жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көлік және оның түрлері
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көліктер және олардың түрлері
Мақсаты: Көліктер жайлы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.
Сөздік қорларын толықтыру, жұмбақ, тақпақтарды мәнерлеп айту-
ға дағдыландыру.
Жол бойында, қоғамдық көліктерде тәртіп ережелерін бұзбауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: АКТ құралдары, В.Воскобович элементтері арқылы фетрдан жасалған көліктер,кілемше, көліктер суреттері,маркер, желім, ылғалды майлықтар, доп, жол сақшысының формасы
Билингвалді компонент: Көліктер-транспорт-transport
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Балалар орнымыздан тұрып үлкен шеңбер жасайықшы
Шуағын төгіп күн
Қарады маған да.
Шуағын төгіп күн
Қарады саған да,
Шуағын төгіп нұр
Сәлем Күн -Ана!
-Өте жақсы. Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болғалы тұр, бізге қонақтар келіпті, сол кісілермен амандасып алайықшы.
Ал енді балалар бір-біріміздің қалымызды, көңіл-күйімізді біліп алайық:
(Допты бір-біріне беру арқылы амандасады)
-Айзере қалың қалай?
Балалар оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр:
-Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Бір аптада неше күн бар? Бүгін аптаның қай күні?
Апта күндері туралы тақпақты есімізге түсірейікші
Апта деген ағайдың ,
Жеті бірдей ұлы бар
Біріншісі -дүйсенбі
Екіншісі -сейсенбі
Үшіншісі-сәрсенбі
Төртіншісі-бейсенбі
Бесіншісі-жұма
Алтыншысы-сенбі
Жетіншісі-жексенбі
Өте дұрыс, рахмет балалар
Тосын сәт
( Жол сақшысы болып киінген бала келеді)
-Сәлеметсіздерме балалар?! Мен жол сақшысымын. Сендерге көптеген тапсырмалар алып келдім. Орындауға дайынсындарма?
-Сәлеметсіңбе жол сақшысы, қош келдің! Ал балалар жол сақшысы не істейді, білемізба?
Дұрыс айтасыңдар ол жол бойындағы көліктердің, жолаушылырдың тәртіптін реттейді. Бүгінгі оқу қызметіміз міне осы көліктер жайлы болмақ, олай болса мына слайдка назар аударайықшы
(Слайдтан көлік түрлерін көрсету, жер, су, әуе көліктерімен таныстыру)
1.Міне балалар мына суретте көптеген көлік түрлері бар екен, қандай көліктерді көріп тұрсыңдар?
2. Олар ерекшеліктеріне қарай 3 ке бөлінеді (Әуе, су, жер көліктері)
3. Әуе көліктері: Ұшақ, тікұшақ, зымыран, әуе шарлары
Су көліктері: Кеме, қайық
Жер көліктері: камаз, автобус, машина, мотоцикл, трактор, пойыз
Жер көліктерінің ішінде арнайы көлік түрлері болады. Олар : Өрт сөндіру көлігі, егер өрт болып қалған жағдайда 101 нөміріне хабарласамыз, жол тәртібі бұзылып жатса, ұрлық жасап жатса, жол-патрульдік қызметіне 102 нөміріне хабарласу керек,
ал егер қатты аурып қалған жағдайда жедел жәрдем қызметі 103 нөміріне хабарласамыз.
Осы айтылған жерде жүретін көлік түрлері және біз адамдар жол қиылысынан өтетін кезде, яғни көшенің келесі бетіне өтетін кезде міндетті түрде бағдаршамға қарап өтеміз.
Бағдаршамды білеміз ба? Онда неше түс бар? Қызыл жанса не істейміз?
Сары жанса ше? Жасыл жанғанда не істейміз?
Балалар шаршасақ, орнымыздан тұрып бір серігіп алайықшы:
Сергіту сәті:
Айналайын балалар,
Жан-жаққа да қараңдар.
Жолдан өтер көлік бар
Жол беретін адам бар
Әдеп тәртіп сақтаңдар.
(Қолдарына үш түсті таяқша ұстайды)
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
(Қимыл-қозғалыстармен көрсетеді)
Ал енді жол сақшысының сандығындағы тапсырмаларды орындаймыз.
1-тапсырма :
Көлік түрлерін сандарға және түстеріне сәйкес тұраққа қою.
Шашылған көліктерді алып, түсіне және санына сәйкес тұраққа орналастырады. Оларды санап, түстерін айтады.
2-тапсырма
Көліктер жайлы тақпақ, жұмбақ білесіңдерма?
Тақпақтар
Зымырар қара жолда да
Жайлауда, қырда, жонда да.
Бұрыла алар оңға да,
Бұрыла алар солға да.
Автобус халық көлігі,
Көліктің жүрдек, берігі.
Бұл-пойыздың інісі,
Жанға жайлы жүрісі.
Рельссіз жүре алмай,
Ренжиді трамвай.
Қаламызда қырандай,
Самғар көлік табылар.
Троллейбус пен трамвай,
Автобустар тағы бар.
Жұмбақтар
Күндіз
— түні күрсінеді,
Жүрген жері
сілкінеді. (Пойыз)
Бірінің
ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей,
бірі қашады.
(Дөңгелектер)
Ұшады қанатсыз, зырлайды аяқсыз. (Зымыран)
Құстан аумайды, көкте заулайды. (Ұшақ)
Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер. (Пойыз)
Суда жайраңдайды, жағада қайраңдайды. (Қайық)
3-тапсырма
Қандай көлік түрі?
Балалар келесі тапсырмамыз жер, су, әуе көліктерін кілемше үстіне бөліп орналастыруымыз керек. (Воскобович элеметтері арқылы фетрдан жасалған көліктерді орналастырады) Автобус қандай дыбыстан басталады? Неше буын бар?
Балалар бүгінгі оқу қызметімізді ақыл-ой картасы арқылы жалғастырайықшы, ол үшін геометриялық пішіндер арқылы үш топқа бөлінеміз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек деп кезекпен айтамыз.
Үшбұрыш -әуе көлігі-ұшақ,
Төртбұрыш -су көлігі- кеме,
Дөңгелек -жер көлігі-автобус
Осы суреттерді көрген кезде бірден ойымызға,есімізге келген сәйкес суретті жапсырамыз.
-Жұмысымызды аяқтасақ кім қандай суретті таңдағанын айтып бересінші.
Рефлексия
Рахмет балалар жарайсыңдар, сонымен бүгінгі оқу қызметімізде қандай тақырыпта әңгімелестік? Көліктер адамдарға не үшін керек екен? Көліктердің неше түрі бар екен? Қандай арнайы көлік түрлерін білдік? Жолдан өткен кезде міндетті түрде бағдаршамға қарауымыз керек. Әр кезде жолда абай болыңдар!
Енді бүгінгі оқу қызметінен алған әсерімізді мына бағдаршам түстеріндегі көңіл-күйлермен білдірейікші.
Жасыл түс- маған бәрі ұнады, мен бәрін түсіндім, көңіл-күйім өте керемет.
Сары түс- толықтай түсінген жоқпын, менің көңіл-күйім орташа
Қызыл түс- мен ештеңе түсінген жоқпын, көңіл-күйім жоқ
(Өздеріне ұнаған көңіл-күйді алады.)
Міне балалар бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды, көліктер жайлы толық мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын, басқа да оқу қызметтерінде де осылай белсенді болыңдар, барлығыңа рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген