Тақырып бойынша 28 материал табылды

Көлдер мен мұздықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлдер мен мұздықтар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Бөлім:

3. Физикалық география

3.3. Гидросфера

Педагогтің аты-жөні:

Алдиярова Г Т

Күні:

9.12.2025

Сынып:

8 Г Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көлдер мен мұздықтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.3.3.5 дүние жүзінің және Қазақстанның көлдері мен мұздықтарын жоспар бойынша сипаттайды.

Сабақтың мақсаты:

-дүние жүзінің және Қазақстанның көлдері мен мұздықтарының географиялық орнын картадан анықтап, сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Бірлік және Ынтымақ

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Ой қозғау. «Өз орнын тап»

3.Миға шабул.

Сәлемдеседі.

Wordwall платформасы арқылы тапсырманы орындайды.


Сұраққа жауап береді.



Өзін-өзі бағалау





Керемет!





https://wordwall.net/ru/resource/38862731



Сабақтың ортасы

30 минут


4.Жаңа сабақ.

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).

Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.

5.Жаңа материалды меңгерту.

1-тапсырма. Жеке жұмыс. Атласты пайдаланып, Қазақстанның бір көліне жоспар бойынша сипаттама беріңіз.

Жоспар.

Көлдің атауын жазыңыз.

Пайда болу жолын анықтаңыз.

Су деңгейі өзгерісінің себебін анықтаңыз.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Қазақстанда орналасқан ірі мұздықтардың біріне сипаттама беріңіз.


Жоспар.

Мұздық орналасқан тауды анықтаңыз.

Мұздықтың көлемін анықтаңыз.

Мұздықтың қалыптасу жолын жазыңыз.

3-тапсырма. Топтық жұмыс.Картамен жұмыс.

Атласты пайдаланып, Жоғарғы көл, Титикака, Чад, Байкал, Ыстықкөл көлдерді,

Гренландия, Алеует, Канада Арктикалық топ аралын, Жаңа Жер, Шпицберген аралдарын белгілеңіз.
















Дескриптор:

-жоспар негізінде көлді сипаттайды, картадан географиялық орнын көрсетеді.

Дескриптор:

-жоспар негізінде мұздықты сипаттайды. Сипаттайды, картадан географиялық орнын көрсетеді.



Дескриптор:

-кескін картаға аталған нысандарды белгілейді және картадан көрсетеді.


















4 ұпай







4 ұпай









2 ұпай





















Атлас







Атлас








Атлас,

кескін карта



Сабақтың соңы

5 минут

6. Кері байланыс. «Түйінді ой»

7.Бағалау.

8.Үйге тапсырма. Кескін картаға Қазақстанның ірі көлдері мен мұздықтарын түсіріп келу.


Тақырып туралы ойларын айтады.

Тапсырманы жазып алады.

Оқушы

лардың жиынтық бағасын қою





 

















































Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.

Қалыптасуына қарай көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі. Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.

Режіміне қарай ағынды – өзен ағып шығатын көлдер мен ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды

Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы түщы болады.

Өзендерде тұздылық көбінесе 3-5 г/л-ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14-тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.

Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.

Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.

Мұздықтарды кейде мұзарттар деп те атайды. Олар – жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы. Мұздықтар қатты атмосфералық жауын-шашынның жыл бойы түскен жалпы мөлшерінің оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жерде пайда болады. Әдеттте, тау беткейлерінің қар жиегінен жоғары жатқан бөлігінде шоғырланады. Қазақстандағы биік тау өңірлеріндегі мұздықтардың жалпы саны 2700-ден асады. Ал жалпы ауданы – 2033,0 кв.км.

Еліміздің ең ірі әрі көлемді мұздыққа Корженевский мұздығы жатады. Ол Іле Алатауындағы Есік өзені алабында жатыр. Оның ұзындығы – 11,7 км, жалпы ауданы – 38,0 кв.км, көлемі – 6,3 куб км. Мұздыққа қарама-қарсы Іле Алатауының ең биік жері – Талғар шыңы (5017 м) орналасқан.

Берг мұздығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысында 4247 м биіктікте орналасқан. Мұздықтың жалпы ауданы – 14,4 кв.км, орташа қалыңдығы – 80 м,көлемі – 1,5 куб км. Мұздықтан Лепсі өзеніне келіп құятын Балақора өзені бастау алады. Бұл мұздықтардан басқа Алтай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз, Талас



Алатауларында да мұздықтар жиі кездеседі. Шыңдеп тау басының сүйірленіп келген төбесін (ұшын) айтады. Олардың биіктіктері де әр түрлі болады.

Қазақстандағы ең биік шың – Хантәңірі. Оның теңіз деңгейінен биіктігі – 6995 м. Ол Орталық Тянь-Шань тау жүйесіндегі Қазақстан, Қытай, Қырғызстан шекараларының түйіскен тұсында орналасқан. Солтүстік және солтүстік-батыс беткейі Қазақстан аумағында, қалған бөлігі Қырғызстан жерінде жатыр. Пішіні сүйір, пирамида тәрізді келген. Оның басын мәңгі мұз бен қар көмкеріп жатады.

Еліміздегі екінші биік шың – Талғар шыңы. Оның биіктігі – 5017 м. Ол Іле Алатауының орта тұсында орналасқан. Оның басында да мәңгі қар мен мұз жатыр.

Талғар шыңынан кейінгі биік шың Алтай тауларындағы Қатын жотасында орналасқан. Оның биіктігі – 4506 м. Оны Мұзтау деп атайды. Шыңның төңірегінде биік, үшкір тау шыңдары көптеп кездеседі. Оларды жыл бойы қар мен мұздықтар басып жатады. Мұзтаудан Ақ Берел, Қатын, Меңсу өзендері бастау алады. Бұлардан басқа еліміздің ірі таулары мен тау жоталарында да салыстырмалы түрде биік шыңдар бар. Олар: Күнгей Алатауда (3033 м), Көкшетау қыратында (Көкше тауы, 947 м), Кетпен жотасында (Аспан тауы, 3652 м), Жетісу Алатауында (Бесбақан шыңы, 4622 м), Қаратау жотасында (Бессаз тауы, 2175), Маңғыстау облысында (Бесшоқы тауы, 552 м), Орал тауында (Ешкі тауы, 247 м), Баянауыл тауында (Ақбет шыңы, 1026 м), Қарқаралы тауында (Комсомол шыңы, 1403 м), Қырғыз Алатауында (Батыс Аламедин шыңы, 4875 м), Сарыарқада (Ақсораң шыңы, 1565 м), Тарбағатай жотасында (Тастау шыңы, 2991 м), т.б. тауларда бар.
























































































3-тапсырма. Картамен жұмыс.

Атласты пайдаланып, Жоғарғы көл, Титикака, Чад, Байкал, Ыстықкөл көлдерді,

Гренландия, Алеует, Канада Арктикалық топ аралын, Жаңа Жер, Шпицберген аралдарын белгілеңіз.










































1-топ. Каспий теңізі, Титикака, Жоғарғы көлдерді белгілеңіз;

2-топ. Байкал, Ыстықкөл,Зайсан, Марқакөл тектоникалық көлдерін белгілеңіз.

3-топ. Гренландия аралын, Аляскадағы Хабборд мұздығын, Іле Алатауындағы Корженевский,

Норвегиядағы Батыс Шпицберген, Ресейдегі Жаңа Жер, Тәжікстандағы Федченко мұздығын белгілеңіз.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12