400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балауса ясли-бақшасы»КМҚК

Тәрбиеші: Дүйсенбаева Құндыз Досмырзақызы

Күні:12.02.2019ж.

Тобы: «Жауқазын»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты:

Б: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,аттарын,түрлерін ажыратуға үйрету.

Д: Балалардың сөйлеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту.

Т: Ойыншық көлік түрлерін мұқият,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, слайд, әңгімелеу,көрсету,ойын,тақпақтар.

Көрнекілігі:Көлік түрлерінің суреттері,ойыншық машина түрлері,бағдаршам.

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет,жапсыру,құрастыру.

Оқу қызметінің түрі: Ашық оқу қызметі.

Сөздік жұмыс: Жеңіл көлік,жүк таситын көлік,трактор,автобус.

Қостілді компонент: Көлік-транспорт.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы, қозғаушы қызмет түрі.















Ашық оқу қызметі














Түсіндіру


















Тақпақ айту



























Сұрақ-жауап



















Қозғалмалы ойыны




























Қорытынды

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Балалар,бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сөйлеуді дамыту ерекше болмақ.

Себебі,қараңдаршы, қаншама қонақтар келіп қалыпты.Оқу қызметі ерекше өтуі үшін көңіл күйіміз көтеріңкі болу керек. Олай болса шаттық шеңберін құрайық:


Тоқтамай зуылдаймын зырн-зырн,

Көлікпін дуылдаймын дырн-дырн.

Жүремін,айналамын бырн-бырн,

Әрқашан көңілдімін сырн-сырн.


-Өте жақсы балалар.Енді осы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Бүгін сөйлеуді дамытудан «Көліктер»тақырыбында әңгіме өрбітейікші.Балалар көліктер адамдарды алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады.

Көліктердің түрлері өте көп.Балалар мына экранға қарап көріңдерші .

Олар:

1.Әуеде ұшатын

2.Суда жүзетін

3.Жерде жүретін

4.Темір жол көліктері болып

Ал енді осы көліктердің ішінде біз жерде жүретін көліктермен танысайық.

Ерте,ерте,ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған.

Кейінірек адамдар машина,

трактор,автобус сияқты жерде жүретін көліктерді ойлап тапқан.

-Мынау жеңіл машиналар.

Онымен адамдар алыс жақтарға,

жақын жерлерге жете алады.

Мысалы:Жақын жер-больницаға,

дүкенге,туысқандарының үйіне.Алыс қалаға,ауылға да бара алады.

Кім жеңіл көлік туралы тақпақ біледі екен кәне айтайықшы.

Айбике:

Бара жерге әп-сәтте,

Өзім жеңіл зулаймын.

Жолды лезде басқарып

Апарып тез тастаймын.

-Жақсы.

-Алғ жүк машиналар жүк тасиды.Ауыр заттарды,жүктерді үлкен жүк машиналар тасымалдайды.Құм,тас,ағаш тасиды.

Кім жүк көлігі туралы тақпақ біледі екен кәне айтайық.

Жан:

Трактормын дыр-дыр

Қарап маған тұр-тұр

Менің мына келбетіме

Көңіліңді бұр-бұр.

-Автобус ол көпшілікке арналған көлік түрі.Олда адамдарды тасиды.Оның жолаушыларға арналған салоны бар.

-Кім автобус туралы тақпақ біледі екен кәне айтайықшы.

Жантөре:

Көңілді автобуспын зырылдаған

Ішімде жолаушылар дуылдаған

Сан тарау жолдармен жүремін

Мен сияқты кім бар екен зуылдаған.

-Балалар осы сендер балабақшаға таңертең немен келесіңдер?

Кейбіреулерің көлікпен келеді екенсіңдер,ал сол машинаны неге сендер айдап келмейсіңдер?

-Жақсы балалар.Бұл көліктердің барлығын білімді оқыған үлкен адамдар ғана жүргізеді.

-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайыншы сендер тауып көріңдерші:

Жүргізуші жргізеді,

Төрт аяқты батырды, не екен балалар?

-Жақсы балалар.

-Көліктердің өздеріне арналған жолдары болады.Сонымен қатар адамдарға арналған жолдар бар.Осының барлығын бағдаршам реттеп тұрады.Ендеше біз ойынға кезек берейік.

«Бағдаршам» ойыны.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Бағдаршам өмірімізді сақтандыратын көмекшіміз.

-Ал, балалар қане автобусқа жайғасайық.Ал қозғалдық.Сәт сапар!Біз қазір қаланың көшесімен келе жатырмыз.

Көше қиылыстарының бірінде бағдаршам тұр екен.

-Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің машина, автобусымыз жүру керек.

-Балалар жүргізуші неге жүрісін баяулатты?

«Абайлаңдар,балалар!»деген белгісі тұр.

Автобус,машиналар тоқтайды.

Балалар жүреді. Ойын осылай жалағасады.


-Балалар сонымен біз немен таныстық?

-Қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Адамға көлік не үшін керек?

-Жолда жүру тәртібі не үшін керек?

Сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын, қазір енді осы өздерің ұнаған көлік түрлерін жапсырып сабақты аятаймыз.

Сендерге көп-көп рахмет.

Сау болыңдар.

Құрметті әріптестер көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет!



-Сәлеметсіз бе!











Шаттық шеңберінің сөзіне сәйкес қимылдар жасайды.
































































-Жеңіл көлікпен.


-Біз әлі кішкентаймыз.









-Машина



































-Көлік түрлерімен.

-Автобус,трактор,

жүк көлігі.

-Қажетті жерге бару үшін.

-Сақтық үшін керек.



Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып,қызметін білді.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді.Көліңтің түрлерінің өзгеріп,көбейюі адамның қиялына,шығармашылығана байланысты екен.

Меңгерді:Көліктің қызметіне қарай ажыратады.Жолда жүру ережелерін сақтауды.































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
1245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі