«Келісілді» _______________
«Бекітемін»___________
бөбекжайы
әдіскері:Н.Н.Маманбаева №7 «Айналайын»
бөбекжайы
Директоры
С.А.Барлыбаева


№2 пед.кеңеске
арналған ашық ҰОҚ
Тақырыбы:Көлік
түрлері
Логопед:А.Ж.Гапуова
2021-2022 оқу
жылы
Сабақтың тақырыбы: Көлік
түрлері
ҰОҚ
мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау,
есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік
жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға
үйрету.
Білімділік:Баланың көліктер жайлы түсінігін
дамыту, атауларын үйрету.
Түзете-дамытушылық:Баланың ойлауын, ұсақ қол моторикасын,
сөйлеуін, дамыту.
Тәрбиелік:Баланы тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу
Көрнекіліктер:поезд, жүк көлігі, қайық, ұшақ
ойыншықтары, слайд, түрлі – түсті
қағаздар
ҰОҚ
барысы. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
- Адемі,
бүгін біздің ҰОҚ келген апайлармен сәлемдесіп
алайық.
-
Бүгінгі көңіл-күйің қалай ?
Артикуляциялық жаттығулар жасап жіберейік шарды түтікшеде
үрлеу,таяқшаны тілде ұстап тұру,тәтті тоқашты ерінге кидіріп
ұстау.
Жаңа
ҰОҚ
Бүгін
біз көлік түрлерімен танысатын боламыз. Көліктер әуе көлігі, су
көлігі, жер көлігі, темір жол көлігі болып бөлінеді. Ендеше,
экранға назар аударайық.
Бұл -
әуе көлігі ұшақ. Ұшаққа адамдар өте ұзақ жол жүрерде мінеді. Онда
орындар өте көп болады.Ұшақ ұзақ жолға өте жылдам жететін әуе
көлігі.
Бұл–
қайық. Қайық су көлігі. Қайықты адамдар өзеннің бергі бетінен арғы
бетінен өту үшін пайдаланады. Қайықпен балықшылар балық аулауға шығады.Қайықтың
ескектері болады. Ескекті суға салып еседі, сонда қайық жылдам
жүзетін болады.
Бұл- поезд. Поезд темір жол
көлігі. Адамдар ұзақ жерге бару үшін поездға мінеді. Поездың
вагондары көп болады.
Бұл-жүк көлігі. Жүк көлігін
адамдар ауыр жүктер яғни, тас, құм және де тағыда басқа жүктерді
тасуға пайдаланады.
«Қызықты поезд»
ойыны
- Адемі, бізге поезд келіпті қарашы!
Поездың вагондары
түрлі-түсті екен. Поезд бізге не алып келіпті көреміз
бе?
Жүк көлігін құрастыру
ойыны
Ойын шарты: жүк көлігін
құрастыру
Ойын мақсаты: баланың
ойлауын, ұсақ қол моторикасын дамыту
«Суда жүзген қайық»
саусақ ойыны
Суда қайық
жүзеді,
Желкенін ол
түзеді,
Оңға, солға
бұрылып,
Толқындатып
жүреді.
«Сиқырлы санды поезд»
ойыны
Ойын шарты: поезд
вагондарын санай отырып, ретімен тізу.
Ойын мақсаты: баланы
санауға үйрету, сандар жайлы танымын кеңейту, ұсақ қол моторикасын
дамыту.
«Не
қайда жүреді?» ойыны
Ойын
шарты: слайдтан көрсетілген көліктерді қайда жүретінін тауып айту
және қағазға жапсыру.
Ойын
мақсаты: баланың ойлауын дамыту, көліктер туралы ұғымын
қалыптастыру.
Сергіту сәті
Жүк
көлігін айдаймыз вум-вум-вум
Қайық
болып жүземіз қане, қане, қане.
Ұшақ
болып ұшайық бәріміз
Поезд
болып жүрейік тізілеміз біз
Бекіту
«Түрлі-түсті ұшақтар»
ойыны
Ойын
шарты: түрлі – түсті қағаздардан ұшақ
жасау
Ойын
мақсаты:баланың ұсақ қол моторикасын
дамыту.
Қорытындылау: баланы
мақтап, мадақтау.