400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көлік және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек беру мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Көліктер және оның түрлері

ҰОҚ оқытылу мақсаты:

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Көліктің түрлерін біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Әнгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Көліктер, жердегі көліктер, әуедегі көліктер Пікір алмасу сұрақтары: Қандай көлік түрлерін білесіңдер? Өткен ҰОҚ алған білім Балалар бағдаршамның қызметін біледі. Жоспар Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут

ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут

ҰОҚ ортасы

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Ақыл-ой өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға. Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Кеудесінде жаны жоқ, Тамырында қаны жоқ. Су ішеді, май жейді, Бұларды не дейді? (Көліктер) Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport Педагог көлік және оның түрлерімен танысатынын және көліктердің түрлері көп екенін айтады. Соның ішінде адам таситын және арнайы қызмет көліктері болады. – Адам таситын көліктерді атап беріңдерші. – Ал арнайы қызмет көліктеріне нелер жатады? Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Сурет бойынша көлік түрлерін атап бер. Бұл көлікті кім жүргізеді?

Әліппе-дәптер

Жаңылтпаш жаттау: Иса мәшине жуса, Мұса да мәшине жуады.

Сергіту жаттығуы: Музыка әуенімен мәшиненің рулін айналдырып билеу. Дидактикалық ойын: «Автосалон». Бір бала мәшине сатушы болады. Қалған балалар көлік сатып алушылар болады. Көлік сатып алушылар бір көлікті сипаттайды, ал көлік сатушы ол қандай көлік екенін тауып, оны алып береді. Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Төбесінде ебелек, Ұшады ол керемет. (Тікұшақ) Табанында жолы бар, Төбесінде қолы бар. (Трамвай) Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. (Автобус) 3-тапсырма. Суретті толықтырып сал. 4-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыр». Педагог сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырады. Мысалы: Егер жермен жүрсе бұл ... (жер) көлігі. Олар: КамАЗ, автобус, өрт сөндіргіш мәшине. Егер сумен жүрсе бұл ... (су) көлігі. Олар: кеме, қайық, катер. Егер әуеде ұшса, бұл .. (әуе) көлігі. Олар: ұшақ, тікұшақ, зымыран. Педагог балалармен қоғамдық көлікте ережелерді сақтау туралы әңгімелеседі. Ережелерді балалармен бірге талқылау. – Қоғамдық көлікке ешкімді итермей, асықпай кір. – Айналадағы адамдармен сыпайы сөйлес. – Көліктің ішін ластама, орындықты сызба. – Жолақысын уақытымен төле. – Үлкен кісілерге орын бер.

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан мәшинені түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі