ЖСШ “Дин-Асыл” бөбекжай
балабақшасы
“Балдәурен”тобы
Ортаңғы
топ
Тәрбиеші: Нарманова Айгүл
Туймебаевна
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты:
Білімділік: Су, ауа жер
көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін
кеңейту.
Әдіс –
тәсіл: түсіндіру,
әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету,
сұрақ-жауап.
Қолданылатын
құрал: Көлік түрлері,
бағдаршам, слайд.
Сөздік
жұмыс: машина, ұшақ, пойыз,
қайық.
Жылулық
шеңбер
- Сәлем, саған алтын
күн!
- Сәлем, саған көк
аспан!
- Сәлем, саған жер
ана!
- Сәлем, саған
достарым!
Жүргізілу
барысы:
Көліктер жайлы
түсіндіру.
Суретпен
жұмыс.
Көліктер үшке
бөлінеді:
-Әуеде ұшатын әуе көліктері:
ұшақ тікұшақ, зымыран
жатады.
-Су көліктеріне
кеме,қайық,желкенді қайық
жатады.
-Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус,
велосипед, поезд т.б. жатады.
Адамдарға қызмет ететін көліктер де бар
олар:Жедел жәрдем көлігі,өрт сөндіруші
көліктер.

-Балақайлар сендер
жұмбақ шешуді ұнатасыңдар
ма?
-Ендеше мен сендерге дайындап
келген жұмбағым бар:
Бір
көзім “кідір” дейді
Бір көзім “жүгір”
дейді
Бір көзім “абайла”
дейді
“Қарап ал
маңайға” дейді (Бағдаршам)
-Дұрыс айтасыңдар балалар бұл
бағдаршам.
Бағдаршамның неше түсі бар
екен?Жарайсыңдар!
-Қызыл түсі жанғанда не істеу
керек?
-Ал сары түсі жанғанда не істейміз
,балалар?
-Жасыл түсі нені
білдереді?
-Ендеше , осы бағдаршамның берген тапсырмаларын
орындайық.
1-тапсырма . «Көлеңкесін тап» Көліктердің көлеңкесін тауып
жапсыру.
2-тапсырма. Көлікті көлеңкесінен тауып, сызық арқылы
қос.
Сергіту
сәті:
Бип-бип-бип
дейді
Жол шетіне шық
дейді
Күшікті басуға болмайды
машина
Бип-бип-бип
дейді
Жол шетінен күт
дейді
Көшеде асығып жүруге болмайды
машина
Бип-бип-бип
дейді.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар
жасайды.
3-тапсырма Топтық жұмыс.
1 ші
топ поезд
құрастырады.
2ші
топ машина
жабыстырады.
3ші
топ түсіне қарай гаражға
көліктерді орналастырып
қосады.

Дидактикалық ойыны «Бұл
қандай көліктер»
Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және
жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп
көрсетеді.
Қ
орытынды:
- Көліктің қандай түрлері
болады?
- Адамға көлік не үшін
қажет?
- Жолда жүру тәртібі не үшін
қажет
- Не құрастырдыңдар,
балалар?
Жарайсыңдар,
балалар!
Осымен бүгінгі іс - әрекетіміз аяқталды.
Балаларды мақтау - мадақтау.
Күні: 23.04.2026
ж