400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Көлік түрлері . Ықшам сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


ТАҚЫРЫБЫ:

Көлік түрлері

Мектеп/ МҰ:№110 мектеп-лицейі

ББС

Әлеумет

Пәні:

Қоршаған орта

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Қазыбекова Айгүл

Сынып/ топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Бөлімше

1. Мен және қоғам

1.4 Көлік және байланыс құралдары

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.4.2. Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау

Оқу мақсаты:

Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажыратып, сипаттай алады

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Броундық қозғалыс, Галереяны шарлау, ашық сұрақтар, ДЖИГСО, мнемокесте, ашық микрофон, ұжымдық, жұптық, жеке жұмыстар, «Үштік әдісі»

Дағды

Көлік құралдарының адам өміріндегі қажеттілігін түсініп, қолдану аясын атай алу

Күтілетін нәтиже

Сұрақтарға жауап береді. Арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, олардың атқаратын қызметі, жұмыстың нақты түрлерін орындауға арналған көліктер туралы (өрт, жедел жәрдем,т.б) ұғымды игереді, көлік түрлерін біледі.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

І. Басы.



Қызығушылығын ояту.

0–2мин.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Ширату:  «Жұмбақтар жаңбыры» балалар жұмбаққа жауап береді

1.Төбесінде ебелек,

Ұшады ол керемет. (Тікұшақ)

2.Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар. (Трамвай)

3.Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр. (Автобус)

4.Құстан аумайды
Көкте заулайды. (Ұшақ)

5.Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.(Поезд)

6. Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.(Қайық)

Ой қозғау :«Браундық қозғалыс»

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты фото суреттер ілініп тұрады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

Жиналаған фото суреттер желісімен балаларға ашық сұрақтар қойылады.

Ашық сұрақтар; (бала үні)

  • Қандай көлік түрлерін көрдіңдер?

  • Ол көліктерді қай кезде пайдаланады деп ойлайсыңдар?

  • Бүгін тез арада Астанаға жетуің керек, қалай жетесің?

  • Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай баруға болады? Не үшін ол көлікті таңдап тұрсың?

Балалардың жауаптарын тыңдау.

Жаңа сабаққа көпірше салынады.

«Сиқырлы қоржын» арқылы (әр оқушы көлік суреттерін таңдап алады, осы суреттер арқылы оқушылар 3 топқа (әуе,су,жер тобы) бірігеді





жұмбақтар

II. Ортасы

5-15 мин.
















15-23мин










  1. 1-Топпен жұмыс. I топ. «Орнын тап»

  2. Әр түрлі көлік суреттері беріледі.

Бұлттың астына әуеде ұшатын көліктерді, судың астына суда жүретінін, жолдың астына жерде жүретін көліктерді жабыстыру.

II топ. «Сәйкестендір»

Әр көлікті өз жолына сызық арқылы апарып қосады.

III топ. Әуе, су, жер көліктерінің суреті қиылып беріледі, балалар құрастырып жапсырады. Мысалы, кемені суға, машинаны жерге, ұшақты аспанға.

Мадақтау :«Галереяны шарлау» әдісі

Дайындалған постер қабырғаға ілінеді. Балалар жұмыстарына талдау жасайды, пікірін тыңдайды, осы арқылы көліктердің қозғалыс ортасына қарай 3 түрі болады: әуе, су, жер деп қорытындыға келеді.

Топтар бір-бірін жұлдызша жапсыру арқылы бағалайды.

2 -Жұптық тапсырма: «Қай бөлігі жоқ?»

Әр түрлі көліктердің суреті беріледі-жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция, қар тазалайтын, су таситын, жүк көлігі. Олардың бір бөлігі салынбай беріледі. Суретті аяқтап, жұптар бір-біріне жедел жәрдем, өрт көлігі, полиция көлігі, жүк көлігі қандай қызмет атқаратынын әңгімелеп береді.

Кері байланыс: Педагогтің жылы сөздері арқылы мадақтау.

3-Ұжымдық жұмыс. «Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау »

Қаламызда қырандай,

Самғар көлік табылар.

Троллейбус пен трамвай,

Автобустар тағы бар.

Автобусқа асығып,

Доп тепкендей асырып,

Жолды кесіп өтпеймін.



Саралау тапсырмалары

Қарқыны жоғары балалар үшін

«Артығын алып таста»- көліктердің ішінде (мысалы су көліктердің ішінде тұрған жер көлігін) алып тастап, себебін түсіндіріп береді

Қарқыны төмен балалар үшін:

Геометриялық фигурадан машина құрайды

Сергіту сәті:«Кім көліктің көп түрін атайды?» ойыны

Шарты: барлық оқушы көлік түрлерін айтады, ең көп көлік түрін айтқан оқушы жеңімпаз болады.


Постерде орындауға түрлі көлік суреттері:

әуе, су, жер



















Бөлігі аяқталмаған

суреттер












III. ҰОҚ қорытындысы

Аяқтау

23-28 мин





28–30 мин.


Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

- Дарын, сен бүгін топтық жұмыс барысында белсенді болдың.

- «Сөйлемді толықтыр» ойынында сұраққа жылдам ойланып жауап бердің.

-Жұптық жұмыс барысында жұбыңмен бірлесе отырып, жұмыс жасауға талпын.


Рефлексия

Балалар көліктерін әуеге, суға, жерге апарып жапсырады.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі