400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көлеңке қалай пайда болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қысқа мерзімді жоспар әдістемелік көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат физикасы. Жарық. Дыбыс. Жылу. Электрлік. Магниттілік

Күні: 05.03.2019ж

Сынып: 3 «ә»

Мектеп: Ә Жангелдин атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Нурлыбаева Зухра

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көлеңке қалай пайда болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.2.1 - көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау

3.1.2.3 - экспериментті жоспарлау және жүргізу

Сабақ мақсаттары

Көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді


Тілдік мақсаттар

Жарық, көлеңке, кедергі , дене, жарықты өткізгіш денелер, т.б.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,қазақ тілі, математика

Бастапқы білім


2- сыныпта өткен ақпарат



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин





(Ұ) Ұйымдастырушылық кезең.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді.

(Ұ) Жұмбақты шеш.

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау.

Соңыңнан қалмайды,
Тоқтасаң, тоқтайды.
Үйге іздеп бармайды,
Тығылсаң таппайды.

(Көлеңке)

- Балалар көлеңкеге қарама-қарсы ұғымды қалай атаймыз? (антоним)

- Жарық.

- Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару


слайд

Орта



5 мин































15 мин

























7 мин







5 мин








(Ж) Топтастыр.

Мақсаты: жарық көздерін анықтау, топтастыру, салыстыру, айырмашылығын анықтау.

Оқушылар жарық шығаратын заттардың суреттері ұсынылады да оларды екі топқа бөлуін сұралады.

Олардың табиғаттағы жарық пен адамдардың қолымен жасалған жасанды жарық екендігі айтылады.

- Қайсысы көбірек жарық береді, майшам, шам немесе үстел шамы ма?

Осы заттарды көрсетіңіз, суреттерді (немесе атаулары) заттардан шығатын жарық деңгейі бойынша салыстырып және реттеп қойыңыз.

- Қайсысы көбірек жарық береді, күн, ай немесе от па?

Осы заттардың суреттерін салыстырыңыз, жарық деңгейі бойынша реттеп қою керек.

- Затқа жарық түскенде не пайда болады?


/Оқушылар көлеңкенің пайда болатынын айтады/

(Т, Ұ)«Бірге зерттейік!»

Мақсаты: көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіру, көлеңкенің обеъекті мен жарық көзінің ара-қашықтығына әсерін анықтау.


Оқушыларға шамның (фонарь) көмегімен көлеңкенің пайда болуы мен оның ерекшеліктерін бақылау ұсынылады. Бақылау төмендегі реттілік бойынша жүргізіледі.

Жарық көзі затқа бағытталған;

Жарық көзінің жоғарыға және төменге ауысуы;

Жарық көзінің оңға және солға ауысуы;

Жарық көзінің жақындауы және алыстауы;


Бақылауды жүргізу үшін оқушылардан шам жарығын таңдалған объектіге бағыттап, (топ қатысушысы, текше, қалам және т.б.) қадағалау нәтижелерін кестеге түсіруі сұралады.

Тапсырма: сұрақтарға жауап бер. Қорытынды тұжырым жаса.


1-топ:

Жарық көзі затқа бағытталғанда не байқадық? Не пайда болды?

Көлеңке қалай пайда болды?

Көлеңке дегеніміз не? Анықтама келтір.

/Анықталған ақпартты бекіту үшін оқулықпен жұмыс жүргізіледі/.

Рисунок 27

2-топ:

Жарық көзі жоғарыға және төменге ауысқанда жарық пен көлеңкеде қандай өзгеріс болды?


3-топ:

Жарық көзінің оңға және солға ауысуы нәтижесінде не байқадық? Қандай өзгерімс орын алды?

4-топ:

Жарық көзінің объектіге жақындауы мен алыстауы барысында қандай өзгеріс байқалды?

/Әрбір топ өз жұмысын қорытындылаған соң, анықталған тұжырымдар бекітіліп отырады. Топтық жұмыстың нәтижелігіне қарай ынталандыру әдісі бойынша ауызша бағаланады/.

(Ұ)Бейнежазба. Көлеңке театры.

Мақсаты: көлеңкенің пайда болуы мен ерекшелігін түсіндіру.

/Бейежазба барысында «Стоп-кадр» әдісі қолданылып, оқушыларға бекітуші, анықтаушы сұрақтар қойылады/.

Көлеңке қалай пайда болды?

Көлеңкенің көлемін ұлғайту үшін театр әртістері қандай тәсілді қолданды деп ойлайсыңдар?

Көлеңкенің көлемін кішірейту үшін театр әртістері қандай тәсілді қолданды деп ойлайсыңдар?, т.б.

/Оқушы жауаптары тыңдалады, қажеттілігіне қарай жауаптарына түзетулер, толықтырулар енгізіледі/.


(Қ) Анықта.

Мақсаты: көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіру.

Тапсырма: суреттеің көмегімен көлеңкенің пайда болу себебін түсіндір.

Дескриптор: Білім алушы:

сурет бойынша көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді.

Суреттер

Табиғи және жасанды жарық көздері





























Фонарь, қалам, кітап, дәптер, т.б.











Кесте









Оқулық 55 - бет






Бейнежазба






Қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин





Рефлексия
«Ыстық орындық»

Бірнеше бала ортаға шығып, бүгінгі сабақта алған әсерлерін айтады.

Өзін-өзі бағалау

«Плюс. Минус. Қызықты»

«Плюс. Минус. Қызықты»

кестесі








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
116 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
13688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі