Білім саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Шығармашылық»
Білім бөлімі: Қоршаған орта, құрастыру, жапсыру.
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты:
Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.
Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.
Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз-поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт.
Жылулық
шеңбер
- Сәлем, саған
алтын күн!
- Сәлем, саған
көк аспан!
- Сәлем, саған
жер ана!
- Сәлем, саған
достарым!
Көліктер үшке бөлінеді:
-Әуеде ұшатын әуе көліктері: ұшақ тікұшақ, зымыран жатады.
-Су көліктеріне кеме,қайық,желкенді қайық жатады.
-Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б. жатады.
Адамдарға көп қызмет ететін көліктер де бар олар:Жедел жәрдем көлігі,өрт сөндіруші көліктер. Балалар осы көліктерді кімдер жүргізеді? Жүргізушілер түнімен,күнімен қызмет атқарады бұзылған көліктерді жөндеп жүргізеді екен сондықтан ол кісілердің еңбегін бағалауымыз керек.
-Балақайлар сендер жұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?
-Ендеше мен сендерге дайындап келген жұмбағым бар:
Бір көзім “кідір” дейді
Бір көзім “жүгір” дейді
Бір көзім “абайла” дейді
“Қарап ал маңайға” дейді (Бағдаршам)
-Дұрыс айтасыңдар балалар бұл бағдаршам.
Бағдаршамның неше түсі бар екен?Жарайсыңдар!
-Қызыл түсі жанғанда не істеу керек?
-Ал сары түсі жанғанда не істейміз ,балалар?
-Жасыл түсі нені білдереді?
-Қызыл,сары,жасыл түстерді орысша,ағылшынша айтайықшы ,балалар!
-Ендеше , осы бағдаршамның берген тапсырмаларын орындайық.
1-тапсырма . Суретке мұқият қара.Оң жаққа кетіп бара жатқан көліктерді қызыл түске, сол жаққа кетіп бара жатқан көлікті көк түске боя.
2-тапсырма. Көлікті көлеңкесінен тауып, сызық арқылы қос.
Сергіту сәті:
Бип-бип-бип дейді
Жол шетіне шық дейді
Күшікті басуға болмайды машина
Бип-бип-бип дейді
Жол шетінен күт дейді
Көшеде асығып жүруге болмайды машина
Бип-бип-бип дейді.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
3-тапсырма Топтық жұмыс.
1 ші топ құрастырады.
2ші топ жабыстырады.
3ші топ түсіне қарай гаржға көліктерді орналастырып қосады.
Дидактикалық ойыны «Бұл қандай көліктер»
Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.
Қорытынды:
- Көліктің қандай түрлері
болады?
- Адамға көлік не үшін
қажет?
- Жолда жүру тәртібі не үшін
қажет?
- Не құрастырдыңдар,
балалар?
Жарайсыңдар,
балалар!
Осымен бүгінгі іс - әрекетіміз аяқталды.
Балаларды мақтау - мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Көлік түрлерін ажырата білулері керек.
Болу керек: Көлікке деген қызығушылығы болу керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көліктер
Көліктер
Білім саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Шығармашылық»
Білім бөлімі: Қоршаған орта, құрастыру, жапсыру.
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты:
Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.
Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.
Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз-поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт.
Жылулық
шеңбер
- Сәлем, саған
алтын күн!
- Сәлем, саған
көк аспан!
- Сәлем, саған
жер ана!
- Сәлем, саған
достарым!
Көліктер үшке бөлінеді:
-Әуеде ұшатын әуе көліктері: ұшақ тікұшақ, зымыран жатады.
-Су көліктеріне кеме,қайық,желкенді қайық жатады.
-Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б. жатады.
Адамдарға көп қызмет ететін көліктер де бар олар:Жедел жәрдем көлігі,өрт сөндіруші көліктер. Балалар осы көліктерді кімдер жүргізеді? Жүргізушілер түнімен,күнімен қызмет атқарады бұзылған көліктерді жөндеп жүргізеді екен сондықтан ол кісілердің еңбегін бағалауымыз керек.
-Балақайлар сендер жұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?
-Ендеше мен сендерге дайындап келген жұмбағым бар:
Бір көзім “кідір” дейді
Бір көзім “жүгір” дейді
Бір көзім “абайла” дейді
“Қарап ал маңайға” дейді (Бағдаршам)
-Дұрыс айтасыңдар балалар бұл бағдаршам.
Бағдаршамның неше түсі бар екен?Жарайсыңдар!
-Қызыл түсі жанғанда не істеу керек?
-Ал сары түсі жанғанда не істейміз ,балалар?
-Жасыл түсі нені білдереді?
-Қызыл,сары,жасыл түстерді орысша,ағылшынша айтайықшы ,балалар!
-Ендеше , осы бағдаршамның берген тапсырмаларын орындайық.
1-тапсырма . Суретке мұқият қара.Оң жаққа кетіп бара жатқан көліктерді қызыл түске, сол жаққа кетіп бара жатқан көлікті көк түске боя.
2-тапсырма. Көлікті көлеңкесінен тауып, сызық арқылы қос.
Сергіту сәті:
Бип-бип-бип дейді
Жол шетіне шық дейді
Күшікті басуға болмайды машина
Бип-бип-бип дейді
Жол шетінен күт дейді
Көшеде асығып жүруге болмайды машина
Бип-бип-бип дейді.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
3-тапсырма Топтық жұмыс.
1 ші топ құрастырады.
2ші топ жабыстырады.
3ші топ түсіне қарай гаржға көліктерді орналастырып қосады.
Дидактикалық ойыны «Бұл қандай көліктер»
Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.
Қорытынды:
- Көліктің қандай түрлері
болады?
- Адамға көлік не үшін
қажет?
- Жолда жүру тәртібі не үшін
қажет?
- Не құрастырдыңдар,
балалар?
Жарайсыңдар,
балалар!
Осымен бүгінгі іс - әрекетіміз аяқталды.
Балаларды мақтау - мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Көлік түрлерін ажырата білулері керек.
Болу керек: Көлікке деген қызығушылығы болу керек.
шағым қалдыра аласыз













