400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Куб сантиметр

Материал туралы қысқаша түсінік
Тік бұрышты параллелепипед туралы ұғымды тереңдету оның көлемін табуды меңгерту, куб сантиметр ұғымымен таныстыру. Көлемнің өлшем бірлігі жайлы жан-жақты меңгертіп, оқушының ой-өрісін, ауызша есептеу дағдыларын арттыру; көлемді таба білуге төселдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:      Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Куб сантиметр

Сабақтың мақсаты:          1. Тік бұрышты параллелепипед туралы ұғымды тереңдету оның көлемін табуды меңгерту, куб сантиметр ұғымымен таныстыру.

Көлемнің өлшем бірлігі жайлы жан-жақты меңгертіп, оқушының ой-өрісін, ауызша есептеу дағдыларын арттыру; көлемді таба білуге төселдіру.

Өз бетінше ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілетін арттыру.

Шапшаңдыққа, топтық есеп шығару арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың көрнекілігі:       Тік бұрышты параллелепипедтер, электрондық оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың типі:                   Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:                   Дәстүрден тыс сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:                   Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың барысы:

 

І Бағдарлау – мотивациялық кезең (10минут)

 

Психологиялық дайындық, оқушылар назарын сабаққа аудару.

— Оқушылар, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтайық.

—  Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — деп бүгінгі сайыс сабақта белсенділік көрсетейік.

(сыныпты 2 топқа бөлу) Геометриялық фигуралар таратып отыру

 

1.Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. (№9 105 бет)

 

а) 4910645:5-81208:8=88178                       б) 94068:9*5-1990=50270

ә) 72102:6+61074:9= 18803                         в) 93102:6*7+87061= 195680

 

«Күш – білімде» дегендей 2 топ сұрақтарға жауап береді.

 

1-топқа                                                                 2-топқа






Параллелепипед текше бола ма?

Текше мен тік бұрышты параллелепипедтің ұқсастығы бар ма?

 

Текшенің неше өлшемі болады?

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?

 





 

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (20 минут)

 

«Есептер әлемінде» Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің түсіндірмесі)

 

№1 106 бет Тік бұрышты параллелепипед тәріздес жәшіктің өлшемдері 5дм, 2дм

және 1дм  V — ?

V= 5*2*1=10(дм3)                            5дм = 50см

2дм = 20см

1дм = 10см

V= 50 * 20 * 10 = 10000(см3)

 

 

«Кім зерек?» сайысы бойынша 2 топ түсінгендері бойынша есеп шығарады.

1-топ: №2 106 бет                             2-топ: №3 106 бет

V= 5*3*2 = 30(дм3)                                      V= 9*4*6 = 216(м3)

 

«Сәл, дамылдайық» (музыка ырғағымен)

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

«Кім жылдам?» жарысында бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. №4 106 бет ауызша

 

Жәшіктің ұзындығы

6дм

6дм

5дм

4дм

6дм

Жәшіктің ені

2дм

3дм

4дм

3дм

4дм

Жәшіктің биіктігі

1дм

1дм

2дм

2дм

3дм

Жәшіктің көлемі






 

Сурет бойынша есеп құрастыру (әр топтан бірінші кім шығарады?)

Тігінші – 1 сағатта – 5 қалпақ

Шәкірті – 1 сағатта – 3 қалпақ       7 сағатта ? қалпақ

1-тәсіл: 5*7 = 35 (қ)

3*7 = 21 (қ)

35 + 21 = 56(қ)

2-тәсілін кім бірінші шығарып болды?

(5+3) * 7=56 (қ)

Жауабы: олар 7 сағаттық жұмыс күнінде барлығы 56 қалпақ тігеді.

 

Сызба бойынша есеп шығар. (кім бірінші өз бетімен шығарады?)

                                                                                                                                      

                                                                                                                                      

      В.19км/сағ                                             5 сағат                                                         М.?км/сағ

                                                                                                                                                        

 

 















 

 

380км

19*5 = 95(км)

380 – 95 = 285 (км)

285 : 5 = 57 (км/сағ)

57 : 19 = 3 (есе жылдам)

Жауабы: мотоциклші велосипедшіден 3 есе жылдам жүрген.

 

ІІІ. Рефлексиялық — бағалау кезең (10 минут)

 

«Шапшаң есепте»

1-топ:  2*1380 = 2760                      2-топ: 1380 – 5 = 1375

5+1380 = 1385                                  1340 : 4 = 335

12008 : 8 = 1501                                14096 : 8 = 176 

 

Бағалау, жеңімпаз топты анықтау. (геометриялық фигураларды санау)

 

Жа – рай – сың – дар!

 

Үйге тапсырма.(5 минут)

№9 106 бет 2,3,4 бағаны

№7 теңдеулерді шешу тәсілдерін салыстыру 106 бет

Қожанасырдың өтірік жасын табу. 107 бет

 Көлемді өлшеу, Куб, параллелепипедтің көлемі, сантиметр, Тік бұрышты


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі