Материалдар / Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарыныңаялдамажолдары. 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарыныңаялдамажолдары. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарыныңаялдамажолдары. 6 сынып сынып сағаты. ҚМЖ тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2024
182
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

  • көлік құралдарының жүрісі, қызметі туралы түсінік беру;                                                   

  • оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

  • өмірге деген құштарлықтарын арттыру.


Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Белгі»


Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер.
1. Жол қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тұрғыдағы жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай - күйі мен жабдығы оларды техникалық пайдалану жөніндегі тиісті стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруі тиіс.
2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «Транзит» деген тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде жол полициясында тіркелуі тиіс.
Тұрақты тіркеу орнынан 2 айдан астам мерзімге шыққан механикалық көлік құралдары арналған жеріне келуі бойынша уақытша тіркелуі тиіс.
3. Механикалық көлік құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тіркемелерде осы үшін көзделген орындарда тиісті үлгідегі тіркеу белгілері, ал автомобиль - дерде бұдан басқа, маңдай әйнегінің оң төменгі бұрышында мемлекеттік техникалық қараудан өткендігі туралы талон орналастырылады.
Тіркеу белгілерінің сандары мен әріптері жүк автомобильдерінің, тіркемелердің (жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің тіркемелерінен басқа) және автобустардың (аса шағындарынан басқа) қораптарының артқы жақтауында қайталануы тиіс. Сандардың биіктігі - кемінде 300 мм, ені кемінде 120 мм, штрихтың қалыңдығы 30 мм, әріптердің мөлшері сандардың мөлшерінің 2/3.
Трамвайлар мен троллейбустарға тиісті ведомстволардың берген тіркеу нөмірлері жазылады.
4. Жолаушыларды тасымалдауға пайдаланылатын борттық платформасы бар жүк автомобилі еденінен 0, 3 - 0, 5 м жөне борттың жоғарғы жиегінен 0, 3 м кем емес биіктікте бекітілген орындықтармен жабдықталуы тиіс, ал балаларды тасымалдау кезінде, бұдан басқа, борттың биіктігі еденнің деңгейінен 0, 8 м кем болмауы тиіс. Артқы немесе қапталдағы борттардың бойында орналастырылған орындықтардың берік арқалықтары болуы тиіс.
5. Жүргізуге оқыту үшін пайдаланылатын және оқу ұйымына тиесілі механикалық көлік құралы іліністіргіш пен тежеуішті іске келтірудің қосымша тепкіштерімен жабдықталуы тиіс.
6. Велосипедте ақаусыз тежеуіш, руль және дыбыстық белгі' болуы, алдынан жарықты қайтарушы және фонарьмен немесе ақ түсті фармен (тәуліктің қараңғы уақытында жеткіліксіз керінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан - жарықтық қайтаршымен немесе қызыл түсті фонарьмен, ал әрбір бүйір жағынан - сарғыш немесе қызыл түсті жарық қайтарушысымен жабдықталуы тиіс.
7. Жүктік арбашада конструкциясында көзделген ақаусыз тұрақтық тежеуіш қондырғысы мен сырғанап кетуге қарсы тіреуіш болуы, алдынан екі жарық қайтарушымен немесе ақ түсті фонармен (тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз керінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан - 2 жарықтық қайтарушымен немесе қызыл түсті фонарьмен жабдықталуы тиіс.

Суреттер, слайд

Бағалау




Ортасы 20 минут

1-тапсырма. Сұрақ - жауап әдісі

- Балалар, бір қаладан екінші қалаға қандай көліктер арқылы барамыз?
- Қала, ауыл ішінде қандай көліктер қатынайды?

-Адамға көлік не үшін керек? Қандай көлік түрлері бар?

-Ертеде адамдар алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен жеткен?

2-тапсырма. Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастыру.

Темір жолмен трамвай,пойыз жүреді.

Ауамен  ұшақ, тікұшақ, зымыран ұшады.

Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.

Біз қаламызда метромыз болғанына қатты қуандық.

Жүргізуші көлікті асықпай, баппен жүргізеді.

Машина жолымен емес, жаяуға арналған жолмен жүр.

Жол бойында шаңғы, коньки, шана теппе.

Қазақстанда троллейбус алғаш рет 1944 жылы Алматы қаласында жүре бастады.

3-тапсырма. Тест тапсырмалары.

1. Әуе көлік түрін көрсетіңіз.

А) пойыз;

В) тікұшақ;

С) автобус;

Д) трамвай;

Е) такси.

2. Көлік түріне жатпайтынды белгілеңіз.

А) велосипед

В) әткеншек

С) есек

Д) мәшина

Е) түйе

4. «Жаяу» деген сөзбен тіркесе алатын сөзді белгілеңіз.

А) автобус;

В) сыпырғыш;

С) жүргінші;

Д) бағдаршам;

Е) мәшина

5. Жолаушы автобуста не төлейді?

А) салық;

В) жолақы;

С) еңбекақы;

Д) кітап;

Е) сурет

6. Мөлшер үстеуді табыңыз.

А) ертең;

В) біршама;

С) біріңғай;

Д) кеше;

Е) бүгін


7. Қоғамдық көлікті анықтаңыз.

А) такси;

В) тікұшақ;

С) трамвай;

Д) жылқы;

Е) велосипед.


8. Сөйлемді толықтырыңыз. Жүргінші жол жүру ...... білу керек.

А) жолын;

В) тәртібімен;

С) ережесін;

Д) оқу;

Е) есте сақтау.


9. Жүкті кранның ілгегіне ілетін адамды кім деп айтады?

А) такелажшы

В) краншы

С) жүргізуші

Д) ілуші


10. Троллейбусты басқаша қалай атауға болады?

А) «Сымды көлік»

В) «Өзі жүретін»

С) «Электрлі көлік»

Д) «Ұшатын көлік»


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Қорытынды сұрақ

Біздің елімізде жолдың қай қапталымен жүру белгіленген?

Велосипед мінген балалар қай қатармен жүруге тиіс?

Жүргізушілердің қатар алмасуын қалай түсінесіңдер?

Жүргізушілер жүру бағытын өзгертерде ескерту белгілерін қалай береді?

Жүргізушілер не себептен жарық беру құралдарын қосып жүреді?

Қарама-қарсы келе жатқан көлік жүргізушісі жарық шағылыстыруын өзгертпесе, велосипедшілер не істеуі керек?


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.






Сабақтың соңы

2 мин










Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!