400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Көлдер мен мұздықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3.3.Гидросфера Мектеп: №38 ЖОББМ

Күні: Мұғалімнің аты – жөні: Алжанова Ш.М.

Сынып: 8 «А» Қатысқандар:24 Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

Көлдер мен мұздықтар

Сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаты

8.3.3.5 көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды.

Сабақтың мақсаты:

Жалпы мақсат: көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттай алады.

Барлық оқушылар:Дүниежүзінің және Қазақстанның көлдері мен мұздықтарына белгілі бір жоспар бойынша сипаттама бере алады;

Көпшілік оқушылар: көлдер мен мұздықтардың қалыптасу ерекшеліктерін, әлемдегі ерекше көлдер мен мұздықтарды атай алады және картадан көрсете алады;

Кейбір оқушылар:жергілікті жер компонентін қамту негізінде Қазақстан көлдері мен мұздықтарының шаруашылық маңызын талдайды.

Бағалау критерийі

Дағдылар:

Қолдану - көлдер мен мұздықтардың қалыптасу ерекшеліктерін, әлемдегі ерекше көлдер мен мұздықтарды атай алады және картадан көрсетеді;

Талдау - Қазақстан көлдері мен мұздықтарының шаруашылық маңызын талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқылым: Оқушылар ауызша сөйлеу нормаларын сақтай отырып, өз ойларын жинақы және логикалық сабақтастықта жеткізе алады;

Айтылым:Көл мен мұздыққа қатысты географиялық терминдердің дұрыс айтылуына мән береді;

Тыңдалым:Видео ақпараттарды қолданудың негізінде тақырып мазмұнындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жан – жақты толық жауаптар таба алады;

Жазылым:Көл мен мұздыққа қатысты географиялық терминдерді жазады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары:

1-ші құндылығы «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» арқылы Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке баулу;

2-ші құндылығы «Қоғамыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» арқылы құрмет пен ынтымақтастыққабаулу;

5-ші құндылығы «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» арқылыеңбек пен шығармашылыққа баулу;

Пәнаралық байланыс

Физика – көлдер мен мұздықтардың пайда болу үдерістерін түсіндіреді , информатика –көлдер мен мұздықтар туралы видео,презентация көрсетіледі.

Алдыңғы білім

Өзендердің гидрологиялық режимі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин







2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Каспий, Арал, Балқаш, Корженевский сөздері бойынша топқа бөлу

Сыныпта жағымды көңіл – күй қалыптастыру. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» жұптасып бір – біріне тілек айтады.

Оқушылар зейінін тақырыпқа аудару мақсатында, бірнеше сұрақтар мен «Көлдер, мұздықтар» атты видео көрсетемін.

Ой қозғау:Бүгін топтардың атаулары өзгеше. Қандай пікір бар?

-бүгін сабақ не туралы болады?

- қандай тақырыпты өтеміз?

Сөздер бойынша топқа бөлінеді




https://www.youtube.com/watch?v=fSCTww07Qjs

Сабақтың ортасы 30 мин


5 мин







































15 мин


















Ой сергіту 2 мин











5 мин








5 мин

1 –тапсырма.Кестемен жұмыс. Көлдердің материк бойынша сәйкестендіріңдер (жеке жұмыс) Тұлғаға бағдарланған тәсіл

Көл атауы

Материк

Байкал

Еуразия

Балқаш


Каспий


Эйр


Чад


Жоғарғы


Титикака


Виктория


Гурон


Дескриптор:

  1. Байкал көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

  2. Балқаш көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

  3. Каспий көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

  4. Эйр көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

  5. Чад көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

  6. Жоғарғы көлінің ерекшеігін анықтайды

  7. Титикака көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

  8. Виктория көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

  9. Гурон көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

(Қ.б) стикер арқылы мұғалім оқушыны өзі жасайды. 3 түсті стикерді жұмыстарына жабыстырып кетеді.

Жасыл – Өте тамаша! Жарайсын!

Сары – Тамаша! Алға!

Қызыл – Ойлану керек! Қалма!

2 – тапсырма. Постер құру. Оқулық мәтінін және қосымша ақпаратты қолданып, «Көл типтері» атты сызбанұсқаны толтырыңдар (топтық жұмыс) Іс – әрекеттік тәсіл

1 – топ. Тектоникалық көлдер

2 – топ. Мұздық көлдер

3 – топ. Қалдық көлдер

4 – топ. Жанартаулық көлдер

Дескриптор:

1.Оқушы көлдердің қалыптасу типін табады.

