Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көлік түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар орындай алады: Көліктің қолжетімді және өте шағын түрлерінің тарихымен танысады. Шырай түрлерінің ерешеліктерін ажырата алады және орынды қолданады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Автомобиль, өнертапқыш, автокөлік, модель, қолжетімді; салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, сын есімнің заттануы. Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Автокөлік тарихы, қозғалтқышты көлік, қолжетімді көлік, өте шағын автокөлік, рекордтар кітабы. Талқылауға арналған сұрақтар: 1. «Автомобиль» сөзінің мағынасы қандай? 2. Қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген кімдер? 3. Қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары қай ғасырдан басталған? 4.Гиннесс рекордтар кітабына енген көлікті ата.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

5.7.5 Көлік және жол белгілері

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: №251М.Әуезов атындағы орта мектеп

Күні: 22.06. 2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Балданбаева Гульмира Умирбековна

Сынып:5

Қатысқандар: 16 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Көлік түрлері

Осы сабаққа қол жеткізетін оқу мақсат-тары(оқу бағдарлама-сына сілтеме)

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.ӘТН4.3.Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

-Мәтінді мұқият тыңдайды, тірек сөздерді табады;

-жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

-мәтін бойынша өз пікірін дәлелдей отыра ,күшейтпелі және салыстырмалы шырайды ажыратады;

-сын есімнің шырай түрлерін орынды қолдана отырып, сөйлем құрайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-Мәтін мазмұны бойынша жетекші сұрақтарға қатысты тың идея айтады.

Кейбір оқушы орындай алады:

-Мәтіндегі ойды өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан шығармашылықпен дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

1.Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді,негізгі ойды анықтайды.

2. Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды, сын есімді зат есім орнына қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Көліктің қолжетімді және өте шағын түрлерінің тарихымен танысады.

Шырай түрлерінің ерешеліктерін ажырата алады және орынды қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Автомобиль, өнертапқыш, автокөлік, модель, қолжетімді;

салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, сын есімнің заттануы.

Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Автокөлік тарихы, қозғалтқышты көлік, қолжетімді көлік, өте шағын автокөлік, рекордтар кітабы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. «Автомобиль» сөзінің мағынасы қандай?

2. Қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген кімдер?

3. Қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары қай ғасырдан басталған?

4.Гиннесс рекордтар кітабына енген көлікті ата.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу, Қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жолда жүру ережелері, сын есімнің мағыналық түрлері туралы түсініктері бар.

Құндылық-тарға баулу

-«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау;

-өмір бойы оқуға дайын болу.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс-тар

Сабақтың басы

1 минут




1 минут








3 минут











1минут




Сабақтың ортасы


7 минут






















































3 минут
















2 минут












7 минут






3 минут








5 минут


































5 минут



I .Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, «Жүректен жүрекке» тренингі арқылы сыныпта жағымды ынтымақтастық ахуал туғызуға бағыттаймын.

Топқа біріктіру.

«Ұнаған суретім» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа сәйкес оқушыларды топқа біріктіремін. Оқушылар өздеріне ұнаған көліктердің суретін таңдап алады.

I топ: Жол көлігі

ІІ топ: Су көлігі

ІІІ топ: Әуе көлігі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

7-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп жазыңдар.

«Қос шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар үлкен шеңберге жиналып, 1-2 реттік саны бойынша екіге бөлінеді. І топ ішкі шеңберге, ІІ топ сыртқы шеңберге тұрады. Оқушыларға тапсырманы алдын-ала аз көлемде бөліп беремін, оқып меңгерген соң екі тарап бір-біріне баяндайды.

Кері байланыс : «Бағдаршам» әдісі арқылы тақырыпты қаншалықты дәрежеде түсінгенін анықтаймын.

Қызыл түс – мен тығырыққа тірелдім,ештеңе түсінбей қалдым.

Сары түс – мен түсінемін,бірақ барлығын емес.

Жасыл түс – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын.

ІІІ. Жаңа тақырып.

1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін талқылау,келісу.

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру. Сын есімнің шырайлары.

Мұғалім түсіндірмесі.

«Түртіп алу» әдісі арқылы мұғалімді тыңдап қажетті мәліметті немесе сұрақтарын жазып отырады.

Бағыттаушы сұрақ.

Слайдта көрсетілген «Көлік түрлерінің» бірі, екіншісіне қарағанда қандай?

Биік – биігірек – тым биік - өте биік

Бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, я әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атаймыз..Мысалы: қызыл+ырақ сөзі заттың сынын салыстырмалы түрде көрсетіп тұрса, қып-қызыл сөзі бір заттың сынын екінші заттың сынына қарағанда күшейтіп көрсетіп тұр. Шырай жасауға негіз болатын тұлға – сапалық сын есімдер. Сын есімнің шырайлары екі түрге бөлінеді.

1.Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстыру арқылы оның артық немесе кем екендігін білдіретін шырайдың түрі.

2.Күшейтпелі шырай – біркелкі сындық белгінің бірі екіншісінен өте артық немесе өте кем екендігін білдіретін шырайдың түрі.

Прямоугольник 1

Күшейтпелі шырай: а)күшейткіш буын: -қып, сап-(қып-қызыл, сап- сары) ә) әдетте, тым, аса т.б.сөздер+cын есім;

Мысалы: үп-үлкен


Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары болады.

