400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Көліктер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты:

Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын құрал: Көлік түрлері, бағдаршам, слайд.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.

Жылулық шеңбер
- Сәлем, саған алтын күн!
- Сәлем, саған көк аспан!
- Сәлем, саған жер ана!
- Сәлем, саған достарым!

Жүргізілу барысы:

Көліктер жайлы түсіндіру.

Суретпен жұмыс.

Көліктер үшке бөлінеді:

-Әуеде ұшатын әуе көліктері: ұшақ тікұшақ, зымыран жатады.

-Су көліктеріне кеме,қайық,желкенді қайық жатады.

-Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б. жатады.

Адамдарға қызмет ететін көліктер де бар олар:Жедел жәрдем көлігі,өрт сөндіруші көліктер.

-Балақайлар сендер жұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?

-Ендеше мен сендерге дайындап келген жұмбағым бар:

Бір көзім “кідір” дейді

Бір көзім “жүгір” дейді

Бір көзім “абайла” дейді

“Қарап ал маңайға” дейді (Бағдаршам)

-Дұрыс айтасыңдар балалар бұл бағдаршам.

Бағдаршамның неше түсі бар екен?Жарайсыңдар!

-Қызыл түсі жанғанда не істеу керек?

-Ал сары түсі жанғанда не істейміз ,балалар?

-Жасыл түсі нені білдереді?

-Ендеше , осы бағдаршамның берген тапсырмаларын орындайық.

1-тапсырма . «Көлеңкесін тап» Көліктердің көлеңкесін тауып жапсыру.

2-тапсырма. Көлікті көлеңкесінен тауып, сызық арқылы қос.

Сергіту сәті:

Бип-бип-бип дейді

Жол шетіне шық дейді

Күшікті басуға болмайды машина

Бип-бип-бип дейді

Жол шетінен күт дейді

Көшеде асығып жүруге болмайды машина

Бип-бип-бип дейді.

Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

3-тапсырма Топтық жұмыс.

1 ші топ поезд құрастырады.

2ші топ машина жабыстырады.

3ші топ түсіне қарай гаражға көліктерді орналастырып қосады.



Дидактикалық ойыны «Бұл қандай көліктер»

Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.

Қорытынды:
- Көліктің қандай түрлері болады?
- Адамға көлік не үшін қажет?
- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
- Не құрастырдыңдар, балалар?
Жарайсыңдар, балалар!
Осымен бүгінгі іс - әрекетіміз аяқталды. Балаларды мақтау - мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі