400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көлемдік қатынас заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Химия пәнінен 8 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары.

II тоқсан. Қолданылатын оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.Белоусова Химия 8 сынып

Сабақтың нөмірі: 8

Сабақтың тақырыбы: Көлемдік қатынас заңы

1.Оқу мақсаты: 8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану

2. Конспект

Химиялық реакция барысындағы газдардың көлемдік қатынастары

Химиялық теңдеулерге негізделген есептеулердің өндірістік және зертханалық тәжірибелерде маңызы зор. Өнімдердегі заттардың шығыны мен қоспалардың шығынын болдырмау үшін біз сынақ жүргізгенге дейін әрекетке түсетін заттардың көлемін нақты анықтап алуымыз қажет. Тек бір заттың немесе өнімнің нақты көлемін біле отырып, біз реакцияға түсетін басқа да заттардың көлемін анықтай аламыз. Химиялық теңдеудегі стехиометриялық коэффициенттер әрекеттесуші заттардың моль санын көрсетеді. Кез келген газдың бір молі тұрақты температурада (T) және тұрақты қысымда (P) бірдей көлемде болатындықтан, газ реакцияларындағы стехиометрлік коэффициенттерді көлемдерге ауыстыруға болады.

N2 (г) + 3H2 (г)  2NH3 (г)

1 көлем + 3 көлем 2 көлем

2 дм3 + 6 дм3 4 дм3

1 дм3 + 3 дм3 2 дм3

22,4 дм3 + 67,2 дм3 44,8 дм3


3. Онлайн ресурстар

1. https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.

4.Тапсырмалар

1. Сутектің қанша көлемінен 1 дм3 аммиак алуға болады?

2. Табиғи газдың негізгі компоненті – метан. Метан газы тұрмыстық отын ретінде кең қолданысқа ие. 3 м3 метанды жағу үшін жұмсалатын оттектің көлемін есепте. CH4 + 2O2 = CO2 + H2O

3. 500м3  хлорсутек   алу   үшін   қажет   бастапқы   газдардың көлемдерін (қ.ж.) есептеңдер.

4. А) 10м3 метанды СН4 (қ.ж.)    Ә) 10м3 көміртек (ІІ) оксидін СО (қ.ж.) жағуға қанша  көлем оттек жұмсалады? 


5. Кері байланыс:?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.12.2020
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі