400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көлік түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекетін өткізде қолдануға болады. Мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне қажетті материал. Көлік түрлері тақырыбында балаларға түсінікті әрі қызықты өткізу үшін көмегі бар. Көптеген дидактикалық тақырыпқа байланысты ойындар кездеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кақырыбы: Көлік түрлері

Мектеп/МДҰ:


Күні:

педагогтің аты-жөні: Жарболова А


сынып/топ:

Қатысқандар саны:

Болмағандар:

ҰоҚ-ның оқытылу мақсаты

1. Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау.


Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырады, ажыратады. Көлік түрлерінің пайдасын біледі.









тілдік мақсат

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Көліктердің адам өміріне қаншалықты қажеттілігін біледі.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Көлік түрлерін ажыратады және сипаттайды. Өзі тұрған жерінде жүретін көліктердің түрлерін біледі.

тәрбиеленушілер: Талдауға қатынаса алады; диалогке белсенді қатынаса алады; өз таңдауын жасай алады; жалпы белгілеріне қарай топтастыра алады; өзінің тұрған жерінің көліктері туралы әңгіме құрастырады.

Суретті талқылауға қатысуға; үнқатысуда белсенді қатысады; орналасу жоспарына негізделген қысқа әңгіме айту; мекенжайын айтып беру.

Көптілділік:

Трамвай – трамвай – tram, ұшақ – самолет – aircraft

негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Пойыз, трамвай, троллейбус Жерде, әуеде, суда


Пікір алмасу сұрақтары. Барлық көліктің түрлері бірдей ме?

Олардың бір-бірінен қандай ерекшеліктері бар? Қандай ұқсастығы бар?

Сіз тұратын қалада қандай көліктерді кездестіруге болады?

Ата-бабаларымыз қандай көліктермен қатынас жасады және бір-бірлерімен қалай байланысты?

Өзің мектепке (балабақшаға) қандай көлікпен келесің?

Қазіргі заманда көлік адамдарға қандай көмегін тигізеді?




Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Көлік түрлерін айтып беру.

Өздері мектепке (балабақшаға) қандай көлікпен келгендерін айту.

Көлікке қалай отыру, қозғалыс кезінде жолдан абай болу.

Көлік ішінде ереже сақтау.


Өткен ҰоҚ-дан алған білімі

Көлік туралы түсінік.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстары

і. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин

(Ұ) Шаттық шеңбері

Арайлы таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жайнай берсін қаламыз.

Музыкалық әуен.

іі. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин

(пт) Балалардың әртүрлі көлік қозғалысы туралы білімдерін толықтыру.

Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап бергіздірту.

Көлік түрлерін сипаттап және ажыратып беру.

(Ұ) «Көліктер мен байланыс құралдары жоқ болса, онда не болады?» деген сұраққа жауап алады. Үлгі жауаптар:

– Бір жерден екінші жерге қатынау қиын болады. Жолаушылар баратын жеріне уақытында бара алмайды.

Көлік түрлерінің суреттері.

«Көлік» атты мультфильм https://www.youtube.com/ watch?v=RSOx5LuL7gA


– Телефон, электронды пошта болмаса, бірден



хабар ала алмай қаламыз. Алыста тұратын адамдар



жақындарымен хабарласа алмай қалады. Педагог «Көлік» атты мультфильм қарауды ұсынады. Сол көрген мультфильмнен не түсінгендері туралы әңгімелеседі.


ҰоҚ-ның ортасы ііі. тақырып бойынша жұмыс, 6–28 мин

(Ұ) педагог сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰоҚ-ның тақырыбын анықтатады.

  • Балалар, мына суретте нелер бейнеленген? (Ұшақ, троллейбус, автобус, кеме).

  • Бұлардың барлығын бір сөзбен атауға бола ма? (Көлік).



– Балалар, мен қазір сендерге жұмбақтар



жасырамын. Сендер жауабын тауып, қандай көлік



түрлері екенін табасыңдар.



Жұмбақ шешу.

Аспанда жүзеді, Қанатын қақпайды. Жерде де жүреді,

Бауырлап жатпайды. (Ұшақ)

Интерактивтік тақта. Көліктер бейнеленген үлгі суреттер.

Көлік түрлері. https://www. youtube.com/watch?v=o_c-y_ sD_Js стр.


Бір-біріне қарап үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп. (Пойыз)



Сымға асылып, Жүр асығып.

Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді. Өзіне адам мінеді,

Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус)







пт) сөздік жұмысын жүргізу

Көптілділік:

Трамвай – трамвай – tram, ұшақ – самолет – aircraft




суретпен жұмыс.

Суретте көлік түрлері бейнеленген. Осы көлік түрлеріне мұқият қараңдар. Олардың ортақ белгілері не? (Дөңгелектер)

Ал оларға дөңгелектер не үшін қажет? (Жүру үшін). Ал автобус, мәшине, пойыз қайда жүреді? (Жерде рельс арқылы жүреді).

  • Тақтадан жерде жүретін тағы да қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар? (Трамвай, троллейбус)

  • Мәшинені жүргізетін адамды кім деп атауға болады?

  • Жүргізуші, ең бастысы, нені білуі керек?

  • Жүргізуші жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы адамдардың өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі.

  • Әртүрлі көлік түрлерін не үшін ойлап тапқан? (Жердің әр түкпіріне, қалаларға, басқа елдерге жету үшін)

  • Ал, егер де біз алыс елге барсақ...





Жұмбақтар жинағы.


Көлік түрлерінің суреттері.

Мысал: Қытай еліне барғымыз келсе, біз ол жаққа қалай жетеміз? (Ұшақ, пойыз, автобус).

Ұшақ, тікұшақ қайда ұшады? (Әуеде ұшады). Тақтада тағы қандай көлік түрлерінің суреттері ілініп тұр? Олардың ортақ белгілері қандай?

Теплоход, кеме, катер.

  • Бұл көлік түрлерін қандай ортақ атаумен атаймыз? (Суда жүзетін көліктер).

  • Сонымен, балалар, бүгін біз көлік туралы қандай жаңалықтармен таныстық? (Көліктер жерде, әуеде, суда жүретін болып бөлінеді).


(Ұ, т, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.

Қаладағы көлік түрлерін ата?

Ауылдағы көлік түрлерін ата? Айырмашылығы неде?

Трамвай, троллейбус, автобус, метро т.б. қаладағы көлік түрлері.

Атарба, мотоцикл, мәшине – ауылдағы көлік түрлері.

Айырмашылығы: трамвай, троллейбус, метро ауылда жүрмейді.

Атарба қалада жүрмейді.

Әліппе-дәптер. Суреттер.

2-тапсырма: Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді?

Ауадағы, судағы және жердегі көлік түрлерінің біреуін белгіле. (Жердегі көлік)








































Қорытынды

рефлексия

«Өз үйіңді тап!» ойыны

  • Ұшақтар қайда қонады? (Әуежай)

  • Міне, бұл біздің әуежай болады. (Ойыншық ұшақты қояды).

  • Ал жолаушылар жағаға шығу үшін кемелер қайда жүзіп келеді? (Кемежайға)


  • Бұл біздің кемежай болады. (Ойыншық кемені орындыққа қояды).

  • Ал жерде жүретін көлік жұмыстан кейін қайда келеді? (Гаражға).

(Ұ) сергіту сәті:

Ал, паровоз, баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Піш-піш, піш-піш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік.

Кәне, кімнің бойы ұзын? Паровозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық.

  1. тапсырма: Мына көліктердің қайсыларын

«арнайы көлік» деп атайды? Белгіле. Себебін түсіндір.

Себебі арнайы көліктер адамдарға өте қажет.

  1. тапсырма: Көлік түрлерін тиісті орынға жапсыр. Жапсырмалар: өрт мәшинесі, автобус, пойыз. Тиісті орнына жапсыру.

– Кәне, сендермен қиялдап көрейік. Сендер қандай көлік ойлап табар едіңдер?

Сендер есейіп, ержеткен соң кейбіреулерің көлік құрастыратын мамандық иесі болуларың мүмкін. Сөйтіп бір ғажайып, қолайлы және жылдам көлік түрін ойлап табасыңдар. Бірақ ол үшін әлі көп білім, оқу қажет.

5-тапсырма: Қандай қоғамдық көлік түрлерін білесіңдер? Айсұлу мен Қуанышқа қоғамдық көлік түрлерін айтып берейік. (Ұшақ, троллейбус, автобус, пойыз, кеме)


Педагог ҰОҚ-тін қорытындылайды



Ойындар жинағы.



іV. ҰоҚ

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап

Әліппе-дәптер,

қорытындысы.

рефлексиялық

қорыту.

түрлі түсті қарындаштар.

Балалардан мәшинені кез келген түсті қарындашпен


түзету.

бояуын сұраңыз:


28–30 мин

  • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;



  • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары



қарындашпен;



  • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –



жасыл қарындашпен.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі