400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Көлеңкені өзгертуге бола ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Ермекова С

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4 «Д»

Табиғат физикасы. Жарық

Мектеп:№ 5 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:Аженова Куралай Рахматовна

Қатысқандар саны: 22

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы

Көлеңкені өзгертуге бола ма?

Оқу мақсаты

. 4.3.1.2 құрылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;

  • 4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Суретке қарап дене көлеңкесін сәйкестендіре алады.

Оқушылардың көбі:

Дене көлеңкесі дене өлшеміне сай болмауы мүмкін екендігін біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Дене көлеңкесі қандай шамаларға тәуелді екендігін анықтап қорытынды жасайды.

Бағалау критерийі

Дене көлеңкесін сәйкестендіреді;

Дене көлеңкесі не үлкен не кіші бола алатындығын түсінеді;

Дене көлеңкесін кішірейту және үлкейту жолдарын анықтап, қорытынды жасайды;

Тілдік мақсат


Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірексөздер

жарық көзі

кедергі

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек, өзін-өзі тану

Алдыңғың меңгерілген білім

3-ші сыныпта оқыған көлеңке тақырыбы.

Сабақтың барысы


Жоспарланған уақыт


Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Бөлімге кіріспе. Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мұғалім: — Ал басың не үшін керек?

Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін. Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Топқа бөлу

1-топ Сәуле

2-топ Жарық

3-топ Көлеңке

(Ұ) «Сұрақ жауап» әдісі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын. Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

  1. «Ақжарық» деген не?

  2. Оны ең алғаш ашқан кім?

  3. Жарықтың жеті түс екенін қайдан тапқан?

  4. Жеті түсті ата?

  5. Жарықтың жұтылуына мысал келтір?

  6. Кемпір қосақ қалай пайда болады?

ҚБ: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің!

Сен өте байқампазсың!

Жаңа сабақ «Бейнеролик»

Театрмен таныстыру

Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

Көлеңкені өзгертуге бола ма?

Сабақ мақсаттары:

Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді екендігін білу;

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.






Кітап,қолшам, доп,сызғыш

шар, ватман, жіп, сіріңке,

метр.























Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

25 минут































































































Сабақтың соңы

5 минут


Зерттеу жұмысы «Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді?»

Сыныпты 3 топқа бөлу

Топтық жұмыс

1 топ шар 2 топ шам 3 топ метр

2) Екі топ екі түрлі зерттеу жұмысын жасайды, бірақ зерттеу сұрағы бір.

3) Алған нәтижелерін өз топтарында қорытындылап, келесі топқа жасаған жұмыстарын баяндайды.

Зерттеу сұрағы:

«Көлеңкенің өлшемін қалай өзгертуге болады?»

«Егер дене мен жарық көзінің арасын алшақтатсам көлеңке үлкейе ме әлде кішірейеме?»

4) Берілген тортарға зерттеу жұмысының парағын таратып беру. (Зерттеу жұмысы жақсы шығуы үшін бөлме терезесін жауып қараңғылау)

1-ші топтар үшін нұсқаулық:

1. Экраннан 50 см, 100 см, 150 см қашықтықты метрмен өлшеп белеңдер.

2. Бір бала 150 см белгіленген жерде қолшам жағып тұруы қажет.

3. Екінші оқушы жіппен байланған кішкентай допты (теннис добы) экран алдына ұстауы қажет.

4. Қолшам ұстап тұрған бала допқа қарай жарықты бағыттауы қажет.

5. Басқа зерттеушілер экранға түскен көлеңкенің диаметрін (шамамен) сызғыштың көмегімен анықтаңдар.

6. Осы экспериментті 100 см, 50 см қашықтықта қай­талап жасаңдар.

7. Нәтижелерді келесі кестеге толтырыңдар.

8. Қорытынды жасаңдар.

2-ші топтар үшін:

1. Допты немесе үрленген әуе ша­рын үстел үстіне қойып, сызғыш арқылы суреттегідей, шар немесе доптың диаметрін анықтаңдар.

2. Экраннан 50 см, 100 см қашықтықты метрмен өлшеп белгілеңдер.

3. Бірінші оқушы экран алдына 50 см белгісінде жібінен кішкентай допты ұстап тұруы қажет.

4. Екінші оқушы 100 см белгіленген жерде қолшамын жағып, допқа қарай жарық сәулесін бағыттауы керек..

5. Экранға түскен доптан көлеңкенің диаметрін басқа оқушылар сызғышпен (шамамен) өлшеңдер.

6. Бірінші оқушы экран алдындағы сол орнында (50 см белгісінде) жібінен әуе шарын ұстап тұруы қажет.

7. Екінші оқушы 100 см белгіленген жерде (сол орнында) қолшамды жағып, әуе шарына қарай жарық сәулесін бағыттауы керек.

8. Экранға түскен әуе шарынаның көлеңкесінің диаметрін басқа оқушылар сызғышпен (шамамен) өлшеңдер.

9. Нәтижелерді келесі кестеге толтырыңдар.

10. Қорытынды жасаңдар.

Дене атауы

Дене диаметрі

Көлеңке диаметрі

Теннис добы



Үрленген шар



Ойлан.

Ненің көлеңкесі болмауы мүмкін? Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін. Келесі тәжірибені жасап көрсетемін.

Ол үшін сіріңке шиін жағып 10–15 см қашықтықта қабырғаға тақау керек, шидің көлеңкесі көрінеді. Бірақ оттың көлеңкесі түспейді. «Қабырғадан сіріңке шиінен жағылған оттың көлеңкесі неліктен көрінбейді?» - деген сұрақ қою қажет. Олар әр түрлі қызықты жауаптар айтуы мүмкін. (жарық келесі бір жарық арасынан ешқандай кедергісіз өте алады) Міндетті түрде өрт қауіпсіздігін сақтау, сіріңке шиін жағып ойнамау керегін ескертемін!

Дескрипторы:

-Білім алушы

көлеңке өлшемінің жарық көзіне қатысты өзгеру себептерін түсіндіреді

Сергіту сәті «Орманға саяхат»

Жеке жұптық тапсырма «Көлеңкесін тап»

1.Талтүсте көлеңке қалай болады?

2. Таңертең көлеңке қалай болады?

Дескрипторы:

Білім алушы талтүсте және таңертең көлеңкелердің қандай болатынын анықтайды

Сен білесің бе?

Көлеңкені қалай қолдануға болады?

(Көлеңке театры, күн көзінен қорғану, көлеңке сүйгіш өсімдік өсіру үшін).

Ерте кезде уақытты анықтау үшін «Күн сағаттары» қолданылғанын, оның жұмыс істеуі көлеңкенің түсуімен байланысты. Сондай-ақ қазақ халқы ерте кезден аспан денелерін, оның ішінде Күн сәулесін уақытты анықтауда қолданғаны туралы мәліметпен бөлісу.

Үй жұмысы

«Менің жұмбағым» дәптерде 8 бет Кері байланыс «Ыдысқа сал»







жіп байланған кішкентай доп (теннис добы немесе домалақ жұмсақ ойыншық), қолшам, метрлік таспа, сызғыш, парақ, маркер


әуе шары, қалыңдау жіп немесе метрлік таспа (доп пен әуе шарының өлшемін алу үшін), парақ, маркер.

















































































Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы білдіреді


















Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайт ексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық пен қауіпсіздік,техникасының сақталуы

Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Мадақтау, қолдау көрсету.


Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткіздіме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілдіме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілдіме?

Уақыт кезеңдері дұры сақталдыма?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
2029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі