Білім беру саласы:
Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Көлік
түрлері»
Мақсаты: Балалар көлік түрлері
туралы түсініктері
қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:
- Көлік түрлерін ажыратады және
сипаттайды.
-
Көлік түрлерінің пайдасын біледі.
- Жолда жүру
ережелерін біледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
көлік
түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам,
слайд.
ҰОҚ
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
Балаларды шаттық шеңберіне
тұрғызып, өлең шумағын балалармен бірге
айтады.
Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы
адам.
Жамандықтан
жиреніп
Үлгі аламыз
жақсыдан.
2. Негізгі
бөлім.
– Балалар, мен қазір
сендерге жұмбақтар жасырамын.
Жұмбақ
шешу
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды. (Ұшақ)
Бір-біріне қарап үйлер
тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(Пойыз)
Сымға асылып,
Жүр асығып
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол
не, ал кім біледі? (Троллейбус)
– Көлік
дегеніміз не? Ол адамға неге
қажет?
– Сендер
балабақшаға қандай көлік түрімен
келесіңдер?
– Енді, мен
сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы
ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа
- сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен,
бұғыларды көлік қылған.
– Қазіргі таңда
бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп,
оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
көліктердің қоғамдық, жеке және жүк көліктері
болып бөлінетіндігін айтады. Қоғамдық көліктерге (ұшақ, троллейбус,
автобус, кеме, трамвай, метро т.б.) жатады. Жүк көліктерінің екі
түрге бөлінетіні (фургон, цистерна) және мәшинелердің құрылысын,
ұқсастықтарын, айырмашылықтары жайлы айтылады.
Суретпен жұмыс. (Қауіпсіздік
ережесімен таныстыру)
Педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін
дидактикалық ойын: «Жасырынған ойыншықты тап!».
Мақсаты: ойыншық-тарды қасиеттеріне, белгілеріне
қарай сипаттауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
●балалар ойыншықтың неден жасалғанын айта
алады;
●қайда қолданылатын-ын айта
біледі.
Шарты: балалар жасырылған ойыншық-тарды тауып,
неден жасалып, қайда қолда-нылатынын, түсін
табады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып қшамыз.
Суда жүйткіп
жүземіз.
Кемелерді
түземіз,
Жол тәртібін
сақтап,
Троллейбусқа
мінеміз.
Дәптермен
жұмыс.
-
Тапсырма: Мына көліктердің қайсыларын«арнайы көлік» деп атайды?
Белгіле. Себебін түсіндір
-
Тапсырма Көлік түрлерін тиісті орынға жапсыр. Жапсырмалар:
өрт мәшинесі, автобус, пойыз. Тиісті орнына
жапсыру
3. Қорытынды бөлім.
Сонымен балалар
біз көп нәрселермен таныстық, сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын
қазір енді ойын арқылы сабақты
аяқтаймыз.
Педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін
дидактикалық ойын: «Даусынан тап».
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеті
дамиды.
Күтілетін нәтиже: балалар көлік түрін ажырата
алады.
Шарты: балалар үнтаспадан көлік түрлерінің
(пойыздың гудогі, ұшақтың, кеменің т.б.)
дауыстары тыңдатылады. Балалар тыңдап қандай көлік екенін
табады.