400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көлік құралын жасау. Модельдің жеке бөліктерін дайындау. Моделді құрастыру, безендіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлік құралын жасау. Модельдің жеке бөліктерін дайындау. Моделді құрастыру, безендіру. ҚМЖ КПТ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көркем еңбек

3-бөлім Дизайн және технология


Күні: 29/02/2024

Мұғалімнің аты-жөні: Чинтемиров Болаткали Оразаевич

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Көлік құралын жасау. Модельдің жеке бөліктерін дайындау. Моделді құрастыру, безендіру.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.3.1 Орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу.

6.2.3.2 Ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектердентұратын бұйым жасау.

Сабақтың мақсаттары

  • Көлік макеті бөлшектерінің сызбасын сызуды уйрету. Сызба бойынша бөлшектерін дайындау, макетті құрастыру икем-дағдыларын қалыптастыру..

Жетістік критерийлері

Көлік макетінің сызбасын дұрыс орындай алады.

Сызба бойынша материалдан макет бөлшегін сапалы өңдеп дайындайды .

Бөлшектерді сапалы құрастыра біледі.


Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: көлік, капот, радиатор, панель, люк, бампер, брызговик, фара, лонжерон, крашбокс,

Осыған дейін меңгерілген білім

Көліктер түрлерімен танысып, олардың нобайларын салып үйренген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру бөліміОқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Қажетті материалдарын, құрал-саймандарын дайындап реттейді. Оқушыларды топқа бөлу.



Оқушылар алдына сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіліп, баяндалады. Көлік құрастыру зауыттарында өндіріс жұмысының реті суреттелген бейнежазба көрсетіледі.

Көліктің шағын макетін жасау мысалдарының барысы да көрсетіледі.

Жасалынған макет көп уақытқа дейін төзімді, берік етіп жасалынуы қажет.

Көлік құралын орындау барысы бірнеше кезеңдерден тұрады.

- Эскиз бойынша қажетті материалдарды қарастыру, дайындау;

- Материалдарға техникалық суреттері, сызбалары бойынша көлік бөліктерінің пішіндерін өлшеп, пішіп, белгілеп алу;

- Белгіленген дайындамаларды кесіп, ою;

- Дайындамаларды сырлау, әрлеу;

- Бөліктерді қажетті қосылыстарды пайдалана отырып құрастыру;

- Дайын болған көлік үлгісінің беріктігін, қолдануға жарамдығын сынау және ақаулары болса, қалыпқа келтіреді.


  1. АКТ құралжабдықтары

  2. Презентация

1.«Деревянные модели авто..» https: //www.youtube.com/watch?v = sODNPnzVLXY



2. «Деревянные модели машин..» https: //www.youtube.com/watch?v = 685P1V5UGHY



Сабақтың ортасы.

35 минут


Практикалық жұмыс

1 Бөлшектерді әзірлеу

Оқушылар өздері таңдап алған көліктердің алдын-ала жасаған эскиз-нобайларына, техникалық суреттеріне, сызбаларына сәйкес дайындаған материалдарды пайдаланып бөліктерін жасайды.



Мұғалімоқушылардың атқарған жұмысы барысында еңбек техникасының орындалуының дұрыстығын және операцияның технологиялық реттілігін мұқият қадағалап отырады..



Макет мықты, берік етіп жасалынуы үшін фанера немесе жұқа тақтайша материалын пайдалануға болады.









Мысалға автомобиль көліктерін алып, қарастырайық.

Фанера немесе тақтайша бетіне көліктің корпусын, бөлшектерін эскиздегідей өлшеп түсіреміз..





Контурлары бойынша дайындамалар кесіп аламыз





Алдын ала диаметрі сызбадағы өлшемге сәйкес дайындалған ағаш біліктен автомобиль доңғалақтарын кесіп алып, оны токарьлық станокта өңдеп, ойқылдарын келтіріп, ортасына бұрғылап осьтік тесік жасайды.





Кесіліп алынған дайындамалардың кейбір бұрыштарын, жақтауларын, қырларын егеумен егеп, зімпара қағазымен ысқылайды.



Бөлшектерді сырлау, әрлеу үшін акрил бояуын қолдануға болады. Өйткені, бұл бояу денсаулыққа зиянсыз, жылдам кебеді.

2 Көліктер макетін дайын бөлшектерден құрастыру



Дайын бөлшектерді құрастыруды сызбаларына сәйкес орындаймыз.



Алдымен корпусына негізгі бөлшектерін, содан кейін қосымша бөлшектерін, доңгалақтарын желімдеп жапсырамыз.

Дайын болған ағаштан жасалған өнімді түссіз лакпен әрлеген дұрыс. Лак жағылған ағаш өнімі көпке дейн өз қалпын сақтап, бұзылмайды. Бұндай жағдайда дайындамаларды гуашьпен бояп немесе ешқандай бояусыз, лактың тек өзін жақса да болады.

Оқушылардың жұмыс барысын байқай жүріп, мұғалім жеке оқушыларға көмек көрсетіп, олардыынталандырып отырады..



Жұқа тақтайшалар, фанера, сызғыш, циркуль, столярлық құрал-жабдықтар, егеу, бұрғы, зімпара қағазы, ағаш желімі, лак, акрил бояуы...т.б.








Сабақтың соңы

2 минут


Сабақ соңында жұмыстар көрмеге қойылады және оқушылар оларға стикер арқылы баға қойып және басқа топ жұмыстарына қатысты пікірлер айтады.




Оқушылар жұмыстары.

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушыларға автомобиль макетінің құрылымын түпнұсқасына ұқсастау етіп жасауға мүмкіндік беру.

Өздерінің және басқалардың жұмыстарын алдын –ала жасалған критерийлерге байланысты талдайды

Сынып бағалауы.



Оқушылар көліктер құрылысы туралы АКТ арқылы іздестіреді.

Еңбек,өнерге құрмет тәрбиесі беріледі.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға





Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі