзген үйрек.


Мақсат-міндеті: Балаларға көлде жүзіп жүрген үйректің айналасына қағаз бетіне көлденең созылған, бірнеше көк түсті толқынды жолақтарды салу тәсілін таныстыру; жыл құстары жөнінде түсініктерін толықтыру. Үйрек бейнесінің аясына көк иректелген жолақтарды (толқанды) солдан оңға қарай қағаз бойымен салу техникасын қалыптастыру; иректелген жолақтарды бірінен соң бірін бірнеше қатармен төмен тізіп салуға машықтандыру; қолдың ұсақ моторикасын, зейін мен елестету, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту. Балалардың бейнелеу іс- әрекетінде қолданылатын түрлі құралдарға қызығушылықтарын қалыптастыру; табиғат объектілерін аялау сезімдерін, мұқияттылыққа, табандылыққа тәрбиелеу.



ӘДІС-ТӘСІЛДЕР:

Аудиожазбаны тыңдау,суретті көрсету, көркемсөз, үлгіні зерттеу, сурет салу амалдарын көрсету, саусақ жаттығуы, өздігінен сурет салу, баламен жеке жұмыс, дайын сурет үшін мақтау, пысықтау, рефлексия.


ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР


  1. Көрнекілік материалдар.

  1. Жылы жаққа ұшып баражатқан құстардың суреті;

Көлденең жатқан көк толқындардың үстінде жүзіп жүрген үйректің суреті.

Сурет үлгісі: үйректің сұлбасы, сарыбояумен жақпаланып боялған. Көлденең жатқан қағаз беті: жоғарыда үйректің боялмаған сұлбасы, қағаздың төменгі жағы бос.

ыдысқа құйылған сары гуашь бояуы.












ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАНІС-ӘРЕКЕТТІҢБАРЫСЫ


  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ


Аудиожазбанытыңдау.

Ұшып баражатқан құстардың шулағаны естіледі.


ӘуендітыңдаужәнебейнелердікөруүшінQR-кодтысканерлеңіз

Педагог:

Балалар,естіп тұрсыңдарма? Бұл ненің дыбыстары? Кіма йтады?

    1. Суретті көрсету.

Жылы жаққа ұшып баражатқан құстардың суреті көрсетіледі.


      • Күзден кейін қыс мезгілі келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып қалды. Күн суытты. Құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр.

Көркемсөз.

Д.Ахметова«Жылқұстарытоптасып».

Жыл құстары топтасып,

Үлкені де кішісі де,Туғанжермен

қоштасып,

Жылы жаққа ұшады.

Ұшып-қонып, айналып, Ыстық көлін қимайды. Алыстарға жол салып, Ыстық жерін қимайды.

Педагог балаларды үш топқа бөліп, үш түрлі тапсырма береді.

1-тапсырма: Қыстырғыштармен ойын.

2-тапсырма: кесте тігу ідісі.

3-тапсырма: түстерді сәйкестендіру.

Педагог блаларды мақтап, мадақтайды.

Балалар, құстар өздері жүзіп жүрген көлін сағынады. Құстар көктемде қайтып оралады. Бүгін көлде жүзіп жүрген үйректің суретін салып көрейікші.


  1. НЕГІЗГІБӨЛІМ


Үлгінікөрсету.

Балаларға көлденең жатқан көк толқындардың үстінде жүзіп жүрген үйректің суреті көрсетіледі.

Қағаз бетінің ортасынан сәл жоғарыда үйректің бейнесі орналастырылған, оның астында қағаз бойымен созылған иректелген жолақтар салынған. Үйректің сұлбасы сары бояумен жақпаланып боялған, иректелген толқындары көк (бормен) қарындашпен салынған.

Көрсеткіш қолданылады.

Педагог:

  • Балалар,мынау не?Үйрек.Үйректің түсі қандай? Сары үйрек. Жарайсыңдар!

  • Балалар,оның үйрек екенін қалай біліп қойдыңдар? Иә,оның тұмсығы, қанаттары бар. Жарайсыңдар!

  • Балалар,үйрек қайда орналасқан? Үйрек көлде жүзіп жүр. Қайталайық. Ақниет, тағы да қайталап көрші. Жарайсың!

  • Балалар, көлдің толқындары түзу ме? Иә,Шахмардан , ирек-ирек толқындар. Қайталайық. Жақсы.

  • Осы үлгідегідей көлде жүзіп жүрген үйректі салып көрейік.

Сергіту сәті:

Балапаным,балапан,

Қайда кеттіңа уладан? (сұқ саусақты қозғау) Суға бірге барайық, (қол шапалақтау)

Саған бидай шашайық!

Бидай шоқып тоқ-тоқ,(үстелбетінсаусақпентықылдату) Қанатыңды қақ-қақ.

Балаларқимылдарды педагогтен кейін қайталайды.

Педагог өз дауысын жақсы естілетіндей шығарып, көркем сөзді мәнерлеп оқуға міндетті.

Көркемсөз жолдары және жаттығуларды орындау тәртібі, ұйымдастырылғаніс-әрекеттен тыс уақытта өткізіліп, балалар үшін таныс болғаны жақсы.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ


Дайын сурет үшін мақтау және пысықтау.

  • Балалар,сурет салу ұнадыма? Біз бүгін нені салдық?

  • Мереке, саған нені салған ұнады? Жарайсың!

  • Нарұл, саған үйректі бояған ұнады ма? Қалай боядың? Жақпаладың(соққыладың). Жарайсың!

  • Сендердің үйректеріңде әдемі салынды, ол жылы жаққа ұшуға дайын. Жарайсыңдар, балалар!

  • Ұйымдастырылған іс-әрекет аяқталды. Қазір біраз демалайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2025
66
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі