Материалдар / Көліктер әлеміне саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көліктер әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. 15 бөбекжай-балабақшаның ортаңғы Қарлығаш тобы. Мақсаты: 1.Оқыту: Көлік түрлерін айыра білуге үйрету. Көліктер ерекшелігіне қызығушылық тудыру. 2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын , тіл байлықтарын дамыту.Достықты қалай бағалауға болатыны туралы түсініктерін жетілдіру 3.Тәрбиешілік: Өздерінің теріс қылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
349
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті



Күні: 09.12.2021

Тәрбиеші: Жаксыбаева А.Ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Достармен бірге»

Мақсаты:

1.Оқыту: Көлік түрлерін айыра білуге үйрету. Көліктер ерекшелігіне қызығушылық тудыру.

2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын , тіл байлықтарын дамыту.Достықты қалай бағалауға болатыны туралы түсініктерін жетілдіру

3.Тәрбиешілік: Өздерінің теріс қылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу

Ресурстармен қамтамасыз ету: көліктердің суреттері

Билингвалдық компонент: көліктер – транспорт, ұшақ – самолет, кеме – корабль, жеңіл мәшинә – легковая машина.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, денсаулық технологисы, АҚТ технологиясы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар сендер саяхаттауды ұнатасындар ма? Сендер саяхатқа барғыңыз келе ме? Суреттерге қарап қай елге баратынымызды айтайық

- Көлік еліне.

- Дұрыс! Біз достарымызбен көлік елі арқылы қызықты саяхатқа барамыз.

Барлық балалар шеңберге жиналды. Мен сенің досың сен менің досым.

Айдар,менің досым Сафия менің досым.... Эмир менің досым.

(балалар жақын маңдағы жолдасты досым деп атайды және қол береді)

Қолдарынан ұстаймыз. Біз бір-бірімізге күлімдейміз

2.Негізгі бөлім

- Біз саяхатқа немен шығамыз?

(Балалардың жауаптары)

Автобуспен жүрейік (балаға руль беремін).

Кім боласың? (жүргізуші). Біз бәріміз кім боламыз?(жолаушылар).

(Ән ойнайды)

1 "Көлік" аялдамасы

Балалар, бірінші аялдама "Көлік" деп аталады (балалар орындықтарға отырады).

- Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, ал сендер оның қандай көлік екенін атайсыз.

Қанаты бар, жаны жоқ ,
Табаны бар, аяғы жоқ .
Өзі ұшады, аспанда жүреді ,
Теңізден де, таудан да өтеді.

Бір алып мыңды тартады,
Үстіне жүгін аямай артады

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды.

Дұрыс балалар!!!

Енді айтыңдаршы маған осы суреттерде не бейнеленген?

Балалармен шағын әңгіме

Балалар сендер балабақшага немен келдіңдер?

Карточкамен жұмыс

Мақсаты:Балалар көліктерді атауға үйреніп олар қандай көлік екенін ажыратады(су, жер, аспан)

Балалар көлктердің атын атап шығады

Зат есім: трактор, ұшақ, тік ұшақ, кеме,қайық

Сын есім:қызыл, көк,үлкен, жасыл

Етістік:ұшады,жүзеді

Сөйлем:ұшақ аспанда ұшады, кеме көлде жүзеді, машина жолда жүреді

Балалар келесі 2 "Тыңдау " аялдамасы.

- Балалар, біз серуенде екенімізді елестетіп көрейік. Көлік дыбысын оны көрмей-ақ анықтай аламыз ба? Ал біз қазір тексереміз.

Көздерімізді жабамыз, жатамыз

"Көлік түрін аңықта"дидактикалық ойыны

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып,есте сақтау қабілетін арттыру,байқампаздыққа баулу.

Тәрбиеші балаларға кезек - кезек әр түрлі көлік түрлерімен шығарылатын Шу мен сигналдарды қосады пойыздың мүйізі, пароходтың мүйізі, ұшақтың дыбысы, вагон дөңгелектерінің дыбысы. Жазбаның үзіндісін тыңдағаннан кейін балалар тән шуылдың қай көлік түріне сәйкес келетінін анықтауы керек. (дыбыстық сигналдар: ұшақ, тікұшақ, машина, пойыз, мотоцикл, пароход, зымыран).

Жарайсындар балалар!!!

Барін таптыңдар!

Келесі аялдамамыз 3 «Ойын аялдамасы»

Ұшты ұшты

Ұшақ ұшты

Ұшты ұшты

Кеме ұшты

Ұшты ұшты

Автобус ұшты

Ұшты ұшты

Шар ұшты

Келесі аялдамамыз 4 «Ойлан тап»

Дидактикалық ойын «Сәйкестендір»

Балаларға суреттерді ұсыну және әр мамандыққа қандай машина керек екенін айту

Тік ұшақ –ұшқыш,

Автобус-жүргізуші

Жедел жәрдем- дәрігер

3.Қортынды

Балалар, бүгін  біз не туралы  өттік?  (көліктер)

Көліктердің  қандай  түрлері  болады  екен? (ауа, жер,су көліктері.  Ауа көліктеріне-ұшақ, тік ұшақ, су көліктеріне-қайық жатады екен.  Ал, жер көліктерінің өзі  екіге бөлінеді екен,  ауыр және жеңіл көліктер)

Көліктердің  қандай  пайдасы  бар? (бір орыннан екінші орынға жету үшін,  ауыр  жүктерді тасу үшін т.б)

4. Мадақтау:сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!