2.Көлдердің қалыптасу себептерін ақпарат көздерін пайдалана отырып, дәлелдейді.

(Қ.б) :«Бутерброд» әдісі бойынша топтарбір-бірін бағалайды. Сағат тілімен 1топ -2 топты,2 топ -3топты,3топ -4 топты,4топ -1топтың жұмысын бағалайды.

«Зип – Зап – Зуп» жаттығуы. Ойынға қатысушылар шеңбер құрады, ортада жүргізуші «Зип – Зап – Зуп» деген тапсырманың біреуін береді.Зип дегенде оқушылар Еуразиядағы көлдердің атынайтады.Зап дегенде Африкадағы көлдердің атын айтады. Зуп дегенде Солтүстік Америкадағы көлдердің атын айтады. Зип – Зап – Зуп» десе барлығы жүргізушімен қоса орын ауыстырып жұптасып тұра қалады.

3 – тапсырма. Төмендегі сызбаны пайдаланып, мұздықтың пайда болу үдерістерін түсіндіріңдер (жұптық жұмыс)Зерттеутәсілі.

Shape3

ФИРН

МҰЗ

Shape2 Shape1

ҚАР



Дескриптор:

  1. Мұздықтың пайда болу себебін ашады.

4 – тапсырма.Венн диаграммасы

Таулы және жамылғы мұздықтардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңдар (жұппен талқылау)

Дескриптор:

  1. Таулы және жамылғы мұздықтарды салыстырады.

(Қ.б) Бағалау:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптар бір – бірін бағалайды.


атлас картасы



































Кітаптағы мәтін, қосымша ақпараттар



























Сабақтың соңы 8 мин

5 мин










3 мин

Сабақты бекіту «5+30» әдісі

Оқушыларға 3деңгейдегі сұрақтар жазылған таратпалар беріледі.орындау уақыты: 5+30 сек.Содан кейін тақтаға дұрыс нұсқасы ілінеді, оқушылар жауаптарын тексереді.3 тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар партаның оң жағына, 2 тапсырманы дұрыс орындағандар сол жағына , ал 1тапсырмасы дұрыс немесе мүлдем дұрыс жауабы жоқ оқушылар орнында қалады.Сұрақтар:

1.Қазақстанның мұздық орналасқан тауларын атаңдар?

2. Антарктида аймағында мұзтаулардың пайда болу себептерін анықтаңдар

3.Канада мен АҚШ шекарасындағы орналасқан ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдердің аттарын жазыңдар және көл қазаншұңқырының шығу тегіне талдау жасаңдар. Дескриптор:

1Қазақстанның мұздық орналасқан тауларын атайды.

2Антарктида аймағында мұзтаулардың пайда болу себептерін анықтайды.

3.ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдерді табады.

4. ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдердің шығу тегін талдайды.

Рефлексия

«Табыс баспалдағы» әдісі. Оқушы сабақта алған әсерін табыс баспалдағына орналасуын ашып береді.

Үйге тапсырма беру

оқу, «Шымбұлақ» тау – шаңғы базасы туралы немесе Федченко және Росс мұздықтарына хабарлама әзірлеу.






Саралау

Бағалау


Пәнаралық байланыс

АКТ қолдану Денсаулық және қауіпсіз

дік техникасын сақтау

Сабақты бекіту кезінде «5+30» әдісі арқылы 3 деңгейлі тапсырма орындату арқылы А,В,С, деңгейіндегі оқушыларды саралап аламын.

А деңгей тапсырмасы:

Қазақстанның мұздық орналасқан тауларын атаңдар?

В деңгей тапсырмасы: Антарктида аймағында мұзтаулардың пайда болу себептерін анықтаңдар

С деңгей тапсырмасы:

Канада мен АҚШ шекарасындағы орналасқан ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдердің аттарын жазыңдар және көл қазаншұңқырының шығу тегіне талдау жасаңдар.

3 түрлі стикер тарату арқылы

мұғалім кері байланыс жасайды


«Бутерброд» әдісі бойынша топтарбір-бірін бағалайды.


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптар бір – бірін бағалайды


«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы оқушы сабақта алған әсерін табыс баспалдағына орналастырады.

https://www.youtube.com/watch?v=fSCTww07Qjs ссылкасын қолдану арқылы видео көрсету.

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау міндетті.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
2660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі