Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көлік түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көлік түрлері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет тақырыбы: «Көлік түрлері»

Мақсаты:

Көлік түрлері жайлы түсініктерін дамыту, құрастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, Көліктер туралы түсінігін кеңейту. Темір жол көлігі, әуе көлігі, су көлігі,жол көліктері туралы білімдерін тиянақтау, түсінігін қалыптастыру. Машина, пойыз,ұшақ,кеме жайлы білімдерін одан әрі дамыту. Оларға еңбек ететін мамандықтар туралы түсіндіру. Жүргізушінің еңбегі, кондуктор, машинисттің, жолсерігінің, ұшқыш, бортинженер, стюардесса, капитан, боц-ман, матростардың қызметтері туралы түсіндіру. Жолда жүру ережесін сақтауға, мейірімділікке, ұқыптылыққа, достыққа, көлік мамандарының еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Ой-қиялын дамыту,шығармашылық белсенділігін арттыру, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру. Достық қарым – қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. Еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу


Көрнекіліктер: көлік бөлшектері,құм және су бассейні, суреттер, ойыншықтар.

Технология түрлері: ойын технологиясы

Әдіс –тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, тосын сәт, дидактикалық ойын, құрастыру әдістері


Оқу іс-әрекет барысы:

Тәрбиеші:Балалар барлығымыз бүгінгі оқу іс-әрекет басында «Тілек шеңберіне» тұрайық. Қол ұстасып бір- біріне тілек айтады.(сәттілік,мейірімділік,ізгілік,білімділік) тыныштық сақтап орындарына отыру.


Тәрбиеші: Балалар мен оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырудан бастаймын, тәртіпті сақтап, дұрыс жауап береміз. Жауабы жылжымалы перденің артында тұр. Ашу арқылы дұрыс, дұрыс емесін білеміз.


- Тізбектелген көк үйлер

Көшіп жүрген көп үйлер (пойыз)


- Суда жайраңдайды

Жағада қайраңдайды (қайық)


- Құс сияқты құс емес,самғап ұшқан биіке.

Қақпайды бір қанатын, жүрсе де тым биікте. (ұшақ)


- Иә дұрыс барлықтарың жұмбақтың жауабын шештіңдер.

Енді сендерге сұрақ қоямын, мұқият тыңдап, дұрыс жауап беріңдер.

- Балалар көлік дегеніміз не? Кім біледі?

-Көлік дегеніміз бір жерден екінші жерге адамдарды, заттарды жеткізуге арналған құрал.

Көліктер 4-ке бөлінеді.

1) Жолда жүретін көлік (машина, автобус, мотоцикл, трактор, велосипед, жедел жәрдем)

2) Су көліктері (қайық, кеме, параход)

3) Әуе көліктері (ұшақ, тікұшақ, зымыран)

4) Теміржол көліктері (пойыз, паравоз,)

- Дұрыс. Енді осы көліктер қалай жүреді?

Машина қалай жүреді? - Жолда зулайды.

Қайық қалай жүреді? - Суда жүзеді.

Ұшақ қайтеді? - Зымырайды, самғайды.

Пойыз қайтеді? - Жүйткиді.

Автобуста қызмет ететін адамдарды кім деп атайды? (Жүргізуші, кондуктор)

Кеме қызметкерлері кімдер? (Капитан, матрос, боцман)

Ұшақ қызметкерлері кімдер? (ұшқыш, стюардесса, бортинженер)

Пойыздағы қызметкерлер кімдер? (машинист, жолсерік)

- Дұрыс.

-Қазір біз тәжірибе жасау арқылы су көліктерінің суда қалай жүретінін бақылайтын боламыз. Ол үшін қағаздан дайындалған кемелерді кезекпен суға жібереміз. Суда бата ма әлде қалқып жүре ма бақылаймыз.

Бақыладық па? Не көрдік?

- ал сендер жолда жүру ережесін білесіңдерме?

- иә

-ендеше сергіту сәті арқылы жолда жүру ережесін қайталайық.

Сергіту сәті.


Тәрбиеші: Балалар,олай болса орталықтарға бөлініп,бүгінгі оқу іс-әрекет тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындауға кірісейік.(балалар орталықтарға бөлінеді: пішіндер арқылы.) Ол үшін қай орталықта, қандай жұмыс жүретіні жайлы мұқият тыңдап алыңдар:

Үшбұрыш: Құрылыс орталығы: «Сандары бойынша көліктерді құрастыру.»

Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандары бойынша суреттерді құрастыру. Қандай көлік суреті шыққанын атау. Біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Танымдық қабілетін, саусақ моторикасын жетілдіру.

Төртбұрыш: Үстел үсті ойын орталығы:

«Көліктердің орнын тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Көлік түрлерін атқаратын қызметі мен жүретін ортасына қарай топтастыру, салыстыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту, қызығушылығын арттыру

Дөңгелек: Өнер орталығы: «Желкенді қайық»

Мақсаты: Мақталы таяқша арқылы желкенді қайықтың суретін салу, шығармашылыққа баулу. Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Орталық белгілері таратылады.Әр бала өзі қалаған орталықта жұмыс жасай алады.


- Балалар біз оқу іс-әрекетімізді өзіміз жаттап үйренген «пойыз» әнін айтып қорытындылайық.

Қорытындылау: Біз не білдік? Не үйрендік?

Көліктің әр түрлі болатынын, олардың барлығы адамдарға қызмет ететінін, көлік үшін не қажет екенін білдік.


Жақсы қатысқан, дұрыс жауап берген баланы мадақтау, бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11