Прямоугольник 2

Салыстыр-малы шырай : -рақ,-рек, -ырақ-,-ірек; -дау,-деу,-тау, -теу; Мысалы: үлкен-үлкенірек














Овал 1

Сын есімнің шырайлары-ның жасалуы














Сын есімнің заттануы

Сын есімге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанса, сын есім зат есімнің орнына жүреді.Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуы сын есімнің заттануы деп аталдады. Мысалы: Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ шайқап сөйлейді. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес.

Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің жалғауын меңгеріп заттанады. Мысалы: Білімдіден (кімнен?) шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Тыңдалым алды тапсырма:

Тыңдалым. Сыныппен жұмыс. 1-тапсырма

«Артығын алып таста» әдісі бойынша қатардағы артық сөзді тауып,себебін түсіндір.


Төрт сөзден тұратын тізім

Артығы

Себебі

Машина, велоси-пед, ұшақ, тік ұшақ



Қайық, мото-цикл, пойыз, ұшақ



Қайық, ұшақ, жүк көлігі, автобус



Велосипед, мото-цикл, автобус, пойыз



Қалыптастырушы бағалау: «Алақан – жұдырық» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.

Айтылым.Топтық жұмыс.

2-тапсырма. «Еркін микрафон» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. «Автомобиль» сөзінің мағынасын білесің бе?

  2. Қандай көлік түрін ұнатасың? Неге?

  3. Леонардо да Винчи деген кім? Оның көлік мәселесіне қатысы бар ма?

  4. Көліктерге байланысты қандай қызықты деректерді білесіңдер?


Тыңдалым тапсырмасы.

Тыңдалым. Топтық жұмыс. 3-тапсырма.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Мәтіндегі тірек ұғымдарды анықтайды және сұрақтарға жауап береді.

І топ: Қозғалтқышты автомобильдің шығу тарихы туралы не білесіңдер?

ІІ топ: Қозғалатын көлік түрлерін қай ғасырда жасап шығарған және қай жылы қолжетімді көлік түріне айналған?

ІІІ топ: Автокөліктердің сатылым бағалары жайлы не айтар едіңдер?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Тыңдалым. Топтық жұмыс. 4-тапсырма.

«15 сұрақ-ия, жоқ деген жауап» әдісі бойынша әр топ өздеріне берілген сұраққа жауап береді.

І топ. 1.«Автомобиль» сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын , жолаушыларды, жүкті тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік.(ия)

2.Автомобиль – кем дегенде 3 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтіретін көлік құралы. (жоқ)

3. Автомобильді өнертапқыш бір күнде ойлап тапқан. (жоқ)

4.Автомобильді жүз мыңнан астам адам ойының жемісі деуге болады.(ия)

5. Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютон қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген. (ия)

ІІ топ.

6. Қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары ХІХ ғасырда басталған. (жоқ)

7. ХХ ғасырдың басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдерді бензинді автомобильдер ығыстырды.(ия)

8. Генри Фордтың «Форд- Т» моделін жасап шығаруы, көпшіліктерге қолжетімді көлік түріне айналды. (ия)

9.Әлемдік көліктердің саны ,түрі, азайып келеді. (жоқ)

10.Үлкен көшелерде өте шағын автокөліктер жүрмейді. (жоқ)

ІІІ топ.

11. «Wind Up» көлігі шағындығы арқасында 2009 жылы 9 мамырда Гиннесс рекордтар кітабына енген. (ия)

12. Автокөліктердің сатылым бағалары өзгермеген. (жоқ)

13. Әлемдегі ең қымбат көлік – Ferrari 250 GT. (ия)

14.1963 жылы шыққан модельді 2010 жылы ди-джей Крис Эванс 12 миллион фун стерлингке сатып ала алмаған.(жоқ)

15. Аты аңызға айналған автозаводтың төл туындысы саналатын аталмыш автокөлік талайдың көзін қызықтыруда.(ия)

Тыңдалым/Айтылым. Жұптық жұмыс. 5-тапсырма. «Төрт сөйлем» әдісі.

Пікіріңді «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айт.

1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен, шырай түрлерін орынды қолданып жазыңдар.

2. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

3.Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топ бірін-бірі бағалайды.

Жазылым. Топтық жұмыс. 6-тапсырма. «Сағат тілімен» әдісі.

Үш топқа тапсырма беремін. Төмендегі сын есімдерге шырай жұрнақтарын жалғап, сөйлем құра.

І топ: Жарық.үлкен.кең.

ІІ топ: Кең, дәмді, дәл.

ІІІ топ: Ұзын,жұмсақ,ауыр.

Кері байланыс. «Табыс сатысы» әдісі арқылы тақырыпты қаншалықты дәрежеде түсінгенін анықтаймын.

1-саты: Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндім.

2-саты: Алған білімімді сабақта пайдаландым.

3-саты: Тапсырманы орындай алдым.












































Венн диагра-масы























Кесте


















Микрофон















Қазақ тілі 5-сынып

122-бет







Кеспе қағаздар



















Сұрақ жазыл-ған кеспелер







Сабақтың соңы

2 минут








Үйге тапсырма: Барлық оқушылар: 11-тапсырма. Сын есімнің шырайларын қолдана отырып ,«Ең қымбат көліктер» тақырыбына мәтін жазыңдар.

Қабілеті жоғары оқушылар: «Автомобильдер» айтысы. Автокөлік маркаларына қатысты қызықты мәліметтер табыңдар.



Қазақ тілі

5-сынып

«Ата-мұра» баспасы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
2414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12